Қызметкерлер үшін демалыс күні бес күндік жұмыс аптасымен белгіленеді



бет1/4
Дата02.10.2023
өлшемі55.5 Kb.
#479517
  1   2   3   4
Ішкі тәртіп ереже (1)


Бекітемін
Колледж директоры: _________Н. Алипбеков
«_____»________2023ж.


Түркістан жоғары, көпсалалы аграрлық колледж қызметкерлерінің ішкі тәртіп
Ережелері

  1. Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты

  1. Қызметкерлер үшін демалыс күні бес күндік жұмыс аптасымен белгіленеді.

  2. Мекемеде жұмыс уақыты таңғы сағат 9.00-ден басталып, 17.00-де аяқталады, оның ішінде кафедра меңгерушілеріне сағат: 830-1700-ге дейін, барлық оқытушыларға сағат: 9.00-17.00-ге дейін. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат: 13.00-ден 14.00.-ге дейін, ал оқытушыларға жұмыс күні үзіліссіз.

  3. Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге жексенбі күндері демалыс беріледі, ол күн - сенбі, жексенбі.

  4. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні және 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

  5. Жыл сайынғы ақылы демалыс басшы бекіткен кестеге сәйкес беріледі.

  6. Қызметкерлерге әлеуметтік жалақы сақталмайтын демалыстардың мынадай түрлері беріледі:

  1. Некеге тіркелгенде;

  2. Бала туылғанда;

  3. Жақын туыстары қайтыс болғанда;

  4. Еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезінде қызметкердің жазбаша өтініші мен анықтама негізінде күнтізбелік бес күнге дейін.

Колледж қызметкерлері белгіленген жұмыс уақытынан 15-20 минут бұрын келуі керек.


2. Колледж оқытушылары мен қызметкерлері міндетті:

  1. Адал және сапалы жұмыс істеуге, колледждегі тәртіп ережелерін, еңбек тәртібін сақтауға, әкімшіліктің жарлығын және лауазымды міндеттерін дер кезінде орындауға, барлық жұмыс уақытын, тапсырылған істі орындау үшін пайдалануға.

  2. Оқу және әдістемелік жұмысты жоғары кәсіптік және ғылыми дәрежеде және оқу жоспарлары мен бағдарламалардың орындауын қамтамасыз етуге.

  3. Оқушыларды жеке шығармашылық белсенділікте тәрбиелеуді жүзеге асыруға, олардың өзіндік және шығармашылық өсуі үшін жағдайлар жасауға және тәрбие жұмыстарын жүргізуге.

  4. Өзінің кәсіптік деңгейін, педагогикалық шеберлігі мен іскерлігін, біліктілігін үнемі көтеріп отыруға, пәннің өзгешелігін есептеп отырып, мемлекеттік тілде оқып-үйренуде білімін жетілдіруге, мамандығына сәйкес өткізетін пәндері бойынша қазіргі заманның ғылыми және техника саласындағы ең жаңа жетістіктерін біліп отыруға, сабақ жүргізудің ұтымды тәсілдерін уақытысында меңгеруге, озық тәжірибені зерттеп, байытып және таратып отыруға.

  5. Колледж оқытушыларының ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыруға және оған әдістемелік басшылық жасауда жүзеге асыруға.

  6. Шаруашылық жүйелер ісіне нарықтық қатынастарды өндіру және кәсіпкерлік дағды қалыптастыру мақсатымен оқушылардың экономикалық, техникалық білімін көтеруге, кәсіптік дағдыларды үйретуге жағдай жасауға.

  7. Өз жұмыс орнын, жиһаз-жабдықтарды ұқыптылықпен ұстауға, сондай-ақ колледждің ішінде және сыртқы айналасында тазалық сақтауға, материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың белгіленген ережелерін орындауға, су және электр қуатын үнемді және тиімді пайдалануға.

  8. Оқушылар үлгерімінің есебін қатаң жүргізуге, олардың өз беттеріне жұмыс істеуін ұйымдастыруға және бақылауға, оқушылардың үлгермеушілік себептерін айқындауға, оларға пәрменді көмек көрсетуге.

  9. Еңбек қорғау, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға.

  10. Кәсіптік бағдарламаның жұмысын жүргізуге.

  11. Оқушылардың дене тәрбиесі мен олардың денсаулығын нығайту шараларын жүзеге асыруға.

  12. Колледжді бітірушілерімен тұрақты байланыс жасауға, олардың өндірістік ісін зерттеп және соны талдау негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жетілдіруге.

  13. Басқа оқу орындарының оқытушыларымен тәжірибе алмасуға.

  14. Оқушылар контингентін сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға.

  15. Оқытушылар мен қызметкерлерге жүктелген міндеттердің олардың кінәсінен орындалмауы, тәртіптік шара қолдануға және жеке еңбек келісім-шартын бұзуға дейін апаруы мүмкін.

Колледж қызметкерлерімен, кәсіподақ ұйымымен және оқытушылармен «Келісілген».
Келісілді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет