Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет19/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Лизинг КАЗ

2. Қаржыландыру шарты: 
 
2.1.Жоба құны: 
14 900 000 теңге (100 000 доллар) 
2.2.Алғы төлем төлемі ( %; сомасы): 
20% - 2 980 000 теңге (20 000 доллар) 
2.3.Қаржыландыру сомасы: 
11 920 000 теңге (80 000 доллар) 
2.4.Қаржы лизингі мерзімі: 
38 ай; 
2.5.Сыйақының жылдық мөлшерлемесі: 
15 % жылдық; 
2.6.Лизингтік төлемдерді өтеу сызбасы: 
Негізгі қарыз бірдей үлестермен 
2.7. ОД және сыйақы бойынша жеңілдік 
кезең: 
Жоқ
2.7.Жобаны қаржыландыру көзі:
«Нұр Лизинг» АҚ 
3.1.Жеткізу шарты: 
Қарағанды 
қаласындағы 
жеткізуші 
қоймасынан 
4. Қосымша мәліметтер: 
 
4.1.Қызметтің негізгі түрі: 
Экипажбен арнайы техникаларды жалға 
тапсыру бойынша қызмет көрсету 
4.2.Жоба бойынша қызметтің жоспарланатын 
түрі:
Экипажбен арнайы техниканы жалға 
тапсыру 
4.2.Компания менеджменті:
Жетекші 
– 
Ауғалиев 
Қайрат 
Хаметқалиұлы 
4.4.Лизинг алушы компанияның мекенжайы: 
Қарағанды қ., Степной-3 ы.а., 4-үй, 28-
пәтер 
4.5.Телефон/факс, e-mail: 
8 (721) 232 34 94
karstat@rambler.ru 
4.6.Жоба бойынша байланыстағы тұлға: 
Ауғалиев Қайрат Хаметқалиұлы 
4.7.Қызмет көрсетуші банк: 
«Нұрбанк» АҚ 
4.8.Негізгі қаражат: 
287 260 000 теңге (1 927 919 доллар) 
4.9.2.Бюджет алдындағы берешек: 
Жоқ 
4.9.3. «Нұрбанк» АҚ алдындағы берешек: 
Жоқ 
4.9.4.Банктік несиелер бойынша берешек:
Жоқ 
4.9.5.Жұмыскерлер саны: 
7 адам 
5.1 Жоба сараптамасы үшін төлем: 
38 800 теңге (30% төленді - 11 640 теңге) 
Е с к е р т у: «Агро-думан» ШҚ деректерін талдау негізінде автор құрастырды. 
Осы бағытта жұмыс жасау үшін шарттардың, негізгі құралдардың болуы, 
«Агро-думан» ШҚ қызметкерлерінің лизинг затын пайдалана білуінің негізгі 
көрсеткіші болып саналады (Е-қосымшасы).


72
Экипажбен арнайы техникаларды жалға тапсыру, «Агро-думан» ШҚ 
қызметінің негізгі түрі болып саналады. «Агро-думан» ШҚ жұмысының 
маусымдық сипатын байқауға болады: сәуірден қараша айына дейін бүкіл 
техника жалға тапсырылса, желтоқсаннан наурызға дейін фронтальды 
тиегіштер ғана жалға тапсырылады. Жұмыстардың осындай маусымдылығы 
өңірлердің климаттық жағдайларымен және техникаға деген сұраныспен 
байланысты.
Экипажбен арнайы техникаларды жалға беру құны: 

Т-130/170 шынжыртабады – сағатына 2 500-ден 3 500 теңгеге дейін; 

қарсы алдынан (фронтальды) тиегіш – сағатына 3 000-нан 4 500 теңгеге 
дейін;

экскаватор – сағатына 4 000-нан 6 000 теңгеге дейін; 

өзі аударатын Kamaz 5320 – сағатына 3 000-нан 3 500 теңгеге дейін. 
Арнайы техникаларды жалға тапсыру кезінде жанар-жағармайдың бүкіл 
шығыстары мен жүргізушілерді ұстау шығыстарын Тапсырыс беруші төлейді. 
Қазіргі мезетте «Агро-думан» ШҚ-ның арнайы техникасы (фронтальды 
тиегіштен өзге) техникаларды маусымға жалға тапсыруға дайындау үшін, 
жөндеу-техникалық күтім жасаудан өтуде. Фронтальдық тиегіш қазіргі кезде 
«Sat plus» ЖШС-мен жасалған шарт бойынша объектіде. Тиегіштің пайдалану 
мерзімінің ұзақ болуынан және оны үздіксіз пайдаланудан ол жиі істен шығып, 
жөндеу-техникалық күтім жасауға тұрып қалады.
Сондай-ақ «Агро-думан» ШҚ-ның меншігінде өндірістік ғимарат-жайы 
бар, оның бір бөлігін ШҚ жалға береді, ал қалған бөлігін меншікті көлік үшін 
жөндеу және автотұрақ бокстары ретінде өзіндік мақсаттарға пайдаланады.
Лизинг алушының осы бағыттағы жұмыс тәжірибесіне талдау жүргізу 
мақсаттарында, лизинг беруші «Агро-думан» ШҚ-ның қолданыстағы және 
пролонгацияланған шарттарын қарайды (Д, Ж-қосымшалары).
Ескерту: сатып алатын техниканы клиент «Sat plus» ЖШС-ның 
объектілеріндегі жұмыстарды орындау үшін пайдалануды жоспарлайды. 
Техника алғашқы уақытта жердегі жұмыстарды орындайды, ал содан кейінгі 
уақыттарда марганец рудаларын тиеуге пайдаланылады. Жұмыстың Техника
сағатының құны – 3500 теңгені, ал жұмыс күнінің ұзақтығы – 10 сағатты 
құрайтын болады.
Арнайы техникалар мен өндірістік ғимарат-жайларын жалға беру бойынша 
қызметтер көрсету, клиенттің салалық және нысаналы нарығы болып саналады. 
Сондай-ақ жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер, экипажбен 
арнайы техникаларды және өндірістік ғимарат жайларды жалға тапсыру, 
«Агро-думан» ШҚ-ның – лизинг алушының жобасынан қатысушылар 
қызметінің негізгі түрі болып саналады. Компанияның менеджменті З-
қосымшасында таныстырылған, қызмет көрсететін банктер (К-қосымшасы) мен 
есеп айырысу (валюталық) шоты бойынша ақпарат, несие тарихы, Қарыз 
алушының төлем тәртібі (Л-қосымшасы), жеткізуші және лизинг заты (М-
қосымшасы) туралы ақпарат ұсынылып отыр.
«Агро-думан» ШҚ-ның меншігінде өндірістік ғимарат-жайлары 
(бокстары, тұрақтары мен құрылыс цехтары) бар, олардың жалпы ауданы 


73
4392,11 шаршы метр, жер телімінің ауданы 1, 6845 га. «Агро-думан» ШҚ 1300 
шаршы метр алаңды, меншікті көлігі үшін жөндеу және автотұрақтық емес 
бокстар ретінде өзіндік мақсаттарға пайдаланады, ал 1500 шаршы метр алаң 
пайдаланылмайды, өйткені ғимараттар күрделі жөндеуді қажет етеді. «Агро-
думан» ШҚ қалған алаңын жалға тапсырады.
Лизинг алушыға қаржылық талдау жүргізу мақсатында «Агро-думан» ШҚ 
теңгерімін (балансын) қарастырамыз және 31.12.13 жылға теңгерім баптарын 
ажыратамыз (Н-қосымшасы), сондай-ақ жобаның өзін-өзі ақтаушылығы – 
лизинг затының қажеттілігін негіздеу болып саналады. 
Аталмыш жоба бойынша клиент «Sat plus» ЖШС объектілеріндегі қарсы 
алдыдан (фронтальды) тиегіштерді пайдалануды жоспарлайды, қазіргі уақытта 
онда бұрынғы шахталар орнындағы аумақтарды культивациялау жұмыстары 
жүргізілуде. Клиент сондай-ақ сатып алатын техниканы «Арман 100» ЖШС 
объектілеріне пайдалануды жоспарлайды, қазіргі уақытта онда карьер ашу, 
марганец рудаларын алу және оны теміржол вагондарына тиеу жұмыстары 
жүргізілуде.
«Агро-думан» ШҚ «Sat plus» ЖШС объектілерінде 2013 жылдың 
наурызынан бастап жұмыс жасайды және 2012 жылдың мамыр айынан бастап, 
«Арман 100» ЖШС объектілерінде жұмыс жасайды (2010 жылдың мамырынан 
2014 жылдың қаңтарына дейін ШҚ «Road Construction Technics» ЖШС-ның 
делдалы арқылы жұмыс жасады, бірақ 2014 жылдың наурызынан бастап 
«Арман 100» ЖШС-мен тікелей ынтымақтастық жасайтын болды). «Sat plus» 
ЖШС объектілерінде топырақ пен сазды тиеу жұмыстары орындалуда; «Арман 
100» ЖШС объектілерінде марганец рудаларын тиеу жұмыстары жүргізілуде. 
Жұмыстар орта есеппен жыл бойы күніне 10 сағаттан жүргізіледі, бұл ретте 
тиегіш сағатына 3500 теңгеден беріледі (О-қосымшасы), жанаржағармай 
(ГСМ) шығыстары мен жүргізушілерді ұстау шығыстарын арнайы 
техникаларға тапсырыс беруші төлейді.
Жұмыс көлемінің үлкендігінен алдынан тиейтін (фронталды) тиегіш 
жұмыс көлемін әрқашан орындай бермейді және жиі істен шығады, жұмыстың 
бүкіл көлемін орындау үшін ШҚ-ның жаңа техникалар сатып алу қажеттілігі 
туындайды. Сатып алынатын техника жұмысы екі объектіде бірмезгілде 
жүргізуге мүмкіндік береді (П-қосымшасы).
Осылайша, қосымшалардан көрініп тұрғандай сатып алынатын техника 
жалға тапсырылатын техникалардың санын көбейту есебінен және жүктемені 
арттыру есебінен (өйткені сатып алынатын техниканың пайдалану мерзімі бар 
және үлкен көлемде жұмыс істей алады), «Агро-думан» ШҚ-ның» табысын 
айтарлықтай ұлғайтады.
Осымен байланысты лизинг беруші ақшалай қаражаттардың қозғалысы 
туралы болжанатын есепті, пайдалар мен залалдар туралы есепті және қарызға 
қызмет көрсету коэффициенттерін, жобаның өзін-өзі ақтаушылық 
көрсеткіштерін қарауы қажет (Р-қосымшасы).
Осылайша, біздің пікірімізше, аталмыш жоба бойынша қорытындылар 
жасауға болады. Жоба бойынша теріс жақтары болып келесілер саналады:


74

«Агро-думан» ШҚ арнайы техникалар паркінің пайдалану мерзімі өте 
ескірген (кейбір техникалар 20 жылдан артық пайдаланылады). 
- «Нұрлизинг» АҚ компаниясының аталмыш жеткізушімен жұмыс 
тәжірибесі жоқ. 
Жоба бойынша оң жақтары болып келесілер саналады: 

«Агро-думан» ШҚ-ның бүкіл кірістері ресми болып саналады және 
салық есептілігінде көрсетіледі; 

лизинг затының рентабельділігі және тез өзін-өзі ақтаушылығы; 

сатып алынатын техниканың өтімділігі.
Ілгеріде айтылғандар негізінде, біздің пікірімізше, С-қосымшасында бізге 
ұсынылған төлем кестелерін ескере отырып, жобаның төлқұжатында 
көрсетілген қаржыландыру жағдайларында аталмыш жобаны қаржыландыру 
орынды болып саналады.
Осылайша, лизинг алушының лизинг операцияларының есебі тұрғысынан, 
лизинг мүлкін пайдалану құқығын беру кезінде меншік құқығы лизинг 
берушіде қалады. Лизинг алушы көлікті, құрылысты немесе жабдықтарды 
пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер төлейді. Лизинг мерзімі, ай сайынғы 
төлем мөлшері мен оны жүзеге асырудың мерзімділігі лизинг шартымен 
анықталады және келісім шарттағы тараптардың бекіткен талаптарына қатысты 
болады [1]. 
Лизингке жасалған шарт мерзімі аяқталғаннан кейін арнайы техникаларды 
немесе өзге жабдықтарды, көлікті немесе құрылысты лизинг алушы, жалға 
берушіге қайтаруға немесе сатып алу-сату шарты бойынша оны сатып алуға 
міндетті [28, с.58]. 
Біздің пікірімізше, лизингтік операцияларды жүргізу кезінде, есепті 
реттемелейтін келесі негізгі рәсімдерді негізге алу қажет:
– заңдық тұрғыдан шарттар жасаудың дұрыстығы және олардың 
ережелерінің есептің ерекшеліктеріне әсер етуін анықтау;
– лизинг бойынша төлемдер есебі;
– лизингке алынған жабдықтың немесе көліктің ресімделу дұрыстығы 
мен құнын бағалау; 
– лизингтік мүлік бойынша өтемпұлдық аударымдарды есептеудің 
дұрыстығы;
– салық салынатын пайданы есептеу кезіндегі жалгерлік төлемдер 
есебінің негізділігі.
Лизинг беруші мен лизинг алушы операцияларының есебі кезінде, 
бухгалтерлік және салық есебінің сипатты тұстарын ескеру қажет.
Бухгалтерлік есепте лизинг операцияларын ресімдеу үдерісінде, келесілер 
оның мәні болып саналады: 
– лизингтің типтік шарты мен қолданыстағы заңнама бойынша 
жасалатын мәмілелердің сәйкестігі; 
– құнды бағалау және лизинг объектісін есепке алуды (қабылдауды) 
құжаттамалық ресімдеу. Жалгерлік шартын жасаған кезден жалгер, 
болашақтағы жалгерлік төлемдер бойынша активтер мен міндеттемелерді 
бухгалтерлік теңгерімде бірдей сомада көрсетуі тиіс. Жалгерлік төлемдер 


75
бойынша міндеттемелер екі бағаның неғұрлым төмені бойынша: ағымдағы 
құны бойынша немесе дисконтталған құны бойынша есептелуі тиіс.
– шетелдік валютада есептелген импорттық операциялар есебі, 
бухгалтерлік және салық есебіндегі өтемпұлдарды есептеу, ұйымның мүлкіне 
салық есептеу; 
– лизингтік төлемдер есебінің қолданылатын жүйесі, лизинг затын 
жеткізушілермен және лизинг алушылармен есеп айырысулар бойынша 
дебиторлық және кредиторлық берешектердің болуы және оны бағалау; 
– кірістер мен шығыстарды тану тәртібі, пайданы қалыптастыру және 
пайдалану, оның ішінде лизингтік төлемдерді, пайдаға салық салу мақсатында 
қабылданатын шығыстар құрамына енгізудің негізділігі; 
– меншікті капиталды қалыптастыру және ұлғайту, банк несиелері және 
ол бойынша сыйақылар, шетелдік бас компаниялардан алатын займдар [29, 
69-б.]. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 565-бабына сәйкес 
лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті белгілі 
бір оның сатушысынан меншікке сатып алуға және осы мүлікті төлем жасау 
арқылы кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша иелік етуге және пайдалануға 
лизинг алушыға беруге міндеттенеді [7]. 
Өйткені лизинг шарты содан кейін мүлікке меншік құқығы лизинг 
алушыға (жалгерге) ауысатынын қарастырады, сонымен қатар онда, сатып алу-
сату шартына тән, сатушы мен сатып алушының кейбір құқықтары мен 
міндеттері ескертілген. Лизинг шарттарында сатып алу-сату қатынасы, сол 
мерзімдерде лизинг заты лизинг алушыға берілетін, ұзақтығы бойынша лизинг 
заттарының өтемпұлдары мерзімімен салыстырғанда өлшемдес емес аз болған 
жағдайларда басымдық танытады [29, 16-б]. 
Қаржылық ретіндегі жалгерлік жіктеуі, шарттың формасына емес, 
операциялардың мазмұнына қатысты болады. 17 «Жалгерлік» Халықаралық 
қаржылық есептілік стандартына (IAS) сәйкес жалгерлік, егер қаржы лизингіне 
жасалған келісім шарт келесі талаптарға сәйкес келетін болса, қаржылық 
жалгерлік болып саналады, атап айтсақ ол талаптар: 
– жалгерлік шарты арқылы меншік құқығы жалгерлік мерзімі 
аяқталғаннан кейін жалгердің активтеріне беріледі; 
– жалгерлік активтерді нарықтық құнынан төмен баға бойынша сатып 
алу мүмкіндігін береді; 
– жалгерлік мерзімі, тіпті егер меншік құқығы берілмесе де, активтің 
пайдалы жұмыс істеу мерзімінің елеулі бөлігін (мысалы, 75% немесе одан да 
көп) құрайды; 
– жалгерліктің басында ең төменгі жалгерлік төлемдердің келтірілген 
құны жалгерліктің басталған күніне жалға алған активтің нарықтық құнын 
толық (90%-дан астамын) жабады; 
– жалға алған активтер, үлкен түрлендірулер жүргізбей-ақ, оларды 
жалгер ғана пайдалана алатын ерешелікке ие [1]. 
Егер жалгерлік ілгеріде айтылған талаптардың кез келгеніне жауап берсе, 
жалгер қаржылық жалгерлікті ескереді. 


76
Лизингтік мүлікті сатып алумен байланысты лизинг берушінің шығындары 
меншікті немесе заем қаражаттары есебінен жүргізіледі. Көпшілік жағдайларда, 
оны сатып алумен байланысты бүкіл шығындар сомасындағы шарт бойынша 
лизингке тапсыруға арналған мүлік, лизинг шарты бойынша мүлік құнын 
ұлғайтуға кіріске алынады [30, 72-б.]. 
Лизинг алушы ең төменгі жалгерлік төлемдерді қаржылық шығыстарға 
және төленбеген міндеттемелерді азайту сомасына бөлінуін жүргізу қажет. 
Қаржылық шығыстар, міндеттемелер қалдығына сыйақы мөлшерлемесі бір 
кезеңнен екінші кезеңге өзгеріссіз болатындай түрде, жалгерліктің әрбір 
кезеңінде жалгерге жатқызылуы (апарылуы) тиіс. Жалгерлік шарты жалгерлік 
төлемдерді, олардың пайда болу кезеңдеріндегі шығыстарға жатқызуы (апаруы) 
тиіс [31, 59-б.]. 
Осылайша, жалға берілген меншіктің қызмет мерзімі ішіндегі жалға 
берушіге төленетін жалгерлік төлемдер, негізгі сомалар мен сыйақыларды 
білдіреді: 

қаржылық төлемдер (сыйақылар бойынша шығыстар); 

міндеттемелерді азайту бойынша төлемдер (жалгерлік келісімнің өзі 
бойынша төлемдер) [32, 58-б.]. 
Жалға алған мүліктің өтемпұлының басталуы меншік құқығын оған беру 
мезетімен анықталады. Егер меншік құқығы жалгерлік мерзімі аяқталғаннан 
кейін лизинг алушыға ауысатын болса, онда активтің пайдалы жұмыс істеу 
мерзімі өтемпұлды есептеу кезеңі болып саналады. Егер меншіктің ауысу 
құқығы көзделмеген болса, активті жалгерліктің бүкіл мерзімі ішінде 
амортизациялау (өтемпұлын есептеу) орындырақ. 
Жалға алған меншікті есепте көрсету кезінде, сондай-ақ жалға алған 
меншік, жалгер кепілдендірген және кепілдендірмеген болуы мүмкін қалдық 
құнға ие болуы мүмкін және қорытындысында ол жалгер үшін экономикалық 
салдарға әкелуі мүмкін фактор ескерілуі тиіс [33, 79-б.]. 
Капиталдандыру үшін база болып саналатын ең төменгі жалгерлік 
төлемдер, міндетті түрде кепілдендірілген қалдық құнға енгізіледі. 
Кепілдендірілмеген қалдық құн ең төменгі жалгерлік төлемдерге енгізілмейді, 
өйткені жалгер, жалгерліктің соңындағы активтің қалдық құны бойынша 
міндеттемелерді өзіне алмайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін, біздің пікірімізше, 
кәсіпорындағы лизинг затының жұмыс істеуінің жалпы экономикалық 
стратегиясын әзірлеудің, келесідей іс-шараларды жүзеге асырудың: 

лизинг затын пайдалануға деген қарым-қатынасты өзгертудің; 

лизинг заттарын басқарудың жаңа әдістері мен техникасын меңгерудің; 

басқару құрылымын жетілдірудің; 

лизинг заттарымен жұмыс жасау бойынша қызметкерлерді оқыту және 
өзін-өзі жетілдірудің; 

лизинг затын басқаруды жоспарлаумен және болжаумен белсенді түрде 
айналысудың; 


77

ҚР стандарттары мен нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес, 
лизинг берушінің, сол сияқты лизинг алушының лизинг операцияларының 
есебін жүргізудің маңызы аса зор болып саналады [34, 27-б.]. 
Біздің жүргізген талдауымыз нәтижесінде, лизингтің қаржылық-
экономикалық және қоғамдық орындылығын талдау мен бағалау, тәуекелдерді 
бағалау, қаржылық, еңбек, материалдық ресурстардың қамтамасыз етілушілік 
өлшемдерін анықтау, лизингтік жобаны жүзеге асыру үшін инвестициялау 
көздерін іздеу және бөлу кезеңдері соған кіруі тиіс, экономикалық 
көрсеткіштердің тұтас жүйесін пайдалана отырып, лизингтің тиімділігін 
бағалау анықталады. Тиімділікке бағалау жүргізу тізбектілігінің осындай 
тәсілдемесі өзекті болып саналады, өйткені ол лизингтік инвестициялаудың 
жалпыұлттық, өңірлік және салалық деңгейдегі жарамдылығын таңдауға 
мүмкіндік береді. 
Сақтандыру, зейнетақы, несие ұйымдарын тартумен және шаруашылық 
жүргізуші субъектілердің өтемпұл қорларын пайдаланумен байланысты ұлттық 
экономикадағы лизингтік бизнесті дамытудың ұйымдық-экономикалық 
факторлары анықталды. Лизинг фирмаларының ұйымдық құрылымдарын 
жетілдіру және Қазақстанның лизинг компаниялары қауымдастықтарының 
жұмыс істеуі бойынша шаралар ұсынылды.
Республика экономикасына тікелей инвестициялар тарту бойынша ұлттық 
міндеттерге жауап беретін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында, осы 
жобаларға бюджет қаражаттарының үлестік қатысуы қағидаттары негізінде 
орталықтандырылған және жеке инвестициялық ресурстарды конкурстық 
орналастыру жүйелерін пайдалана отырып, басым инвестициялық лизингтік 
жобаларды мемлекеттік ынталандырудың жанама және тікелей әдістерін 
қолдану қажеттілігі атап көрсетілді. 
Осылайша, лизингтік жобаларды бағалаудың модельдері мен әдістерін 
жетілдіруді шешу – инвестициялық қаржыландыру формасы ретінде – 
аналогпен (несиемен) салыстырғанда ең жақсы нәтижелерге жетудің түпкі 
мақсаты болып саналдаы.
Көптеген факторлардың әсері инвестициялық қаржыландырудың 
экономикалық тиімділігін анықтаудың ерекшеліктерін айқындауды қажет етеді. 
Осы талаптарды орындау, инвестициялық жобаның ең жақсы нұсқасын 
таңдауды 
техникалық-экономикалық 
негіздеу 
кезінде, 
тиімділікті 
салыстырмалы бағалау теориясына, сол сияқты абсолютті тиімділік теориясына 
сүйенуді білдіреді. Осылайша, мүмкін нұсқаулардың ішінен ең жақсы нұсқа 
іріктеп алынады, содан кейін абсолютті тиімділіктің бағалау көрсеткіштерін 
есептеу жүргізіледі.
Сонымен 
бірге, 
инвестициялық 
қаржыландырудың 
тиімділігін 
салыстырмалы бағалау, мүмкін нұсқалардың ішінен ең жақсысын іріктеп алу 
үшін ғана емес, сонымен бірге лизинг берушінің және лизинг алушының 
шаруашылық қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне оның әсерін анықтау 
үшін қажет.
Инвестициялық 
қаржыландырудың 
тиімділігін 
бағалау 
кезінде, 
«Нұрлизинг» АҚ мамандарына, дисконттау жолымен, сол сияқты өсіру 


78
коэффициенттерімен жүргізілетін нәтижелерді және бүкіл ағымдағы 
шығындарды ажыратып айыра білуіне ақыл-кеңес беріледі. 
Инвестициялық қаржыландырудың тиімділігін бағалау кезінде, ең жақсы 
нұсқаны таңдау үдерісіне елеулі түрде баса назар аудару қажет. Бұл ретте, 
олардың салыстырылушылығын, уақыт факторы бойынша ғана емес, сонымен 
бірге қаржыландыру көлемі бойынша, сапалық, әлеуметтік, экономикалық 
факторлар бойынша қамтамасыз ету қажет болып саналады (Б-С-
қосымшалары).
Инвестициялық қаржыландырудың тиімділігін бағалау әдістері бір-бірін 
қайталайды және оларға берілген шектеулер кезінде лизинг алушы мен несие 
алушы позициясы тұрғысынан ғана тиімділікті бағалауға мүмкіндік береді.
Монографияда ұсынылған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістері, 
лизинг берушінің де, лизинг алушының да тиімділігін анықтауға мүмкіндік 
береді. Осы әдістерге, мәміледен алатын интегралдық (жалпы) нәтижені 
(эффектіні) көрсететін көрсеткіштер кіруі тиіс. Осындай тәсілдеме 
инвестициялық қаржыландыруға кешенді (қорытынды) баға беруге ғана емес, 
сонымен бірге инвестициялық қызметке қатысушының әрбірінің осы 
тиімділікке жетуге қосқан үлесін анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық жобаларды бағалау әдістерін жетілдірудің жодарын 
қарауды аяқтай отырып, лизинг алушыға талдау жүргізу мен сараптамалық 
қорытынды жасауға тоқталғымыз келеді. 
Қазіргі уақытта кәсіпорындардың көпшілігінің капитал жұмсауды 
қаржыландыратын меншікті көздері жоқ. Бұл жағдайларда инвестициялық 
жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау және қаржыландыру үшін 
оларды іріктеу бойынша ғылыми негізді есептеулер барған сайын көбірек 
маңызға ие болады. Сондықтан мамандар тұтастай алғанда, шаруашылық 
субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларына жиі бағалаулар жүргізіп 
отыру қажет. Сараптамалық қорытынды жасау нәтижесінде, «Агро-думан» 
ШҚ-ның қаржылық жағдайын талдау көрсеткендей, жекелеген жобаны бағалау 
өлшемдерін пайдалану, біздің пікірімізше, жеткіліксіз болып саналады. 
Негізінен, шешімдер кәсіпорынның өтімділігінің жоғарылау динамикасын және 
тұтастай алғанда, Қазақстан бойынша, сол сияқты жекелей алғанда «Агро-
думан» ШҚ бойынша лизинг затын кешенді талдау көмегімен қабылданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет