90
А-қосымшасының жалғасы
жасауға міндеттенеді. Пролонгация жыл сайын осы Шарттың мерзімі
аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.
6.3. Лизинг алушының, жаңа мерзімге лизинг затын сақтандыруды
пролонгациялаудан бас тартқан жағдайда,
Лизинг берушінің, Лизинг беруші
мен сақтандыру компаниясы (Лизинг беруші дербес таңдаған) арасындағы
екіжақты сақтандыру Шартын жасаумен лизинг Затын дербес өз бетімен
сақтандыру және Лизинг алушы үшін сақтандыру сыйлығын төлеуге құқы бар.
Бұл жағдайда, Лизинг берушінің Лизинг алушыдан,
Лизинг берушінің
тарифтеріне сәйкес айыппұлдарды төлеу және сақтандыру төлемдері түрінде
шығыстарды өтеуді талап етуге құқы бар. Лизинг алушыдан сомалар түспеген
жағдайда, Лизинг беруші келген шығыстарды, осы Шарттың 5.5-тармағына
сәйкес белгіленген тәртіпте өтейді.
6.4. Пролонгациялау кезінде сақтандыру сомасын 6.5-тармаққа сәйкес
Лизинг беруші дербес өз бетімен анықтайды.
6.5. Лизинг затын сақтандыруды пролонгациялау кезінде сақтандыру
сомасы келесі түрде анықталады: сақтандырудың қолданыс мерзімі аяқталу
кезіндегі негізгі қарыз бойынша ссудалық берешектің қалдығы + лизинг затын
қаржыландырғанға дейін Лизинг алушы төлеген, алғы төлем төлеу сомасы.
Кешіктірілген лизингтік төлемдер бойынша: сақтандыру
мерзімінің аяқталу
кезіне негізгі қарыз бойынша ссудалық берешек қалдығы + лизинг затын
қаржыландыруға дейін Лизинг алушы төлеген, алғытөлем төлеу сомасы +
негізгі қарыз бойынша кешіктірілген берешек сомасы.
6.6. Лизинг алушы жыл сайын сақтандыру төлемдерін жүргізеді.
6.7. Лизинг Затын сақтандыру содан жүзеге асырылатын тәуекелдерді
Лизинг беруші анықтайды.
6.8. Сақтандыру оқиғасы болған жағдайда, я қандай да бір жойылу,
бүліну, жоғалу және т.б. қатерден тұратын мән-жағдайлар туындаған жағдайда,
Лизинг алушы осындай мән-жағдайлардың
туындағаны туралы Лизинг
берушіге және сақтандырушыға тез арада хабар беруге міндетті.
6.9. Лизинг Затын сақтандыруға, сақтандыру өтемін төлеуге және
өзгелерге қатысты тараптардың шарты мен бүкіл өзара қарым-қатынастары осы
Шартпен және сақтандыру Шартымен реттеледі.
6.10. Осы Шарт бойынша лизингтік төлемдерді мерзімімен бұрын өтеген
жағдайда, лизинг Затын сақтандыру шығыстарының сомасы қайтаруға
жатпайды.
6.11. Лизинг алушы лизинг Затының сақтандырушысы болып саналады,
Лизинг беруші сақтандыру Шарты бойынша пайда алушы болып қатысады.
Сақтандыру сыйлықтарын төлеу ауыртпалығы
Лизинг алушыға тиесілі, егер
Лизинг беруші Лизинг алушы үшін сақтандыру сыйлығын төлесе, онда Лизинг
алушы төлеуге Хабарлама алған күннен үш (3) банк күндері ішінде аталмыш
берешекті өтеуге міндеттенеді, оған керісінше жағдайда Лизинг беруші
аталмыш берешекті осы Шарттың 5.4-бабына сәйкес өтейді.