Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет49/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65

610 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Ішкі Аудиторлардың Жұмысын Пайдалану

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ



Параграф



Кіріспе

Бұл АХС ауқымы.......................................................................................................1-2

Iшкi Аудит Қызметi Жəне Сыртқы Аудитор Арасындағы Өзара Байланыс ......3-4

Күшіне ену үні................................................................. ............................................5



Мақсаттары.................................................................................................................6

Анықтамалары...........................................................................................................7

Талаптары

Ішкі Аудитор Қызметін Пайдалану Керектігі мен Деңгейін Анықтау..............8-10

Ішкі Аудиторлар Ерекше Қызметін Пайдалану.................................................11-12

Құжаттама...................................................................................................................13



Қолданыстағы және Басқа Түсіндірме Материал

Бұл АХС ауқымы................................................................................................A1−A2

Ішкі Аудит Қызметінің Мақсаттары .......................................................................A3

Ішкі Аудитор Қызметін Пайдалану Керектігі мен Деңгейін Анықтау ........A4−A5



Ішкі Аудиторлар Ерекше Қызметін Пайдалану ....................................................A6







«Ішкі Аудиторлардың Жұмысын Пайдалану» 610 Аудиттiң Халықаралық Стандарты (АХС) «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай аудитті жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.


Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

    1. Бұл аудиторлық халақаралық стандарт (АХС), сыртқы аудитор 315 АХС446 сәйкес ішкі аудитордың қызметі аудитке тән болуы ықтималдығына шешім қабылдағанда, ішкі аудитордың жұмысына қатысты сыртқы аудитордың жауапкершіліктерін анықтайды. (Cілт: пар. A1-A2)

    2. Бұл АХС жеке ішкі аудиторлар сыртқы аудиторға аудиторлық шараларды орындауға тікелей көмек көрсететін жағдайдағы оқиғаларға қарамайды.

Iшкi Аудит Қызметi жəне Сыртқы Аудитор Арасындағы Өзара Байланыс

    1. Ішкі аудит қызметі мақсаттарын субъект басшылығы мен, қажет болса, өкілетті тұлғалар белгілейді. Ішкі аудитор қызметі мен сыртқы аудитор қызметі бір-бірінен ерекшеленетін жағдайда, олардың мақсаттарына жетуге қатысты кей тәсілдері бір-біріне ұқсайды. (Cілт: пар. A3)

    2. Ішкі аудит қызметінің дербестігі, шыншылдығының деңгейіне қарамастан, қаржылық есептілікті пікір айту кезінде мұндай қызмет сыртқы аудитор жағдайымен салыстырғанда субъектке тәуелсіз болмайды. Сыртқы аудитор айтылған аудиторлық пікірге ерекше жауапкершілігі бар, және бұл жауапкершілікті сыртқы аудитордың ішкі аудиторлар жұмысын пайдалануын кемітпейді.

Күшіне ену күні

    1. 2009 жылғы 15 желтоқсаннан басталатын немесе одан кейінгі кезеңдердегі қаржылық есептілікке қатысты күшіне енеді.

Мақсаттары

    1. Субъект сыртқы аудитордың шешімі бойынша аудитке тән болуы мүмкін ішкі аудит қызметі бар болса, сыртқы аудитордың мақсаттары мынадай:

  1. Ішкі аудитор қызметін пайдалану керектігі мен деңгейін анықтау; және

  2. Егер ішкі аудиторлар ерекше жұмысын пайдаланса, онда бұл жұмыс аудит үшін барабар болатын-болмайтынын шешу.

Анықтамалары

    1. Бұл АХС үшін, келесі терминдер қолданылады:

  1. Ішкі аудит қызметі – субъект үшін қызмет орнатылған немесе оған көрсетілген сараптама қызметі. Оған, басқа мәселелерден басқа, ішкі

бақылаудың барабарлығын, нәтижелілігін зерттеу, бағалау мен мониторингілеу.

  1. Ішкі аудиторлар – ішкі аудит қызметін көрсететін тұлғалар. Ішкі аудиторлар ішкі аудит департаментіне немесе баламалы қызметке жатуы ықтимал.

Талаптары

Ішкі Аудитор Қызметін Пайдалану Керектігі мен Деңгейін Анықтау

    1. Сыртқы аудитор мыналарды орындайды:

(a) Ішкі аудиторлар жұмысы аудитке тән болады ма, жоқ па; және

(b) Осындай болатын болса, сыртқы аудитордың шаралары сипатына, мерзімі немесе деңгейіне ішкі аудитордың жұмысы жоспарланған ықпалы.



    1. Ішкі аудиторлардың жұмысы аудитке тән болғандығын анықтау жағдайында сыртқы аудитор мыналарды орындайды:

    1. Ішкі аудит қызметі объективтігі;

    2. Ішкі аудиторлардың техникалық құзыреті;

    3. Ішкі аудиторлардың жұмысын кәсіптік қарастырумен орындауға мүмкіндік бар ма, жоқ па? және

    4. Ішкі аудиторлар мен сыртқы аудиторлар қатынастарының орын алуына мүмкіндік бар ма, жоқ па? (Cілт: пар. A4)

    1. Сыртқы аудиторлық шараллардың сипатына, мерзіміне, деңгейіне ішкі аудитордың жұмысы ықпалын анықтауда, сыртқы аудитор мыналарды орындайды:

  1. Ішкі аудиторлар орындайтын немесе орындауы тиіс ерекше жұмыстың сипаты, ауқымы;

  2. Әрекеттердің белгілі бір топтары, алғашқы сальдосы мен ашылымдар бойынша бекіту деңгейіндегі елеулі бұрмалаудың бағаланған тәуекелі; және

  3. Байланысты растауларды қолдау үшін ішкі аудиторлармен жинақталған аудиторлық дәлелді бағалауға қарай субъективтік бағалау. (Cілт: пар. A5)

Ішкі Аудиторлар Ерекше Қызметін Пайдалану

    1. Сыртқы аудитор ішкі аудиторлардың ерекше жұмысын пайдаланғанымен, сыртқы аудитор сыртқы аудитордың мақсаттары үшін өз дұрыстығын анықтау үшін аудиторлық шараларды бағалайды және орындайды. (Cілт: пар. A6)

    2. Сыртқы аудитордың мақсаттары үшін ішкі аудитормен орындалған ерекше жұмыстың дұрыстығын қарастыру үшін, сыртқы аудитор мыналарды бағалауы тиіс:

  1. Жұмыс барабар техникалық тренингі мен кәсіптігі бар ішкі аудитормен орындалды;

  2. Жұмысты тиісті қадағалау, шолу, құжаттап толтыру;

  3. Бабарбар аудиторлық дәлел ішкі аудиторға тиімді қорытындыларды жасауға мүмкіндік беру үшін алынады;

  4. Жасалған қорытындылар жағдайларға тән, және ішкі аудиторлармен дайындалған кез келген есептер орындалған жұмыс нәтижелеріне сәйкес келеді; және

  5. Ішкі аудитормен ашылған кез келген ескертпелер немесе әдеттен тыс мәселелер тиісті шешілді.

Құжаттама

13. Егер сыртқы аудитор ішкі аудитордың ерекше жұмысын пайдаланса, сыртқы аудитор аудиторлық құжаттарға ішкі аудиторлардың жұмысы барабарлығын бағалауға, 11447 параграфқа сәйкес бұл жұмыс бойынша сыртқы аудитормен орындалған аудиторлық шараларға қарай жасалған қорытындыларды енгізеді.


***
Қолдану және Басқа Түсіндірме Материал

Бұл АХС ауқымы (Cілт: пар. 1)

A1. 315 АХС-ке448 сәйкес субъекттің ішкі аудит қызметі аудитке тән болады, егер ішкі аудит қызметінің жауапкершіліктері мен шаруашылық операциялардың сипаттары субъекттің қаржылық есеп беруіне тән болса, және аудитор орындалуы тиіс аудиторлық шаралардың сипатын немесе мерзімін модификациялау немесе деңгейін төмендету үшін ішкі аудиторлардың жұмысын пайдалануды көздесе.



A2. Бұл АХС сәйкес шараларды орындау нәтижесінде сыртқа аудитор аудитордың елеулі бұрмалаулар тәуекелін бағалауына қайта баға беруі тиіс. Демек, бұл сыртқы аудитордың ішкі аудит қызметі тиістілігін қарастыруына ықпал етеді. Демек, сыртқы аудитор сыртқы аудитордың шараларының сипатына, мерзіміне, немесе деңгейіне ықпал ету үшін ішкі аудиторлардың жұмысын пайдалануға өзгеше жолдармен шешпеуі мүмкін. Осы жағдайға қатысты, сыртқы аудитордың бұл АХС бұдан әрі қолданысы керек болмайды.

Ішкі Аудит Қызметінің Мақсаттары (Cілт: пар. 3)

  1. Iшкi аудит қызметiнiң масштабы мен мiндеттерi қатты ауытқиды жəне субъект өлшемi мен құрылымына, сонымен қатар оның басшылығының талаптарына байланысты. Ішкі мен сыртқы қызметтер мыналарды қамтиды:

  • Ішкі бақылау мониторингі. Ішкi аудитке осы жүйелерге шолу жүргiзуге, олардың жұмыс iстеуiне мониторинг жүргiзуге жəне де оларды жетiлдiруге ұсыныстар енгiзуге жауапкершiлiк жүктейдi.

  • Қаржылық жəне операциялық ақпаратты тексеру. Бұл жұмысқа кiретiндерi: идентификацияға пайдаланылатын құралдарға шолу жасау, мұндай ақпаратты өлшеу, жiктеу жəне көрсету, сонымен қатар бөлек баптар бойынша нақты сұраулар оның iшiнде операцияларды, шоттар сальдосы мен шараларды түбегейлi тесттер.

  • Операциялық іскерлікке шолу жүргізу. Ішкі аудит қызметі операциялық іскерліктің, субъект қаржылық емес іскерліктің экономиясына, тиімділігіне, тиістілігіне шолу мақсатымен тағайындалады.

  • Қызметтiң үнемдiлiгiне, ұтымдылығына жəне тиiмдiлiгiне шолу жасау, оның iшiнде субъект жұмысын қаржы емес бақылау құралдары.

  • Заң, нормативтiк актiлерге сәйкестікке шолу. Заң, нормативтiк актiлерге жəне басқа сыртқы талаптарға сонымен қатар субъект басшылығының саясатына, директиваларына, басқа iшкi талаптарына сəйкестiгiнше шолу жасау.

  • Тәуекелді басқару. Ішкі аудит қызметі ұйымға тәуекелге елеулі сезгіштікті анықтау мен бағалауға және тәуекелді басқару мен бақылау жүйелерін жетілдіруге үлес қосуына көмек береді.

  • Басшылық. Ішкі аудит қызметі әдептану мен құндылықтар, жұмыс тиімділігін басқару мен есеп берушілік, ұйымның сәйкесті беталыстарына тәуекелді және бақылау жөніндегі ақпарат хабарлау, өкілетті тұлғалар қатынастары тиімділігі, сыртқы және ішкі аудиторлар мен субъект басшылығының мақсаттарына жету кезіндегі үдерісті бағалайды.

Ішкі Аудитор Қызметін Пайдалану Керектігі мен Деңгейін Анықтау

Ішкі аудиторлардың жұмысы аудитке тән болуын қарастыру (Cілт: пар. 9)

  1. Сыртқы аудитордың ішкі аудиторлардың жұмысы аудитке тән болуын қарастыруына ықпал етуі мүмкін факторларға мыналар жатады:

Объективтік

  • Субъект ішіндегі ішкі аудит қызметінің мәртебесі және ішкі аудиторлардың қабілетіне сондай мәртебенің ықпалы объективтігі.

  • Ішкі аудит қызметі өкілетті тұлғаларға хабарлайды ма, жоқ па? Ішкі аудиторлар өкілетті тұлғаларға тікелей түрде барып келуге рұқсат етілді ме, жоқ па?

  • Ішкі аудиторлар кез-келген дау-шар жауапкершіліктерінен бос па, жоқ па?

  • Өкілетті тұлғалар ішкі аудит қызметіне қатысты жұмысқа алуға шешімдерді қадағалауды жүргізеді ме, жоқ па?

  • Субъект басшылығы немесе өкілетті тұлғалармен ішкі аудит қызметіне жүктелген кез-келген қиыншылықтар немесе шектеулер орын алды ма, жоқ па?

  • Субъект басшылығы ішкі аудит қызметі жөніндегі кепілдемелерді қолға алдыма жоқ па, және қай деңгейде оларды қолға алды? Олардың мұндай іс-әрекеті қалай қуатталады?

Техникалық құзыреті

  • Ішкі аудиторлар сәйкесті кәсіптік орындардың мүшелері бола ма, жоқ па?

  • Ішкі аудиторлардың адекватты техникалық тренингтен өтті ме, жоқ па, және ішкі аудиторлар секілді дайындалды ма, жоқ па?

  • Ішкі аудиторларды жұмысқа алу мен дағдыландыруға қатысты орнатылған саясаттар орын алды ма, жоқ па?

Тиісті кәсіптік дайындылық

  • Ішкі аудит қызметінің іс-әрекеттері тиісті түрде жоспарланды ма, қадағалаудан өтті ме, шолудан өтті ме, құжатталып толтырды ма, жоқ па?

  • Аудиторлық нұсқаулар немесе басқа бірдей құжаттар, жұмыс бағдарламалары мен ішкі аудиторлық құжаттама орын алды ма, адекватты ма, жоқ па?

Қатынастары

Сыртқы аудитор мен ішкі аудитолардың қатынастары тиімді болады, егер ішкі аудиторлар сыртқы аудиторлармен ашық түрде байланыса алса, және:



  • Отырысытар кезең барысында тиісті уақыт аралықтарында өткізіледі;

  • Сыртқы аудитор кеңес алады және тиісті ішкі аудиторлардың есептерін көз жеткізеді және, осындай мәселелер орын сыртқы

аудитордың жұмысына ықпал еткенде, ішкі аудитордың көңіліне екпін соғатын елеулі мәселелер туралы ақпарат алды; және

  • Сыртқы аудитор ішкі аудит қызметіне әсер етуі мүмкін кез-келген елеулі мәселелер туралы ішкі аудиторларды хабардар етеді.

Ішкі аудиторлардың жұмысының сыртқы аудитор шараларының сипатына, мерзімі, немесе деңгейіне жоспарланған ықпалы (Cілт: пар. 10)

  1. Ішкі аудитордың жұмысы сыртқы аудитор шараларының сипатына, мерзіміне, немесе деңгейін анықтаудағы факторға қатысты болса, келесі мәселелерді ішкі аудиторлармен алдын-ала келісу пайдалы болып келеді:

  • Бұл жұмыстың мерзімі;

  • Аудиторлық ауқым деңгейі;

  • Тұтас алғанымен қаржылық есептілік елеулігі (және, қажет болса, әрекеттердің белгілі бір топтары, шот сальдосы, немесе ашулар бойынша елеулік деңгейі), және орындау елеулігі;

  • Таңдалған бап жөніндегі ұсынылған әдіс;

  • Орындалған жұмыс туралы құжаттама; және

  • Шолу мен есеп беру.

Ішкі Аудиторлар Ерекше Қызметін Пайдалану (Cілт: пар. 11)

  1. Ішкі аудиторлардың ерекше қызметі жөнінде орындалған аудиторлық шаралардың сипаты, мерзімі сыртқы аудиторлардың елеулі бұрмалаулардың тәуекелін бағалауына, ішкі аудит қызметіне баға беруіне, ішкі аудиторлардың ерекше жұмыстарын бағалауына тәуекелді. Сондай аудиторлық шараларға төмендегілер жатады:

  • Ішкі аудиторлармен тексерілген баптарды зерттеу;

  • Басқа бірдей баптарды зерттеу; және

  • Ішкі аудиторлармен орындалған шараларды қадағалау.

620 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Аудиторлық Сарапшының Қызметін Пайдалану

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ




Параграф

Кіріспе

Бұл АХС ауқымы .....................................................................................................1-2

Аудитордың пікіріне Аудитордың Жауапкершілігі..................................................3

Күшіне ену Күні ..........................................................................................................4



Мақсаттары ...............................................................................................................5

Анықтамалары .........................................................................................................6

Талаптары

Сарапшы Жұмысын Пайдалану Қажеттiлiгiн Анықтау .........................................7

Аудиторлық Шаралардың Сипаты, Мерзімі, Деңгейі ............................................8

Аудиторлық Сарапшының Құзыреті, Мүмкіндіктері, Объективтігі.......................9

Аудиторлық Сарапшының Сараптамасы Сала Туралы Білім Алу........................10

Аудиторлық Сарапшымен Келісім .........................................................................11

Аудиторлық Сарапшының Жұмыс Барабарлығын Бағалау .............................12-13

Аудиторлық Есепте Аудиторлық Сарапшыға Сілтеме ...................................14-15



Қолданыстағы және Басқа Түсіндірме Материал

Аудиторлық Сарапшының Мағынасы .............................................................A1-A3

Сарапшы Жұмысын Пайдалану Қажеттiлiгiн Анықтау..................................A4-А9

Аудиторлық Шаралардың Сипаты, Мерзімі, Деңгейі.................................A10-A13

Аудиторлық Сарапшының Құзыреті, Мүмкіндіктері, Объективтігі..........A14-А20

Аудиторлық Сарапшының Сараптамасындағы Сала Туралы Білім Алу...А21-А22

Аудиторлық Сарапшымен Келісім ..............................................................А23-А31

Аудиторлық Сарапшының Жұмыс Барабарлығын Бағалау ......................А32-А40

Аудиторлық Есепте Аудиторлық Сарапшыға Сілтеме...............................A41-A42

Қосымша: Аудитор мен Аудиторлық Сыртқы Сарапшы Арасындағы Келісімді Қарастыру





«Аудиторлық Сарапшының Қызметін Пайдалану» 620 (АХС) Аудиттiң Халықаралық Стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай аудитті жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.




Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

  1. Бұл Аудиттің Халықаралық Стандарты (АХС), есеп-қисап пен аудиттен тыс сараптама саласындағы жеке тұлғаның жұмысына қатысты аудиторлық жауапкершіліктер туралы есеп береді.

  2. Бұл АХС сәйкес қаралмайтын мәселелер:

  1. Жоба бойынша жасақтың мүшесі бар немесе ол жасақ 220449 АХС сай есеп-қисап немесе аудит айрықша салаларындағы сараптамасы бар жеке тұлға немесе ұйыммен талқылағандағы жағдайлар; немесе

  2. Аудитордың анау салада жұмыс істейтін жеке тұлға немесе ұйым жұмысын пайдалануын субъект субъектке 500 АХС-та450 қарастырылған қаржылық есепті дайындауға көмек беруге қолданылады.

Аудитордың пікіріне Аудитордың Жауапкершілігі

  1. Аудитордың айтылған пікірге ерекше жауапкершілігі бар, және бұл жауапкершілікті аудитордың аудиторлық сарапшының жұмысын пайдалануын кемітпейді. Алайда, егер аудиторлық сарапшының жұмысын пайдаланатын аудитор бұл АХС қарастырып шығып сарапшының жұмысы аудитке тән болуы туралы қорытындыға келсе, онда ол аудиторлық дәлелге тән болатындар ретінде сарапшының саласындағы қорытындылар немесе сарапшының мәліметтерін қабыл алады.

Күшіне ену күні

  1. 2009 жылдың 15 желтоқсаннан басталатын немесе одан кейінгі кезеңдердегі қаржылық есептілікке қатысты күшіне енеді.

Мақсаттары

  1. Аудитордың мақсаты мынадай:

    1. Аудиторлық сарапшының жұмысын пайдалануға шешу; және

    2. Егер аудиторлық сарапшының жұмысы қолданылса, жұмыс аудитке тән болуына шешу.

Анықтамалары

  1. Бұл АХС мақсаты үшін, келесі терминдер қолданылады:

    1. Аудиторлық сарапшы – Есеп-қисап немесе аудиттен тыс саланың сараптамасы бар жеке тұлға немесе ұйым. Бұл саладағы жұмыс аудиторға өзіне жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға мүмкіндік береді. Аудиторлық сарапшы аудитордың ішкі сарапшысы (аудиторлық

фирма немесе фирмалар жүйесінің әріптесі451 немесе персоналы, сонымен қоса уақытша персоналы), немесе аудитордың сыртқы сарапшысы. (Cілт: пар. A1-A3)

    1. Сараптама – белгілі бір саладағы дағды, біліктілік пен тәжірибе.

    2. Субъект басшылығының сарапшысы – Есеп-қисап немесе аудиттен тыс саланың сараптамасы бар жеке тұлға немесе ұйым. Бұл саладағы жұмыс аудиторға өзіне қаржылық есепті дайындауға мүмкіндік береді.

Талаптары

Сарапшы Жұмысын Пайдалану Қажеттiлiгiн Анықтау

  1. Егер есеп-қисап немесе аудиттен тыс басқа саладағы сараптама жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алуға қажетті болса, онда аудитор аудиторлық сарапшының жұмысын пайдалану керектігін анықтайды. (Cілт: пар. A4-A9)

Аудиторлық Шаралардың Сипаты, Мерзімі, Деңгейі

  1. Бұл АХС 9-13 параграфтардағы талаптарға қатысты аудиторлық шаралардың сипаты, мерзімі, деңгейі жағдайлармен байланысты. Осыларды анықтауда, аудитор мына мәселелерді қарастырады: (Cілт: пар. A10)

  1. Сарапшының жұмысына қатысы бар мәселенің сипаты;

  2. Сарапшының жұмысына қатысы бар мәселедегі елеулі бұрмалаулардың тәуекелі;

  3. Аудит аясындағы сарапшының жұмысына қарай елеулік;

  4. Аудитордың білімі мен сарапшы орындаған алдыңғы жұмыспен тәжірибесі; және

  5. Бұл сарапшы аудиторлық фирманың сапаны бақылау жөніндегі саясатына, шараларына бағынышты болады ма, жоқ па? (Cілт: пар. A11-A13)

Аудиторлық Сарапшының Құзыреті, Мүмкіндіктері, Объективтігі

  1. Аудитор аудиторлық сарапшының аудит үшін қажетті құзыретін, мүмкіндіктерін, объективтігін бар болуын анықтайды. Аудиторлық сыртқы сарапшы жағдайында, объективтікті анықтауға сарапшының объективтігіне қауіп тудыруы мүмкін мүдделер мен қатынастарға қатысты сауалнама жүргізу кіреді. (Cілт: пар. A14-A20)

Аудиторлық Сараgшының Сараптамасы Сала Туралы Білім Алу

  1. Аудитор аудиторға төмендегі мүмкіншілік беру үшін аудиторлық сарапшының сараптамасы саласы туралы жеткілікті білім алады: (Cілт: пар. A21-A22)

    1. Аудиторлық мақсат үшін, сарапшының жұмыс сипатын, ауқымын, мақсаттарын анықтау мақсатымен; және

    2. Аудиторлық мақсат үшін, бұл жұмыстың барабарлығын бағалау үшін.

Аудиторлық сарапшымен келісім

  1. Аудитор, керек болса, жазбаша түрде келесі мәселелер туралы аудиторлық сарапшымен бірге келіседі: (Cілт: пар. A23-A26)

    1. Бұл жұмыстың сипаты, ауқымы, мақсаттары; (Cілт: пар. A27)

    2. Аудитор мен сарапшының байланысты рөлдері мен жауапкершіліктері; (Cілт: пар. A28-A29)

    3. Аудитор мен сарапшының өзара байланысының сипаты, мерзімі, деңгейі, сарапшы беруі керек кез-келген есептің нысанын қоса; және (Cілт: пар. A30)

    4. Аудиторлық сарапшы құпиялылық талаптарын қарастыруы керектігі. (Cілт: пар. A31)

Аудиторлық Сарапшының Жұмыс Барабарлығын Бағалау

  1. Аудитор, аудиторлық мақсат үшін, аудиторлық сарапшы жұмысының барабарлығын анықтайды: (Cілт: пар. A32)

    1. Сарапшының мәліметтері немесе қорытындыларының сәйкестігі мен дұрыстығы және олардың басқа аудиторлық дәлелге сәйкестігі; (Cілт: пар. A33-A34)

    2. Егер сарапшы жұмысында маңызды қорытындылар мен пікірлер қолданылса, олардың сәйкестігі мен дұрыстығы; және (Cілт: пар. A35-A37)

    3. Егер сарапшы жұмысында сарапшы жұмысына қарай елеулігі бар ақпарат көздері қолданылса, бұл ақпарат көздерінің сәйкестігі, толықтығы мен дәлме-дәлдігі. (Cілт: пар. A38-A39)

  2. Егер аудитор аудиторлық мақсат үшін, аудиторлық сарапшы жұмысының барабар болмайтынын анықтаса, онда ол: (Cілт: пар. A40)

    1. Сарапшы орындауы қажет бұдан әрі жұмыстың сипаты мен деңгейі туралы бұл сарапшымен талқылауы тиіс; немесе

    2. Жағдайларға тән қосымша аудиторлық шараларды орындауы қажет.

Аудиторлық Есепке Аудиторлық Сарапшыға Сілтеме

  1. Аудитор жетілдірілмеген пікірі бар аудиторлық сарапшы жұмысына аудиторлық есепте сілтемейді, заңнама немесе нормативтік актілері белгілегенше. Егер мұндай сілтеме заңнамамен немесе нормативтік актілермен талап етілсе, аудитор аудиторлық есепте сілтеме аудиторлық аудиторлық пікірге аудиторлық жауапкершілікті кемітпейді деп белгілейді. (Cілт: пар. A41)

  2. Егер аудитордың аудиторлық сарапшы жұмысына аудиторлық есепте

сілтемесі бар болса себебі мұндай сілтеме аудиторлық пікірді модификациялауға тән болады, аудиторлық сарапшы жұмысына аудиторлық есепте сілтемейді. (Cілт: пар. A42)
***

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет