Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет


Аудитордың Субъект Қызметін Заң жəне Нормативтік Актілерге сәйкес Қарастыруы



бет18/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65

Аудитордың Субъект Қызметін Заң жəне Нормативтік Актілерге сәйкес Қарастыруы

Заңды мен Реттеуші Жүйе туралы Білім Алу (Сілт: Пар. 12)

A7. Заңды жəне нормативтік актілер туралы жалпы түсінік алу үшін, əдетте аудиторға төмендегілер қажеттілікті көрсетеді:



  • Субъект жəне саланың бизнесі, заң мен басқа сыртқы факторлары туралы аудитордың білімін пайдалану;

  • Қаржылық есептілікте елеулі сомалар мен ашуларды анықтауға ықпалы бар деп білетін заң жəне нормативтік актілер туралы білім жаңарту;

  • Басшылықтан субъект қызметіне түбегейлі ықпал ететін заңдар немесе нормативтік актілер туралы сұрау жүргізу;

  • Басшылықтан субъекттің қызметі заң жəне нормативтік актілерге сəйкестігіне қатысты саясат пен шаралар туралы сұрау жүргізу; және

• Басшылықпен сот шағымдары мен санкцияларын анықтау, бағалау жəне есепке алу үшін қабылданған саясатты немесе шараларды талқылау.

Елеулі сома мен ашуларды анықтауға қаржылық есептіліктің ықпалын қарастыратын заң мен нормативтік актілер (Cілт: Пар. 13)

A8.   Мұндай заңдар мен нормативтік актілер субъектіге жəне жалпы салаға белгілі болуы керек; олар қаржы есебін жария (6(а) параграфта белгіленген) етуде жиі қарастырылуы тиіс. Бұл мысалы:



  • Қаржылық есептіліктің формасы мен мазмұнына;

  • Ерекше салалық қаржылық есеп беруге қатысты мәселелер;

  • Мемлекеттік келісім-шарт бойынша операцияларды есепке алуға; немесе

  • Кіріс салығын немесе зейнетпен қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды санау немесе тану.

Бұл заңдар мен нормативтік актілердегі кейбір ережелер қаржылық есептлікте айрықша растауларға тікелей түрде қатысы бар (мысалы, кіріс салығы бойынша ережелер толықтығы) болуы мүмкін; басқа ережелер тұтастай алғанда қаржылық есептілікке (мысалы, қаржылық есептілік толық пакетін құрайтын қажетті болып келетін есептіліктер) тікелей түрде қатысты. 13 параграфтағы талаптың мақсаты – аудитор заңдар мен нормативтік актілер тиісті түрдегі ережелеріне сәйкес қаржылық есептілікте ашылымдарды растауға қатысты тиісті жеткілікті аудиторлық дәлелді алынуы тиіс.

Сондай-ақ заңдар мен нормативтік актілер басқа ережелері мен басқа заңдар мен ережелерге сәйкес еместік айыппұл, субъектінің сот шешімдері немесе қаржылық есептілік үшін қосымша қаражатты қажет ететін басқа салаға ықтимал ықпал етуі мүмкін. Бірақ 6(а) параграфта көрсетілгендей қаржылық есептілікке түбегейлі ықпалы жоқтығын қарастырылмауы қажет.



Сəйкес еместік анықталғандағы шаралар—Басқа Заңдар мен Нормативтік Актілер (Сілт: Пар. 14)

A9.  Субъект әрекеттеріне түбегейлі ықпалы бар болғанымен заң мен нормативтік актілер аудитордың назарына түсетінін ескеруі керек (6(b) параграфқа сәйкес). Осылайша қызметтің белгілі бір заңдарға жəне нормативтік актілерге сəйкес келмеуі субъект қызметін тоқтатуы мүмкін немесе субъект қызметті жалғастыруына күдік туғызуы мүмкін. Мысалы мұндай ықпал қызметтің субъект лицензиясындағы немесе қызметті жүргізуге басқа рұқсатындағы талаптарға сəйкес еместігі кезінде мүмкін болады (мысалы, банк үшін-капитал немесе инвестициялар бойынша талаптарға сəйкес еместік). Субъект қызмет ететін аспектілеріне ең бастысымен қатысы бар көптеген өзге заң мен нормативтік актілері бар. Бұл актілер мен заңдар әдетте қаржылық есептілікке ықпалы жоқ және қаржылық есептілікке қатысы бар субъектінің ақпараттық жүйелерімен қамтылған жоқ.

A10.  Өзге заң мен нормативтік актілерге қатысы бар қаржылық есептілік салдарлары субъекттің әрекеттеріне тәуелді болып ерекшеленуі мүмкін болғандықтан, 14 параграфта көрсетілген аудиторлық шаралар қаржылық есептілікке елеулі түрдегі ықпалы бар болуы мүмкін заң мен нормативтік актілерге сәйкес еместік анықталғаны аудитордың назарына түсіруін ескеруі қажет.

Сәйкес Еместік Басқа Аудиторлы Шаралар Арқылы Аудитордың Назарына Түсуі (Сілт: Пар. 15)

A11. Қаржылық есептілік бойынша пікір құруға қолданылатын аудиторлық шаралар заң мен нормативтік актілерге сәйкес еместік немесе күдікті сәйкес еместік туралы аудитордың назарына түсіруі мүмкін. Мысалға, сондай аудиторлық шаралар төмендегілерді қамтуы мүмкін:

• Протоколдарды оқу;

• Субъект басшылығы мен ішкі немесе сыртқы заңды кеңес берушімен сот шешімдері, шағымдар мен баға берулерін талқылау; және

•  Әрекеттер, сальдолар немесе ашылымдардың топтары егжей тегжейлі шын мәніндегі тестілеу.

Жазбаша түрдегі ұсынымдар (Сілт: Пар. 16)

A12. Заң мен нормативтік актілердің қаржылық есептілікке ықпалы болғанымен, жазбаша ұсынымдар ықпалдары қаржылық есептілікке тигізетін елеулі түрдегі ықпалы бар болуы мүмкін деген заң мен нормативтік актілерге анықталған немесе күдікті сәйкес еместік туралы басшылықтың біліміне қатысты қажетті аудиторлық дәлелдемені қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, жазбаша түрдегі ұсыным өздері тиісті жеткілікті аудиторлық дәлелдемені қамтамасыз етпей, сондай-ақ, аудитор алуы қажет басқа адуторлық дәлелдеме сипаты мен ауқымына ықпалын тигізбейді.147



Сәйкес Еместік Анықталған немесе Күдікті Болған Кезінде Аудиторлық Рәсімдер

Қызметтің заңға жəне нормативтік актілерге сəйкес еместігін көрсететін ерекшеліктер (Сілт: Пар. 18)

A13. Төменде ақпарат түрлеріне мысал келтірілген, олар аудиторды қызықтыруы мүмкін жəне қызметтің заңға жəне нормативтік актілерге сəйкес еместігін көрсетеді:

• Мемлекеттік ведомоствалар мен реттеуші ұйымдар жургізетін тексеру, айыппұл немесе өсімақы төлеу.

Көрсетілмеген қызмет үшін төлеу немесе кеңес берушілерге, байланысты жақтарға, жұмыскерлерге немесе мемлекеттік қызметкерлерге заемдар беру.



  • Делдалдарға сатқаны үшін комиссиялық сыйақы немесе гонорарлар, олар əдетте субъект төлейтін берілген салада немесе берілген қызмет үшін сомалармен салыстырғанда өте көп.

  • Өте жоғарғы бағамен немесе нарық бағасынан өте төмен бағамен сатып алулар.

  • Нақты ақшамен ерекше төлемдер, ұстаушы төленетін касса чектері түріндегі сатып алулар немесе нөмірлік банк шоттарына аударулар.

  • Жеңілдік салық салу аймағында тіркелген комиссиялар мен ерекше опциялар.

  • Тауар мен қызметтің шыққан елінен басқа елге тауарлар мен төлемдер жасау.

  • Тиісті валюта айырбастау құжаттарынсыз төлемдер жасау.

  • Адекватты аудиторлық ізді немесе жеткілікті дəлелді қасақана немесе кездейсоқ қамтамасыз етпейтін бухгалтерлік есептің болуы.

  • Санкцияланбаған немесе дұрыс тіркелмеген опциялар.

  • Бұқаралық ақпарат құралдарындағы түсініктемелер.

Аудитордың Қарастырылуына Қатысты Мәселелер (Сілт: Пар. 18(b))

A14. Қаржылық есептілікке мүмкін ықпалды бағалаған кезде, аудитор мынаны қарастырады:

• Потенциал қаржы зардаптарын, мысалы айыппұл, пеня зияндар, активтерді тəркілеу қаупі, ылажсыз қызметті тоқтату, сот талқыламаларын.

• Потенциал қаржы зардаптарын ашу қажеттілігін.

• Потенциал қаржы зардаптары қаржылық есептілікте көрсетілген дəл жəне тура ұсынысқа күдік туғызатындай тым қатты екенін.

Аудиторлық Шаралар (Сілт: Пар. 19)

A15.  Аудитор өкілетті тұлғалармен алынған мәліметтерді талқылауы мүмкін, себебі олар қосымша аудиторлық дәлелді бере алады. Мысалы, аудитор заң мен нормативтік актілерге сәйкес еместік мүмкіндегіне ықпалы әкеп соқтырған жағдайларға немесе әрекеттерге өздеріне тән деректер мен жағдайлар туралы жалпы түсінігі бар басқару өкілеттігіне ие тұлғалармен талқылауы қажет.

A16. Егер субъект басшылығы және басқару өкілеттігіне ие тұлғаларымен аудиторға нақты түрде сəйкес келеуі жөнінде қанағаттанарлық жеткілікті ақпарат бермесе, аудитор берілген жағдайда заң жəне нормативтік актілерін қолдануға, сонымен қатар алаяқтық мүмкіндігі мен қаржылық есептілікке ықпал етуіне қатысты субъект ішіндегі немесе сыртындағы заңгерлермен ақылдасуы тиіс. Егер кәсіпорынның заңды кеңесшісімен талқылаулар дұрыс болып саналмаса, немесе, егер аудитор сыртқы кеңестің пікіріне риза болмаса, онда ол аудитордың өз заңды кеңесшісімен талқылаудың тиістілігін қарастыруы мүмкін, яғни заң немесе нормативтік актілер бұзылды ма, жоқ па; ықтимал заң зардаптары, сонымен қоса алаяқтықтың ықтималдығы және, керек болса, қандай да кейінгі шара орындау керек деп ол қарастырады.

Сәйкес Еместік Зардаптарына Баға Беру (Сілт: Пар. 21)

A17. 21 параграфпен талап етілгендей, аудитор аудиттің басқа аспектілеріне, сонымен қоса аудитордың тәуекелді бағалауы және жазбаша мәлімдемелердің сенімділігіне қатысты сәйкес еместіктің зардаптарын бағалайды. Егер аудитор директорлар кеңесі мүшелерімен қоса субъектінің жоғарғы басшылығының мүшелері сəйкес еместікке тікелей байланысты деп санаса, онда ол бұл мəселені егер бар болса, субъект келесі жоғары тұрған органына, мысалы аудиторлық комитет немесе бақылау органына хабарлауы керек.

A18. Айрықша жағдайларда, бас тарту қолданыстағы заң мен нормативтік актілерге мүмкін болса, басқару өкілеттігіне ие тұлғалар аудитор сәйкес еместік қаржылық есептілікке елеулі емес қатысы жоқ жағдайлар өзіне тән деп санағаны жәрдемші іс шараларды қолға алған жоқ болғанда, бас тарту қажеттілігін қарастыруы тиіс. Келісімнен бас тарту қажет па, қажет емес пе деп шешім қабылдағанда, аудитор өз заңгерімен ақылдасуы қажет. Егер келісімне бас тартуы мүмкін болмаса, аудитор баламалы рәсімдерді, олардың ішінде сәйкес еместікті аудитордың есебінде Басқа Мәмелелер параграфында көрсетілген қажетті, қажетті емес деп қарастаруы қажет.148

Анықталған немесе Күдікті Сәйкес Еместік туралы Есеп Беру

Атқарушы органдарға жəне реттеу органдарына есеп беру (Сілт: Пар. 28)

A19. Клиент ақпаратының құпиялылығын сақтауға қатысты аудитордың міндеті, əдетте, сəйкес еместік туралы үшінші адамдарға жария етпеуді қарастырады. Бірақ белгілі бір жағдайларда, нормативтік құқықтық актілер немесе соттық орынның шешімдері құпиялылыққа қатысты аудитордың міндетіне қатысты басым күші бар.

Кейбір юрисдикцияларда қаржылық институт аудиторы қадағалаушы органдарға заң мен нормативтік актілерге сәйкес еместік пайда болған немесе күдікті пайда болғаны туралы есеп беруі тиіс. Тағы басқамен, басқа юрисдикцияларда, аудитор басшылық пен қажет болғанда басқару өкілеттігіне ие тұлғалар түзету шараларын қолдануға қабілетті еместік жағдайларында атқарушы орындарға бұрмаланулар туралы есеп беруіне міндетті. Аудитор әрекеттің тиісті бағдарын шешу үшін заң кеңесін алуын қажет етуі мүмкін.

Мемлекеттік Сектор Субъектілері Өзіне Тән Көретулер

A20.  Мемлекеттік сектордың аудиторы заң шығарушы немесе басқа басқарушы орындардың алдында жағдайлар туралы немесе олардың алдында аудиторлық есепте есеп беруге міндетті болуы мүмкін.



Құжаттама (Сілт: Пар. 29)

A21. Заң мен нормативтік актілерге анықталған немесе күдікті сәйкес еместікке қатысты мәліметтер туралы аудитордың құжаттамасына төмендегілер кіруі мүмкін:

• Жазбалар немесе құжаттар көшірмелері.

• Басшылық, басқару өкілеттігіне ие тұлғалармен талқылауға қатысты протоколдар.



260 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Басқару өкілеттігіне ие тұлғалармен қарым қатынас

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ

Параграф



Кіріспе

Бұл АХС ауқымы .....................................................................................................1-3

Ақпарат Беруге қатысты Рөл…................................................................................4-7

Күшіне Ену Күні ..........................................................................................................8



Мақсаттары.................................................................................................................9

Анықтамалары .......................................................................................................10

Талаптары

Өкілеттік Берілген Тұлғалар ...............................................................................11-13

Ақпарат Беру Қажет Ететін Мәселелер ............................................................14-17

Ақпарат Беруге Қатысты Үдерісі .......................................................................18-22

Құжаттама .................................................................................................................23

Қолданбалы Және Басқа Түсіндірме Материал

Өкілеттік Берілген Тұлғалар .............................................................................A1-A8

Ақпарат Беру Қажет Ететін Мәселелер .........................................................A9-A27

Ақпарат Беруге Қатысты Үдерісі .................................................................A28-A44

Құжаттама ...............................................................................................................A45

Қосымша1: 1 СБХС-та Айрықша Талаптар мен Өкілеттік Берілген Тұлғаларға Ақпарат Беруге Қатысты өзге АХС-тары

Қосымша 2: Есеп-қисап Тәжірибелерінің Сандық Аспектілері





«Басқару өкілеттігіне ие тұлғалармен қарым қатынас» 260 Аудиттің халықаралық стандарты, «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай аудитті жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.

Кіріспе

Бұл АХС ауқымы


  1. Аудиттің халықаралық стандартының мақсаты аудитор өкілетті тұлғаларға арасындағы қаржылық есептілік аудиті мəселелері туралы ақпарат беруге қатысты аудитордың жауапкершілігін бекіту мен ұсыну. АХС субъект басқару құрылымы немесе мөлшеріне қарамастан өкілетті тұлғалар барлығы субъектті басқаруға қатысқан жерлерінде және листинг субъектілеріне белгілі бір талқыларды қолданады. Басшылық өкілеттікке ие рөл бар болғанша бұл АХС аудитор субъекттің басшылығына ақпарат беруіне қатысты талаптар бекітпейді.

  2. Бұл АХС қаржылық есептілік аудиті мәнмәтінде жазылған; бірақ өкілетті тұлғалар басқа тарихи қаржылық есептіліктін дайындалуына қадағалауға жауапты болғанда, басқа тарихи қаржылық есептілік аудиті кезінде қажетті болатындай қолданылып, икемдетуі мүмкін.

  3. Қаржылық есептілік аудиті кезінде екі жақты тиімді ақпараттандыру маңыздылығын растаумен бұл АХС аудитордың өкілетті тұлғаларға ақпарат беруіне қатысты ауқымды жүйені қамтамасыз етіп, оларды хабардар етуі қажет ететін кейбір айрықша мәселелерді анықтап отыр. Ақпарат берілуі тиіс қосымша мәселелер бұл АХС-та анықталды (1 қосымша қараңыз). Толтыру ретінде 265 АХС149 өкілетті тұлғаларды аудитор аудит кезінде анықтаған ішкі бақылаудағы шын мәніндегі жетіспеушіліктері туралы хабардар етуге қатысты айрықша талаптарды бекітіп отыр. Бұл АХС талап ететін кейінгі мәселелер заң немесе нормативтік актілер, субъектімен қол қойылған келісім немесе келісімге қолданылатын қосымша талаптар мысалы, ұлттық кәсіптік бухгалтерлік орган арқылы хабардар етілуі қажет. Бұл АХС аудиторға өкілетті тұлғаларға кез келген басқа мәселелер туралы хабардар етуге тыйым салмайды. (Сілт: Пар. A24-A27)

Ақпарат Беруге қатысты Рөл

  1. Бұл АХС әдетте аудитор мен өкілетті тұлғалар арасындағы хабарлауды көздейді. Екі жақты хабардар ету төмендегі маңызы бар:

  1. Аудитор мен өкілетті тұлғалар аудитке қатысы бар мәселелер туралы білуі тиіс және конструктивтік жұмыс қарым қатынастарын дамытуы тиіс. Бұл қарым қатынастар аудитордың тәуелсіздігі мен адалдығын қолдау кезінде дамытылуы тиіс;

(b) Аудитор өкілетті тұлғалардан аудит бойынша ақпарат алуы қажет. Мысалы, өкілетті тұлғалар аудиторға субъекті мен ортасын түсіну, аудиторлық дәлелдер тиісті көздерін анықтау, айрықша әрекеттер

немесе оқиғалар жөніндегі ақпаратты қамтамасыз ету көмектесуі мүмкін; және

(c)  Қаржылық есеп беру үдерісіне шолуға жауапкершілікті орындау кезінде өкілеттік тұлғаларды хабардар етуі тиіс, соған сәйкес қаржылық есептілікті елеулі түрде бұрмалау тәуекелдігін азайтуы мүмкін.

5.     Аудитор АХС талабы бойынша мәселелeр туралы ақпараттандыруға жауапкершілікте болса да, басшылық сондай-ақ өкілетті тұлғаларды басқару мүддесіне қатысты мәселелер туралы хабардар етуге жауапкершілікте бола алады. Аудитормен хабарласу субъект басшылығын бұл жауапкершіліктен босатпайды. Атап айтқанда, басшылық пен өкілетті тұлғалар арасындағы аудитор хабардар етуі тиіс мәселелер туралы ақпараттандыру аудиторды олармен хабарласуға жауапкершіліктен босатпайды. Басшылық аудитордың өкілетті тұлғалармен хабарласу мерзімі немесе нысанына әсер тигізуі мүмкін.

6.       АХС сай хабардар етуі тиіс айрықша мәселелер туралы анық ақпарат беру әр қалай аудиттің интегралды бөлігі болып табылады. Бірақ, АХС бойынша аудитор басқару өкілеттігіне ие тұлғаларға ақпарат берілуі тиіс кез келген өзге мәселелерді айқындау үшін ерекше шараларды орындауы тиіс.

7. Заң немесе нормативтік актілер белгілі бір мәселелер туралы аудитор өкілетті тұлғаларға ақпарат беруін кемітуі мүмкін. Мысалы, заң мен нормативтік актілер айрықша түрде ақпараттандыруға немесе жарамды атқарушы орын тексеруін айналып кетуі мүмкін басқа әрекетке немесе күдікті, заңсыз құқық бұзуға тыйым салуы мүмкін. Кейбір жағдайларда құпиялылықты сақтауға және ақпарат беруге аудитордың міндеттері арасында даулар пайда бола алады. Сондай-ақ, аудитор заңгерімен ақылдасуын қарастырып шығуы мүмкін.



Күшіне Ену Күні

8.     Бұл АХС 2009 жылғы 15 желтоқсаннан бастап немесе осы күнінен кейінгі кезеңдегі қаржылық есепілік аудиттеріне қатысты күшіне енеді.



Мақсаттары

9.      Аудитордың мақсаттары мынадай:

(a)  Аудитор анық түрде өкілетті тұлғалармен қаржылық есептілік пен аудиторлық жоспарланған ауқымы мен мерзіміне шолуға қатысты аудитордың жауапкершіліктері туралы ақпарат беруі тиіс;

(b)  Аудитор аудитке қатысты ақпаратты өкілетті тұлғалардан алуы тиіс;

(c)  Аудитор өкілетті тұлғаларды аудиттен туындайтын мен қаржылық есеп беру үдерісіне шолуға жауапкершілігіне қатысты аралық қадағалаумен қамтамасыз етуі тиіс; және

(d)   Аудитор өзі мен өкілетті тұлғалар арасындағы тиімді түрдегі ақпараттандырумен қамтамасыз етуі тиіс.



Анықтамалары

10.    Төмендегі терминдер келесі мағыналары бар:

(a) Өкілеттік берілген тұлғалар – Субъекттің стратегиялық бағдарына қадағалауға жауапкершілігі және субъект жауаптылығына міндеті бар тұлға(лар) немесе ұйым(дар) (мысалы, корпоративтік сенім берілген субъект). Соған қаржылық есеп беру үдерісіне қадағалау кіреді. Кейбір субъектілер үшін әр түрлі юрисдикцияларда, өкілеттік берілген тұлғалар басшылық қызметкерлері, мысалы, жеке немесе мемлекеттік сектор басқарма кеңесінің атқарушы тұлғалары немесе басқарушы-иегерді қамтуы мүмкін. Басқарма құрылымдары әр түрлілігі үшін A1-A8 параграфтарды қараңыз.

(b) Субъект басшылығы – кәсіпорынның іс-әрекеттерін орындауға атқарушы жауапкершілігі бар тұлға(лар). Кейбір кәсіпорындар үшін әр түрлі заңды құзырлы аймақтарда, субъект басшылығына басқару кей немесе барлық өкілеттігіне ие тұлғалар, мысалы, басқарма кеңесінің атқарушы тұлғалары, немесе басқарушы-иегер кіре алады.



Талаптары

Өкілеттік Берілген Тұлғалар

11.   Аудитор басқару өкілеттігіне ие сəйкес тұлғаларды кімге хабарлау қажет екендігін анықтауы керек. (Сілт: Пар. A1-A4)



Басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың шағын топтарға хабарлауы

12.  Егер аудитор өкілетті тұлғалардың шағын топтары, мысалы, аудиторлық комитет немесе жеке тұлғаға хабарласа, аудитор басқару кеңесі қажет екендігін анықтауы керек. (Сілт: Пар. A5-A7)



Басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың барлығы кәсіпорынды басқаруға қатысуына қатысты жағдай

13.    Кейбір жағдайларда, басқару өкілеттігіне ие тұлғалардың барлығы кәсіпорындарды басқаруға, мысалы, жекелеген иегер кәсіпорынды басқарса және ешкім басқа басшылық рөлі жоқ болса, кішігірім фирма кәсіпорынды басқаруға қатысады. Сондай-ақ, егер басқаруға өкілеттігіне ие тұлғалар бұл АХС-пен талап етілген мәселелер туралы ақпарат берсе және бұл тұлғалардың басқару өкілеттігіне ие болса, онда бұл мәселелердің бұл тұлғалармен қарым қатынасы қажет жоқ.

Бұл мәселелер 16 (c) параграфта көрсетілген. Аудитор осыған қарамастан басшылық өкілеттігіне ие тұлғалармен хабарласу аудитор өзге жолдармен басқаруға ие тұлғалармен хабарлауы мүмкін тұлғалар барлығына адекватты түрде ақпарат беруіне риза болуы мүмкін. (Сілт: Пар. A8)

Ақпарат Беру Қажет Ететін Мəселелер

Қаржылық Есептілік Аудитіне Қатысты Аудитордың Жауапкершіліктері

14.   Аудитор қаржылық есеп нəтижесінде туындайтын аудит мəселелері туралы өкілетті тұлғаларға хабарлауы қажет. Əдетте ол келесі сұрақтар:

(а) Аудитор басшылық өкілетті тұлғаларға қадағалауымен дайындалған қаржылық есептілік бойынша пікірін құрастыру мен білдіруге жауапты болады;

(b)  Қаржылық есептілік аудиті өкілетті тұлғалар мен басшылықты жауапкершіліктерінен босатпайды. (Сілт: Пар. A9-A10)



Аудит бойынша Жоспарланған Ауқым мен Мерзім

15.   Аудитор өкілетті тұлғалармен бірге аудиттің жоспарланған ауқымы мен мерзіміне қадағалау туралы хабарлауы тиіс. (Сілт: Пар. A11-A15)



Аудитке Қатысты Шын Мәніндегі Мәліметтер

16. Аудитор өкілетті тұлғалармен хабарлауы тиіс: (Сілт: Пар. A16)

(a) Бухгалтерлік саясаты, бухгалтерлік баға берулер мен қаржылық есептілік ашылуларын қосып алғандығымен, субъекттің есептік тәжірибесі шын мәніндегі сандық аспектілері бойынша аудитордың көзқарасы. Қажет болғанда, аудитор неге қолданыстағы қаржылық есеп беру жүйесінде қолданылатын шын мәніндегі бухгалтерлік тәжірибе субъекттің белгілі бір жағдайларына өзіне тән емес деп санаса, аудитор өкілеттік берілген тұлғаларды түсіндіруі қажет; (Сілт: Пар. A17)

(b)  Осындай бар болса, аудит кезінде пайда болған шын мәніндегі күрделіліктер; (Сілт: Пар. A18)

(c) Өкілеттік берілген тұлғалар барлығы субъектті басқаруға қатысқанша:

(i) Осындай бар болса, аудит себебімен талқыланған немесе басшылық хабарлау қажетті болып келетін шын мәніндегі мәселелер; және (Сілт: Пар. A19)

(ii) Аудит сұрайтын жазбаша ұсынымдар; және

(d)  Осындай пайда болса, аудит кезінен туындайтын аудитордың кәсіптік пікірі бойынша қаржылық есеп беру үдерісіне шолуға шын мәні болып келетін басқа мәселелер. (Сілт: Пар. A20)



Аудитордың Тәуелсіздігі

17. Листинг субъектілері үшін аудитор өкілетті тұлғалармен хабарлауы тиіс:

(a) Жоба бойынша жасақ пен қажет болғанда фирманың басқалары, фирма мен қажет болғанда фирмалар желісі тәуелсіздікке қатысты байланысты этикалық талаптарға сәйкес келгені бойынша мәлімдеме; және

(b) (i) Аудитордың кәсіптік пікірі бойынша фирма, фирмалар желісі мен субъекті арасындағы барлық қарым қатынастар мен басқа мәселелер тәуелсіздігі бар болуын тиісті түрде қарастыруы мүмкін. Соған қаржылық есептілік аудиті кезінде алынатын жалпы сипаттағы төлемақылар мен субъектіге фирмамен және фирмалар желісімен қамтамасыз ететін аудиторлық емес қызметтер мен субъект басқаратын құрамдас бөлімдер кіреді. Бұл төлемақылар аудитордың тәуелсіздігіне ететін қызметтердің әсеріне баға беруде өкілеттік берілген тұлғаларға көмектесуге өзіне тән болып табылатын санаттарға үйлестірілуі қажет; және

(ii) Тәуелсіздікке анықталған қауіптерді болдырмау немесе оларды қолайлы түрдегі деңгейге дейін азайтуға қолданылған сақтандыру шаралары. (Сілт: Пар. A21-A23)

Ақпарат Беруге Қатысты Үдерісі

Хабарлау үдерісін анықтау

18.    Аудитор өкілетті тұлғаларға хабарлау нысаны, мерзімі мен күтілген мазмұны хабарлау. (Сілт: Пар. A28-A36)



Хабарлау Түрлері

19.    Егер аудитордың кәсіптік пікірі бойынша шын мәніндегі мәселелерге қатысты аудитордың өкілетті тұлғаларға хабарлауы ауызша түрде мүмкін болмаса, аудитордың өкілетті тұлғаларға хабарлауы жазбаша түрде болуы мүмкін. Аудитордың жазбаша түрдегі хабарлауы аудит кезінде туындаған барлық мәселелерді қарастырмайды. (Сілт: Пар. A37-A39)

20.   Егер 17 параграф талат етсе, аудитордың өкілетті тұлғаларға хабарлауы жазбаша түрде болуы тиіс.

Хабарлау Мерзімі

21. Аудитор өкілеттік берілген дер кезінде хабарлауы қажет. (Сілт: Пар. A40-A41)


Хабарлауның үдерісінің тиімділігі

22.    Аудитор мен басшылық өкілеттігі арасындағы екі жақты хабарлау аудит мақсатына адекватты бола ма, адекватты болмай ма деп соған баға беруі тиіс. Егер адекватты болмаса, аудитор қажет болғанда аудитор елеулі бұрмаланулар тәуекелдіктеріне баға беруіне тигізетін әсері мен тиісті лайықты аудиторлық дәлелдеме алуға қабілетін баға беруі тиіс, сонымен қатар тиісті түрдегі әрекетті қолға алуы тиіс. (Сілт: Пар. A42-A44)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет