Бедеу ерлі-зайыптыларды тексеру алгоритмінің анализі


Пароксизмальды тахикардия



бет4/8
Дата04.10.2023
өлшемі6.91 Mb.
#479811
1   2   3   4   5   6   7   8
ЖАРЫЛҚАС АРАЙЛЫМ ЖДП (копия)

Пароксизмальды тахикардия

  • Пароксизмальды тахикардия. Дұрыс немесе классикалық аритмия деп аталады. Бұл кенет басталып, кенет аякталатын, минутына 140-250-ге жиілікпен жүретін, дамуы эктопия ошағынан импульстердің «автомат оғын жаудырғандай» бірінен соң бірі жиі шығуынан болатын ұстамалы тахикардия.
  • Пароксизмдік тахикардияның патогенезі екі механизмнен болуы мүмкін: қозу толкынының оралып кіруі («ге-еntгу» механизмі), яғни шыр айналуы; төменгі жетекші орталықтарының автоматизмдік қасиетінің күшеюі.
  • Эктопиялық ошақтың орналасуына қарай пароксизмдік тахикардияның мына түрлерін айырады: 1)суправентрикулалық жүрекшелік, түйіндік. 2)вентрикулалық.

Қарыншалық пароксизмдік тахикардияда, гиподиастолияның салдарынан гемодинамика бұзылысы ауыр болады. Жүректің жиі соғуынан қарыншалар қанға толып үлгермейді, соғу және минуттық көлемдер күрт төмендейді; басты ағзалар ишемияға ұшырайды, үлкен және кіші шеңберлерде жүрекшелердің алдында қан іркіледі, АҚ төмендейді, ал үстама ұзақка созылса — аритмиялық кардиогенді шок дамуы мүмкін. Клиникалық көрінісіне тән белгілер: жүректің қатты соғуы; жүрек тұсында ауырсыну сезінуі; кеуденің кысылу, мойынның, бастың солқылдау сезімдері; әлсіздік; бас айналуы, көз алдының қараңғылануы, талу; ентікпе мен жөтел; Ұстама кезінде науқастың тері жамылғалары бозарады, ағыл-тегіл тер шығады. ЖСС минутына 160-220 шамасында, мойын веналары ісінеді, ырғақ маятник тәрізді немесе эмбриокардияға ұқсас. Тахикардия ұстамасы ұзақка созылса, жүрек шамасыздығының белгілері өрістейді.
ЭКГ белгілері: жедел басталып жедел аяқталады, 140-220 рет минутынағ жүрек ритмі дұрыс. QRS комплексінің кеңеюі мен деформациясы, RS-T сегменті мен Т тісшесінің дискордантты орналасуы

Пароксизмальды қарыншалық тахикардия


Қарыншалар жиырылу жиілігі = 186 в мин

Қарыншалардың тыпырлауы және фибриляциясы

  • - қарыншалардың жиырылуының толық ассинхрондылығымен, эффективті систоланың болмауымен жүретін жүректік ритм бұзылысы. Тыпырлау 200-300 рет минутына, фибриляция кезінде 200-500 рет минутына (систола болмайды)
  • Этиологиясында:
  • тұрақты және тұрақсыз пароксизмалы қарыншалық тахикардия
  • гликозидті интоксикация нәтижесінде дамитын 2 бағытты қарыншалық тахикардия
  • ВПУ синдромы бар науқастағы пароксизмальды тахикардия
  • органикалық зақымданулар: ЖКЖ, ЖЖ кезіндегі айқын кардиомегалия
  • метаболизмдік жүрек ақаулары
  • физикалық және химиялық зақымдаушылар әсерінен
  • Патогенезінде: қарыншалар миокардында көптеген micro-re-entry ілмектерінің пайда болуы көрінеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет