(1)
мұндағы, ЕС – есептік сома шектеріндегі шегерімдер;
ОК – лизинг берушінің меншікті капиталының орташа жылдық сомасы;
С – сыйақы сомасы;
К – шекті коэффициент;
ОМ – орташа жылдық міндеттемелер сомасы.
Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг берушіге төлейтін сыйақы сомасын
лизинг алушының шегерімдерге жатқызу тәртібі, лизинг компанияларының
несиелері бойынша сыйақы шегерімдеріне жатқызудың жоғарыда айтылған
тәртібіне ұқсас.
Салық есебінде лизинг затын лизинг алушы есепке алады, яғни лизинг
алушының белгіленген активтерінің ішкі топтарының құндық теңгеріміне
кіргізуге жатады. Сәйкесінше лизинг затының құны ҚР Салық кодексімен
белгіленген нормалар бойынша өтемпұлдық аударымдар түрінде лизинг
алушының шегерімдеріне жатқызылады. Бұл ретте лизинг алушы Қазақстан
аумағында алғаш рет енгізілген негізгі құралдарды пайдалану бойынша бірінші
жылы екі (қосарлы) норма бойынша өтемпұл есептеуге құқылы [8].
Өйткені лизинг инвестициялық қызметтің түрі болып саналады, лизинг
алушылар – заңды тұлғалар – ҚР Салық кодексінің 138-140-баптарына сәйкес
корпоративтік табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша
инвестициялық салық преференцияларын алу мүмкіндігіне ие [8].
Инвестициялық салық преференциялары, салық салудың арнайы режимі
қолданылатын заңды тұлғалар қызметіне қатысты, сондай-ақ егер бұл қызмет
2003 жылдың 8-мамырындағы №436 Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекіткен, қызметтің басым түрлерінің Тізбесіне кірмесе, соған қатысты
берілмейді [9]. Преференциялар инвестор мен Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар жөніндегі
комитеті арасында жасалған келісімшартта белгіленген мерзімге беріледі,
бірақ:
-
инвестициялық жоба шеңберлерінде пайдалануға берілген белгіленген
активтер бойынша мүлік салығынан босату;
17
-
жер салығынан босату – инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін
сатып алынған немесе пайдаланылатын жер телімдері бойынша;
-
инвестициялық
жоба
шеңберлерінде
пайдалануға
енгізілген
белгіленген активтер құнын, преференциялардың қолданыс мерзімі ішінде тең
үлестермен шегерімдерге жатқызу түрінде 5 жылдан артық емес.
Қазақстан аумағында қаржы лизингіне мүлікті беруден алған резидент
емес лизинг берушінің кірістері сыйақыларды қоспағанда төлем көзінен салық
салуға жатпайды. Осындай шарттар бойынша төленетін сыйақы сомасы 10%
мөлшерлеме бойынша көзден салық салуға жатпайды [9, 45-б.].
Салық агенттері (аталмыш жағдайда бұл, түпкі лизинг алушылар немесе
жабдықтарды сублизингке беретін лизинг компаниялары болуы мүмкін)
резидент емес лизинг берушіге кірістерді (сыйақыларды) төлу кезінде, екі
(қосарлық) салық салуды болдырмау туралы қолданыстағы Халықаралық
шарттың нормаларын қолдануға құқылы.
ҚР Салық кодексіне сәйкес ҚҚС-тан босатылғандарды қоспағанда, сондай-
ақ Қазақстан өткізу орны болып саналмайтын, ҚҚС төлеушілері жасайтын
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу айналымы, ҚҚС
бойынша салық салынатын айналым болып саналады. Мұнан өзге, Қазақстан
аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар импорты (ҚҚС-тан
босатылғандарды қоспағанда), салық салынатын айналым болып саналады.
ҚҚС мөлшерлемесі – 12 % [8].
Бюджетке төлеуге жататын қосымша құнға салынатын салық, салық
салынатын жеткізілімдер бойынша есептелген салық сомасы мен есепке алуға
жатқызылатын сома арасындағы айырма ретінде анықталады. Тауарлардың
(жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) оның ішінде салық салынатын
жеткізілімдер үшін пайдаланылатын импортталған тауарлардың есепті кезеңі
ішіндегі нақты өзіндік құнның бағасына салынған салық, есепке алуға
жатқызылатын, қосымша құнға салынатын салық сомасы болып саналады.
Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері,
оған сыйақы мен ҚҚС сомасын кіргізусіз, қаржы лизингі шартына сәйкес
белгіленген, лизинг төлемінің мөлшері негізінде анықталады. Мүлікті
қайтарылатын лизинг шарты бойынша беру кезінде, салық салынатын айналым
мөлшері, сыйақы сомасын қоспағанда, бүкіл лизингтік төлемдердің жалпы
сомасы ретінде анықталады.
Импорттың салық салынатын айналымының мөлшері импортталатын
тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ импортқа салынатын ҚҚС-ты
қоспағанда, Қазақстанға тауарлар импорты кезінде бюджетке төлеуге жататын
салықтар мен өзге де міндетті төлемдер сомалары негізінде анықталады.
ҚР Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген негізгі құралдар импорты, кейін
қаржы лизингіне беру үшін ҚҚС-тан босатылған [9, 76-б.].
Лизинг берушілер әдетте ҚҚС төлеушілері болып саналады және
сәйкесінше, лизингке беруге жататын тауарлар жеткізушілеріне төленген,
жеткізушілерге салынған ҚҚС сомалары толық көлемде есепке жатқызылады
(бөлек әдіс). Лизингке беруге арналмаған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар
мен қызмет көрсетулер бойынша ҚҚС, негізінен айналымның жалпы
18
сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағы негізінде,
пропорционалдық әдісі бойынша есепке алуға жатқызылады. Салық
салынбайтын айналымға келетін ҚҚС үлесі, салық салынатын кірісті анықтау
кезінде шегерімдерге жатқызылады.
Егер ол ҚР Салық кодексінің 207-бабына сәйкес ҚҚС төлеушілері болып
саналса, лизинг шартымен белгіленген, лизингтік төлемдер төлеу мерзімдерінің
лизингтік мәмілелер бойынша ҚҚС-ты есепке алуға жатқызады. Қайтарылатын
лизинг шарты бойынша мүлікті алу кезінде лизинг алушы ҚҚС сомасын толық
мөлшерде есепке алуға жатқызуға құқылы. Егер лизинг алушы ҚҚС төлеушісі
болып саналмаса, сол жағдайда, ҚҚС сомасы лизинг затының қымбаттауына
жатқызылады және өтемпұлдар аударымдары құрамында шегерімдерге
жатқызуға жатады [8].
Жер салығын төлеу кезінде, жер телімі салық салу объектісі болып
саналады. Өзінің:
- меншік;
- тұрақты жер пайдалану;
- бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығында жер телімдері бар
жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып саналады.
Жер телімі ауданы (алаңы), жер салығын анықтау үшін салық базасы
болып саналады. Салық мөлшерлемесі, жердің санатына, топырақтың сапасына,
жекелеген санаттарға белгіленген коэффициенттерге қатысты жер телімі
ауданының бірлігіне есептеумен белгіленеді.
Жер телімі лизингі кезінде, лизинг беруші жер салығын төлеуші болып
саналады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) Қазақстанда есепте тұратын,
тіркеуіштерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып
саналады. Келесілер:
- жүк көтергіштігі 40 тонна және одан жоғары карьерлік автосамосвалдар;
- мамандандырылған
медициналық көлік құралдары салық салу
объектілері болып саналмайды [8].
Көлік құралдарын лизингке беру кезінде лизинг беруші, сәйкесінше салық
төлеуші болып саналады. Салық мөлшерлемелері көлік құралының түріне,
қозғалтқыштың көлеміне, жүк көтергіштігіне, қуатына қатысты, айлық есептік
көрсеткіштермен белгіленген.
Бухгалтерлік есеп деректері бойынша анықталатын материалдық емес
активтер мен негізгі құралдардың орташа жылдық құны, заңды тұлғалар мен
кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі болып саналады. Лизинг алушы қаржы
лизингі объектісі бойынша салық төлеуші болып саналады.
Қызметтің жекелеген түрлері мен олар үшін салық мөлшерлемесі 0,1%
құрайтын, кейбір ұйымдық-құқықтық формадағы (мысалы, әлеуметтік аяда
қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдар)
кәсіпорындарды қоспағанда, салық мөлшерлемесі 1%-ды құрайды. Арнайы
экономикалық аймақтарда қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін,
салық мөлшерлемесі 0%-ды құрайды [8].
19
Енді кеден төлемдерін қарастырып көреміз. Қазақстанның кеден
заңнамасы Кеден кодексінен, сондай-ақ өзге нормативтік-құқықтық актілерден
тұрады [10].
Қазақстанда келесі негізгі кеден төлемдері қолданылады:
- кеден баждары;
- кедендік алымдар (кедендік ресімдеу үшін алым, кедендік сүйемелдеу
үшін алым, тауарларды сақтағаны үшін алым);
- импортқа салынатын ҚҚС;
- акциздер [10].
Қазақстанның кеден шекарасы арқылы алып өтетін тауарлар бойынша
акциз және ҚҚС-ты есептеу мен төлеу тәртібі ҚР Салық кодексінде
белгіленген.
ҚР Салық кодексімен тізбесі бекітілген, Қазақстанға әкелінетін акциздік
тауарлар салық салу объектісі болып саналады, ал акциз мөлшерлемелерін ҚР
Үкіметі белгілейді. Лизинг заттары болуы мүмкін импортталатын акциздік
тауарлардың қатарына жеңіл автомобильдер жатқызылады.
Импорттық кеден баждарының мөлшерлемелерін Қазақстан Үкіметі
тауарлардың кедендік құнынан пайыздармен немесе тауардың заттай бірлігі
үшін еуромен белгілейді. Дамушы елдерден әкелінетін тауарларға қатысты,
белгіленгеннен 75% мөлшеріндегі мөлшерлемелер қолданылады. Нашар
дамыған елдерден әкелінетін тауарлар баждар салынудан босатылған. Дамушы
және нашар дамыған елдер мен тауарлар тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі
белгілейді.
Оның қай елден шыққаны анықталмаған мемлекеттерден импортталатын
тауарларға қатысты, екі есе ұлғайтылған кедендік баждар мөлшерлемелері
қолданылады.
ТМД елдерінен шығарылатын және Қазақстан аумағына әкелінетін және
Қазақстан мен ТМД елдері арасында жасалған екіжақты келісімдердің
ықпалына түсетін тауарларға кеден баждары салынбайды.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдегені үшін алым, жүк
кедендік декларацияларының әрбір негізгі парақшасы үшін 50 еуро мөлшерінде
және жүк кедендік декларацияларының әрбір қосымша парақшасы үшін 20 еуро
мөлшерінде белгіленген [10].
Лизингтік мәмілелерді кедендік реттеу:
- резидент лизинг алушы лизинг затын шетелдік лизинг берушіден тікелей
алған немесе Қазақстанның резидент лизинг компаниясы лизинг затын, одан әрі
сублизингке беру үшін шетелдік лизинг берушіден алған немесе Қазақстанның
резидент лизинг компаниясы лизинг затын шетелдік лизинг алушыға берген
кездегі халықаралық лизинг;
- Қазақстанның резидент-лизинг компаниясы, одан әрі лизингке беру үшін
лизинг затын шетелдік жеткіушіден сатып алады [10].
Халықаралық лизинг шарттары бойынша Қазақстанға әкелінетін
тауарларға қатысты, тауарларды еркін айналысқа шығару және уақытша әкелу
кедендік режимдері қолданылуы мүмкін.
20
Тауарларды еркін айналысқа шығару, бүкіл көзделген кеден төлемдері мен
салықтарын төлеген кезде ғана болуы мүмкін. Лизингке қатысты осындай
режим, халықаралық лизинг шартында меншік құқығының лизинг берушіден
лизинг алушыға (сублизинг берушіге) ауысуы көзделген жағдайда немесе
лизинг компаниясы одан әрі лизингке беру үшін лизинг затын шетелдік
жеткізушіден сатып алған жағдайларда қолданылады.
Уақытша әкелу режимі, меншік құқығының лизинг алушыға (сублизинг
берушіге) ауысуын көздемейтін, халықаралық лизинг шарты бойынша
әкелінетін лизинг заттарына қатысты қолданылады.
Уақытша әкелу мерзімі 3 жылдан артып кете алмайды. «Тауарлар мен
көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі қолданылатын лизинг
затының Тізбесіне» енгізілген тауарлар бойынша, уақытша әкелу мерзімі
лизинг шартының мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.
Осылайша, еркін айналысқа шығару режиміне уақытша әкелу режимі
өзгерген жағдайда (мысалы, меншік құқығының ауысуын көздейтін лизинг
шартының талабына өзгеріс енгізу кезінде) кеден төлемдері мен салықтар
толық көлемде немесе кеден төлемдері мен салықтарды төлеуден ішінара
босатылған кезде бұрын төленген сомаларды ескере отырып төленеді. Бұл ретте
ҚҚС-тан босатылған негізгі құралдар Тізбесіне кіретін лизинг заттары бойынша
импорт кезінде кейін қаржы лизингіне беру үшін ҚҚС төленбейді [10].
Достарыңызбен бөлісу: |