93
А-қосымшасының жалғасы
және бұл ретте Лизинг алушы ең болмағанда Шарттардың бірі бойынша бір
реттен аса қатарынан лизингтік төлемдерді салмағанда - лизинг заты, қалыпты
тозуын немесе осы Шартта келісілген жай-күйін ескере отырып,
оны Лизинг
алушы алған күйде қайтарылған болуы тиіс. Бұған керісінше жағдайда, Лизинг
алушы Лизинг берушіге келтірілген шығынды өтейді, сондай-ақ егер Лизинг
алушы Лизинг Затын қайтаруға міндетті болса және оны қайтармаған болса, я
оны уақытылы қайтармаған болса, онда Лизинг берушінің бүкіл кешіктірілген
кезең үшін лизингтік төлемдерді салуды талап етуге құқы бар. Егер лизингтік
төлемдер Лизинг берушіге келтірілген залалдарды жаппайтын болса, онда
Лизинг берушінің олардың өтелуін талап етуге құқы бар.
8.1.8. Егер лизинг Заты, Лизинг алушының оны дұрыс пайдаланбауы
салдарынан, оның техникалық сипаттамаларында көрсетілген мерзімінен ерте
қалыпты жұмыс қалпынан шығып қалса, сондай жағдайда Лизинг алушы, егер
лизинг Заты қалыпты жағдайдан шығып қалмаған болса, осы Шарттың бүкіл
қолданыс мерзімінде төлеуге жататын бүкіл лизингтік төлемдерді төлеуге
міндетті.
8.1.9. Лизинг алушының сақтандыру Шартына қол қоюдан және/немесе
оны жаңа мерзімге пролонгациялаудан
бас таруы жағдайында, Лизинг
берушінің Лизинг беруші мен сақтандыру компаниясы (Лизинг беруші
таңдаған және Қормен келісілген) арасында екіжақты сақтандыру Шартын
жасаумен лизинг Затын дербес өз бетімен сақтандыруға және Лизинг алушы
үшін сақтандыру сыйлығын төлеуге құқы бар. Бұл жағдайда, Лизинг берушінің
Лизинг алушыдан сақтандыру бойынша шығыстарды өтеттіруді және ____
мөлшерде айыппұл (өсім) төлеуді талап етуіне құқы бар. Лизинг алушының
сақтандыру бойынша шығыстарды өтемеген жағдайында, Лизинг беруші келген
шығыстарды, осы Шарттың 5.5-тармағына сәйкес белгіленген тәртіпте өтейді.
8.1.10. Бюджетке
салықтарды, төлемдерді, мүлік салықтарын және т.б.с.
сияқты төлемдерді төлеуге қосымша шығыстар жұмсауға әкелетін, ҚР
заңнамасы өзгерген жағдайда, осындай ұлғайтуға дейін бес күн ішінде Лизинг
алушыға алдын ала хабарлап, лизинг төлемдерінің мөлшерін біржақты тәртіпте
өзгертуге.
8.1.11. Осы Шарт бойынша бүкіл оған тиесілі құқықтар мен міндеттерді,
осындай шешім қабылданғанға дейін 5 күн ішінде, Лизинг алушыға алдын ала
жазбаша хабарлап, үшінші тұлғаға (цессия) біржақты тәртіпте беруге.
8.1.12. Лизинг беруші қажеттілікке қарай, Лизинг алушының қызметін
бақылау үшін мамандандырылған ұйымдарды тартуға құқылы.
8.1.13. Кезекті лизингтік төлемді төлеуді 30 (отыз) күннен асатын мерзімге
кешіктіруді қоса алғанда, осы Шарт бойынша
Лизинг алушының өзінің
міндеттемелерін орындауы және/немесе тиісті деңгейде орындамауы
жағдайында, осы Шарттың №1 Қосымшасына сәйкес, Лизинг алушыдан бүкіл
лизингтік төлемдерді, сондай-ақ 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан
Республикасының «Салықтар және бюджетке өзге міндетті төлемдер туралы»
Кодекспен және оны қалыптастыру ережелерімен белгіленген тәртіпте есепке
94
А-қосымшасының жалғасы
алу әдісімен төленетін қосымша құн салығы бойынша «Импортталатын
тауарлар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 19 наурыздағы №269 Қазақстан
Республикасы Үкіметі Қаулысының шарттарына сәйкес сатып алынған Лизинг
Заттарына ҚҚС-ты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасымен көзделген салық төлемдерін мерзімінен
бұрын төлеуді талап
етуге құқылы.
8.1.14. Егер жеткізушіге төлеу үшін валюталарды сатып алуға жұмсалатын
нақты шығындар, бастапқы бетте оның құнына енгізілген шығындардан артып
кетсе, сондай жағдайда, лизинг Затының құнын арттыруға.
8.1.15. Міндеттемелерді орындамау күнінен кейінгі күннен бастап,
кешіктірілген лизингтік төлемдердің сомасын толық өтеу күніне дейінгі
кешіктірілген күндердің нақты санына сүйеніп, кешіктірілген лизингтік
төлемдер сомасына жылдық 50 % жоғары мөлшерлеме бойынша сыйақы
есептеуге.
8.1.16. Лизинг Затына мониторинг жүргізуге.
8.1.17. Қордың бастамасы бойынша Лизинг берушіге Қор берген займ
шартының өзгеруі немесе мерзімінен бұрын қайтаруы жағдайында, Лизинг
алушы үшін қаржыландыру шартын (талабын) өзгертуге.
8.1.18. Егер Лизинг алушы өсімдік шаруашылығы
өнімін өндіруші болып
саналатын болса, сол жағдайда, өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыру шарты бойынша Пайда көруші болып қатысуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: