3.2 Лизингтік жобалардың тиімділігін бағалау
Лизингтің
тиімділігін
бағалау
үшін
дисконттау
тәжірибесі
жорамалданбайтын оңайлатылған әдістер және дисконттау тұжырымдамасын
қолдауға негізделген әдістер қолданылуы мүмкін. Осы әдістерді талдау
олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтады және лизингтік
инвестициялау саласындағы шешімді IRR (ішкі табыстылық нормасының)
салыстырмалы шамалары негізінде қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныс жасау
мүмкіндігін берді, өйткені бұл тәуекел факторларын анықтауға және «лизинг
қауіпсіздігі резервінің» шамасын анықтауға оң ықпал етеді [21, 69-б.].
61
Лизингтік қатынастарды қалыптастыру және дамыту қазақстандық
кәсіпорындардың техникалық әлеуетін реконструкциялау жағдайы мен
мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірақ қазіргі уақытта
республикадағы лизингті дамыту деңгейі оған қойылатын талаптарға әлі де
толықтай шекте сәйкес келмейді. Бұл лизингтің қолданылатын ұйымдық-
экономикалық тетіктері тиімділігінің әлсіздігімен, лизингті басқару мәселелері
бойынша заңнамалық және құқықтық актілердің жетілдірілмегендігімен,
ұсынылатын лизингтік қызмет көрсетулердің құрамы мен сипаты туралы
ақпараттық базаның жеткіліксіздігімен, лизингтік қатынастарға толыққанды
қатысу үшін көптеген әлеуетті лизинг алушылардың психологиялық дайын
еместігімен, аталмыш аядағы жұмыс тәжірибесінің аздығынан және
қызметкерлер біліктілігінің жеткіліксіздігінен өзінің мүмкіндіктерін әлі де
толық шекте пайдалана алмай отырған, көптеген лизингтік компаниялардың
инвестициялық әлеуетінің әлсіздігімен түсіндіріледі.
Осымен баланысты бүгінгі күнге көптеген лизингтік компаниялар –
лизингтік фирмалардың қызметіне тікелей қатысу арқылы және олардың
клиенттерін лизингтік қызметтің аяларын кеңейтуге тарту жолымен, банк және
сақтандыру секторының уақытша жұмсалмай жатқан қаржы ресурстарын тарту
арқылы – ірілендіру саясатын жүргізуде.
Мұнан өзге, лизингтік компаниялардың өзін қауымдастықтарға және
одақтарға біріктіру үрдісі байқалады, бірақ лизингтік қатынастардың осы жағы
әлі де пайда болу және қалыптасу сатыларында, сондай-ақ лизингті басқару
тетіктерінің әдістемелік тәсілдемелерін жетілдіру бойынша одан әрі зерттеулер
жүргізуді және лизингті Қазақстанда пайдалану тиімділігінің ұйымдық-
экономикалық факторларын зерделеуді қажет етеді.
Экономиканың басым салаларындағы лизингтік жобаларды тікелей
бюджеттік қаржыландыру, үкіметаралық деңгейде лизингтік жобалар жасау,
субсидиялау, коммерциялық банктерге мемлектетік кепілдіктер беру арқылы
кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру «Даму», «Самұрық
Қазына» сияқты Мемлекеттік қорлар арқылы жүзеге асырылады [22].
Бюджет қаражатының шектеулілігі, шағын және орта бизнес
кәсіпорындарын лизингтік үдеріске тартусыз, бөлінетін қаражаттарды ірі
кәсіпорындарға шоғырландыру, елдің әр түрлі өңірлерінде ұйымдастырушылық
мәселелерді шешу кезіндегі инерттілік, тікелей мемлекеттік лизингтік реттеудің
келеңсіз жақтары ретінде атап көрсетіледі.
Осындай жағдайларда, инвестицияланатын капиталдың ауқымдарын
кеңейтуге және сапасын арттыруға бағытталған, конкурстық жобалық
инвестициялау тетігі маңызды элементке айнала алады. Салынатын бюджет
қаражаттары мен жеке инвесторлар қаражаттарының жоғары қайтарымын
қамтамасыз ету үшін, оларды қаржыландыруға бюджет қаражатының үлестік
қатысуы қағидаттарында инвестициялық ресурстардың жоғары экономикалық
тиімділік өлшемдері бойынша орталықтандырылған, сол сияқты жеке
инвестициялық ресурстарды конкурстық орналастыру жүйесі одан әрі дамуы
тиіс.
62
Жақын және алыс шетелдердегі (Ресей, Украина, Германия, Түркия)
лизингті пайдаланудың тәжірибесіне сәйкес, лизингтік операциялардың
тиімділігін арттыру мақсаттарында, біз келесі негізгі бағыттарды ұсынып
отырмыз:
- жеке кәсіпкерлікті дамыту және олардың қызметін реттеу бойынша
жағдайлар жасау үшін мемлекеттік ынталандыруды белсенді ете түсу;
- зейнетақы жинақтау қорлары арқылы халықтың жинағын пайдалану,
кепілдендірілген қарыз алу тетігі арқылы сақтандыру ұйымдарының уақытша
жұмсалмай жатқан ресурстарын пайдалану;
- қысқа мерзімді және ұзақмерзімді несиелерден олардың салынған
капиталға өлшемдес пайда алуымен, қаржы мекемелерінің корпоративтік табыс
салығы бойынша мөлшерлемерін саралау арқылы экономиканың нақты
секторын несиелендіруге банктердің қызығушылық жағдайларын жасау
жолымен, банктердің және өзге де несие мекемелерінің қаражаттарын тарту.
Лизингтік жобалардың тиімділігін бағалау барысында, біздің пікірімізше,
экономикалық көрсеткіштер жүйесін пайдалану және белгілі бір кезеңдерге
негізделген тізбектілікті сақтау қажет, ол кезеңдер болып келесілер саналады:
- ақша ағындарының түсуі мен кетуінің динамикасы ғана емес, сонымен
бірге салалық, өңірлік, жалпымемлекеттік деңгей бойынша жобаның қоғамдық
маңыздылығы базалық өлшемдер болып саналған кездегі, инвестициялық
жобаның орынды екенін неғұрлым кеңірек талдау;
- инвестицияланған қаражаттың жеткілікті өсім қарқынын (қор қайтарымы,
материалсыйымдылық,
еңбекөнімділігі)
қамтамасыз
етуге
жобаның
қабілеттілігі, базалық өлшем болып саналған кездегі, экономикалық тиімділікті
бағалау;
- базалық өлшемдер тәуекел факторларының әсеріне экономикалық
тұрғыдан тиімді (рентабельді), орнықты деп саналған кездегі тәуекелдерді
бағалау;
- ресурстардың қамтамасыз етілгендік өлшемдерін анықтау, яғни тиісті
профиль және біліктілігі бар мамандардың қажетті ғылыми-техникалық
әлеуетінің болуы, бәсекелесуші технологиялардың өндірістік қуаттарының,
технологиялық баламаларының болуы;
- лизингтік жобаны жүзеге асыру үшін инвестициялау көздерін іздеу және
бөлу. Бұл ретте алғашқы екі кезеңді кейбір ғалымдар (Mihael Wher, Jofsef
F.Frank) бөлмейді, оларды экономикалық тиімділіктің бірыңғай (біртұтас)
көрсеткіші ретінде қарастырады. Бірақ осылай бөлу өзекті болып саналады,
өйткені ол жалпыұлттық, өңірлік, салалық деңгейдегі тиімділіктің жекелеген
өлшемдерін талдауға мүмкіндік беретін, инвестициялық жобаның тиімділігін
бағалаудың неғұрлым терең тәсілдемесі деп атауға болады [21, 29-б.].
Техникалық құралдарға сұраныстың жоғарылығы, лизинг фирмалары
жүзеге асыратын мәмілелер көлемдерінің ұлғаюына әкеледі. Бүкіл жаңа
техникалық құралдар лизингтік бизнес орбитасына тартылуда. Осыдан келіп:
фирмалардың күйреуі, олардың мамандануы, лизинг фирмасы акциялардың
бақылау пакетіне ие болатын, заңды дербес фирмалар құру қажеттілігі
63
туындайды. Яғни, сөз холдинг типіндегі компанияларға көшу туралы болып
отыр [6].
Холдинг типіндегі фирмалар негізінде лизингтік қауымдастықтар мен
компаниялар құрудың функционалдық қағидаты, лизингтік операцияларды
жүзеге асыру шығыстарын түбегейлі қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы,
жарнамалар мен баспа қызметі толықтай компанияның бақылау пакетін
ұстаушының иелігінде болуы мүмкін. Холдинг компаниясының клиенттерді
зерделейтін ортақ қызметі болуы болжанады. Лизингтік мәмілелерді
сақтандыру мәселелері сондай-ақ сақтандыру компаниясымен келісім шарт
жасау жағдайында холдинг деңгейінде шешілуі мүмкін [22, 79-б.].
14-кесте
Қазақстанның лизинг нарығын SWOT-талдау
Күшті жақтары
Мүмкіндіктері
1
2
1. Экономиканың басым бағыттарындағы
лизингтік бағдарламаларды мемлекеттік
қолдау.
2. Лизингтік заңнаманы біріздендіру және
үйлесімді ету.
3. Лизингтік жобаларды жүзеге асыру
кезінде
салық,
өтемпұлдық,
кеден,
инвестициялық
жеңілдіктер
мен
проференциялар бөлу.
4. Адал емес лизинг алушылардан лизинг
затын
алу
кезіндегі
сот-әкімшілік
рәсімдерін (тәртіптерін) оңайлату.
5. Лизингтік компаниялардың ХҚЕС-қа
көшуі.
6. Лизингтік
операциялар
кезіндегі
мемлекеттік жеке әріптестік.
1. Лизингтік стартегиялық бағдарламаларды
жүзеге асырудың тиімді құралдарының бірі
ретінде пайдалану.
2. Жаңа лизингтік бағдарламаларды, өнімдер
мен қызмет көрсетулерді енгізу.
3. Лизингті, оның ішінде исламдық
қаржыландыру есебінен қаржыландыру
көздерін әртараптандыру.
4. Лизингтік қызмет көрсетулерді дамыту
үшін қор нарығының тетіктерін кеңінен
пайдалану.
5. Шетел инвестицияларын белсенді тарту
үшін жағдай жасау.
Әлсіз жақтары
Қауіп-қатерлер
1. Нарықта
жұмыс
істейтін
жеке
(коммерциялық)
лизинг
компанияларының орнықсыздығы.
2. Лизингтік компанияларды қорландыру
базасының орнықсыздығы мен тарлығы.
3. Инвестициялық
үдерісте
ақшаның
жетіспеушілігі.
4. Лизинг
компанияларының
ашықтығының жеткіліксіздігі.
5. Сапалы статистикалық есептілік пен
ақпараттардың жоқ екендігі.
6. Лизинг
шарттарының
тауарлық,
салалық және өңірлік құрылымдарын
әртараптандырудың жеткіліксіздігі.
1. Күшті шетелдік лизинг компанияларының
қазақстандық нарыққа шығуы.
2. Лизингтік
заңнаманың
тұрақсыздығы
(нормативтік-құқықтық
актілердің
жиі
өзгеруі).
3. Ұлттық валютаның девальвациясы және
ревальвациясы.
4. Инфляцияның өсуі, лизинг компаниялары
тартатын қаржылық ресурстар құнының
қымбаттауы.
5. Активтердің және тұтастай алғанда лизинг
протфелі (қоржыны) сапасының нашарлауы,
лизингтік қызмет тәуекелдерінің артуы.
6. Жетекші рейтингтік агенттердің елдік
және несие рейтингтерінің төмендеуі.
Е с к е р т у: «Агро-думан» ШҚ талдау деректері негізінде авторлар құрастырды.
64
Лизингтік фирмалар қызметінің жаңа аялары ұйымдық құрылымдардың
күрделенуіне әкеледі. Бұл жерде жалпы қағидат көрінетін болады, яғни
ұйымдық құрылым, біздің көзқарасымызша, лизингтік бизнестегі прогресті
қамтамасыз ете отырып, нарық қажеттіліктерін ескеру жағдайларында қайта
құрылуы тиіс.
В.И. Осадчая пікірі бойынша, жалгерліктің (лизингтің) негізгі кемшіліктері
болып, сондай-ақ мыналар саналады: жалгерлік төлемнің мөлшері, өтемпұлдық
аударымдардың
мөлшеріне
қарағанда,
әдетте
анағұрлым
жоғары
болатындығымен байланысты өнімдердің өзіндік құнының қымбаттауы. Бұл,
субъектінің баға бәсекелестігіндегі позициясын әлсіретуі немесе оның
қызметінің рентабельдігін төмендетуі мүмкін; жеделдетілген өтемпұлды жүзеге
асыру (қаржы лизингі кезінде) жалға берушінің келісімімен ғана жүргізілуі
мүмкін, сондықтан бұл қажетті өтемпұлдық саясат жүргізу есебінен меншікті
ресурстарды қалыптастырудағы субъектінің мүмкіндігін шектейді; жалға
берушінің келісімінсіз пайдаланылатын мүлікті түбегейлі жаңғыртудың мүмкін
еместігі, бұл да сондай-ақ пайдаланудың рентабельділігін арттыру мақсатында
оны жаңалау және жақсарту жылдамдығын шектейді; ұзақмерзімді банк
несиесіне (қаржы немесе қайтарылатын лизингті пайдалану кезінде) қызмет
көрсетумен салыстырғанда лизингтік төлемдерге қызмет көрсетудің жекелеген
жағдайларда құнының неғұрлым жоғарылығы; егер жалгерлік мерзімі олардың
толық өтемпұлының мерзімімен сәйкес келсе, жедел лизинг кезіндегі
ұзақмерзімді материалдық активтердің қалдық құны формасында кірісті толық
алмау; объектілердің жалға алынған түрлері неғұрлым тиімді пайдаланылған
кездегі (бұл, осы форма кезіндегі жалгерлік қатынастардың мерзімдік
сипатымен байланысты), жоғары шаруашылық конъюнктуралары кезеңіндегі
жедел лизинг кезінде жалгерлікті созбау тәуекелі [22, 101-б.].
Қазақстандағы лизинг нарығының қалыптасуы мен дамуы үдерісінде,
лизингтік индустрияны дамытудағы күмәнсіз табыстармен қатар, бірқатар
шешілмеген мәселелер мен проблемалар анықталады. Оған, біздің
көзқарасымызша, мыналар жатады:
лизингтік инвестицияларды қаржыландырудың ішкі көздерін табу мен
пайдалану проблемасы немесе инвестициялық үдерісте ақшаны пайдалану
проблемалары;
лизингтік мәмілелердегі жеделдетілген өтемпұл тетігін қолдау арқылы
экономика салаларының моральдық және физикалық ескірген негізгі капиталын
кеңінен жаңалау проблемалары;
оларды жол полициясы органдарында тіркеу және есепке қою кезінде,
көлік құралдарын есепке алу және тіркеу рәсімдерін оңайлату, тәуекелдерді
азайту проблемалары;
Қазақстандағы лизингті дамытудың жалпы параметрлерін көрсететін,
қаржы лизингі туралы ресми статистикалық мәліметтерді қалыптастыру
проблемасы;
лизингке беру мақсаттарында әкелінетін жабдықтарды кедендік
рәсімдеумен байланысты проблемалар;
65
лизингтік операциялардың жаңа түрлерінің пайда болуына кедергі келтіретін,
сол арқылы және тұтастай алғанда қазақстандық лизинг нарығының кеңеюіне
кедергі келтіретін, ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 3-бабындағы лизинг
формалары мен түрлерінің ықшамдалған сипаттамасы [1].
Қазақстандық лизинг нарығын нығайту мен дамыту үдерісінде, сондай-ақ
жаңа үдерістер пайда болды. Олар мыналар:
1. Лизинг нарығында жаңа ойыншылардың пайда болуы: мемлекеттік
және отандық жеке лизингтік компаниялармен қатар лизинг нарығында:
шетелдік
лизинг
компаниялары;
машиналарды
және
жабдықтарды
өндірушілермен,
сондай-ақ
жеткізушілермен
байланысты
лизингтік
компаниялар; салалық және өңірлік лизинг компаниялары; қаржылық-
өнеркәсіптік топтармен байланысты фирмалар; лизинг компанияларын құрусыз
лизингтік операцияларды жүзеге асыратын, коммерциялық банктер жұмыс
жасайды.
2. Өңірлерде лизинг фирмалары мен компаниялары филиалдарының,
өкілдіктерінің және сервистік орталықтарының құрылуы мен санының өсуі.
Бүгінгі күні елдің саяси және экономикалық орталықтарында (Астана және
Алматы қалалары) шоғырландырылған жетекші лизинг компанияларының
өңірлерге қызмет көрсетуі олардың өңірлік филиалдары мен өкілдіктерін құру
және кеңейту арқылы жүзеге асырыла бастады.
3. Лизингтік операцияларды қаржыландыру көздерінің кеңеюі мен
құрылымдарының өзгеруі. Нарық көшбасшылары, бұған халықаралық қаржы
ұйымдары мен банктерінің (МФК, ЕБРР, АБР, ИБР және т.б.) қаржы желілерін,
батыстың
сараптама-несие
агенттіктерінің,
лизинг
компанияларының
несиелерін,
жеткізушілердің
коммерциялық
несиелерін,
лизинг
компанияларының («БТА ORIX Лизинг» АҚ, «Альянс Лизинг» АҚ,
«ҚазАгроҚаржы»
АҚ)
облигацияларын
шығарып,
қарыздарды
секьюритизациялауды жүзеге асыра отырып, жергілікті қор нарығының
қаражатын қоса алғанда, сыртқы көздерді тарту есебінен қаржыландыру
көздерін белсенді кеңейтуде.
4. Тауарлық,
салалық
және
өңірлік
лизингтік
мәмілелер
құрылымдарының: лизингтік операциялардың жалпы көлеміндегі ауыл
шаруашылық, құрылыс-жол және құрылыс техникалары, көлік құралдары
үлесінің әр түрлі уақыт кезеңдеріндегі төмендеуі мен өсуі сияқты үрдістерінің
өзгеруі [23, 79-б.].
5. Лизинг берушінің дағдарысқа дейінгі кезеңде лизингтік қаржыландыру
жағдайларын жақсартуы. Лизинг компаниялары арасындағы бәсекелестіктің
пайда болуы нәтижесінде нарықта алуан түрлі лизингтік өнімдер мен
бағдарламалар, сондай-ақ қосымша қызмет көрсетулер ұсыныла бастады;
лизинг компанияларының маржалары мен сыйақы мөлшерлемелерінің
мөлшерлері төмендеді; техникаларды лизингке беру мерзімдері ұзартылды;
қамтамасыз етуді (кепіл, алғы төлем, сақтандыру, жеткізушілердің
техникаларды сатып алуы және т.б.) беруге қойылатын талаптарды лизинг
компаниялары жеңілдетті [24, 79-б.].
66
Ең соңында лизинг, ұлттық экономиканың қарқынды дамуы мен
жаһандану үрдістерінің өсе түсуі және елдің ДСҰ-ға кіруі жағдайларындағы
әлемдік нарықтағы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторларына
айналуы тиіс.
Мәселен, «Агро-думан» ШҚ 15 млн. теңгеге John Deere комбайнын сатып
алуды жоспарлайды. «Нұрлизинг» компаниясы оны келесі жағдайларда
лизингке сатып алуды несиелейді:
мерзімі – жеті жылға дейін;
сыйақы мөлшерлемесі – 4 % жылдық мөлшерде;
алғы төлем – техника құнынан 15 %;
мәмілені ресімдегені үшін біржолғы сыйақы – лизинг заты құнының
70%-нан 2% [1].
Лизинг алушы сондай-ақ лизинг затын сақтандыруға міндетті. Сақтандыру
компаниясы, компанияның саясатымен белгіленген мөлшерлерде сақтандыру
полисін ұсынады [1].
Мәміле жасау шығындарын, бастапқы жарна сомасын, төлемдердің жалпы
сомасын, ай сайынғы лизингтік төлем мөлшерін және лизинг бойынша тиімді
мөлшерлемені есептейміз. Төлемдерді өтеу кестесін жасаймыз. Егер «Агро-
думан» ШҚ лизингтік төлем ретінде ай сайын 250 мың теңге төлеп отыру
мүмкіндігі бар болса, лизинг мерзімін азайту мүмкіндігіне талдау жасаймыз.
Сақтандыру бір рет және лизингтің бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Сол
уақытта мәміле жасау шығындары 327,6 мың теңге құрайды (210 мың теңге
мәмілені ресімдегені үшін плюс 117,6 мың теңге – сақтандыру полисінің құны).
Бастапқы жарна сомасы 2,25 млн. теңге құрайды.
Ай сайынғы лизингтік төлем мөлшерін 12-формула бойынша анықтауды
ұсынамыз:
(12)
)
;
(
4
Достарыңызбен бөлісу: |