Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет152/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   205
index

Күйдіргіш натр (каустикалық сода) - түссіз, иіссіз, ӛте 
гигроскопиялық (ылғалтартқыш), кристалды зат, суда жақсы ериді. 
Оның еру кезінде кӛп мӛлшерде жылу бӛлінеді. Бұл натрий тотығының 
гидраты, ол ас тұзының судағы ерітіндісінің, электролиз арқылы пайда 
болады. Ауада күйдіргіш натр кӛміркышқыл газымен байланысқа түсіп, 
кӛмірқышкыл натрийге айналады. Ас тұзын қосу 10% дейін 
спороцидтті әсерін күшейтеді. Кӛліктерді дезинфекциялау үшін 
күйдіргіш натр құрғақ және сілтілі ерітінді түрінде қолданылады. 
Дезинфекциялау үшін техникалық тазартылмаған күйдіргіш натр 
(каустикалық сода) қолданылады.
Құрғақ каустикалық соданың құрамында күйдіргіш натр 92-95% 
кем емес, 2,2-3% кӛмір қышқылды натрий, 1,5-3,75% хлорлы натрий, 
0,1-0,2% суда ерімейтін минералды қалдық болу керек, ал сұйық 
препарат құрамында 42% кем емес күйдіргіш натр болады. 
Күйдіргіш натр бактерицидттік, вируленттік және спороцидттік 
қасиеттерге ие. Ерітінді температурасы жоғарылаған сайын, оның 
дезинфекциялық қасиеті де жоғарылайды. 
Күйдіргіш натрдың 3% концентрациясы (70-80
0
С) вегетативті 
микробтарға бактерицидттік әсерін тигізеді: ішек таяқшасы, протей, 
сүзілетін вирустарға қарсы вирулентті әсерін тигізеді 
Сақтық шаралары: Сілтілер органикалық ткандерді күйдіріп 
жейді, сондықтан оларды жалаңаш қолмен ұстауға болмайды. 


269 
Ерітінділерді дайындау барысында резеңке етік, алжапқыш, қолғап, 
қорғаныс кӛзілдірік, халат кию қажет. Кӛзге тиген кезде 2% бор 
қышқылымен жуып шаю керек. Күйдіргіш натр теріні тітіркендіріп 
күйдіреді. Натр ерітіндісін мал ішіп қойған жағдайда улану процесі 
ӛтеді. Құсу, қан аралас іш ӛту пайда болады. 
Қүйдіргіш натр ерітінділерін кӛбінесе ет ӛндірістерінде жуу үшін 
(0,2-0,5), технологиялық құралдарды дезинфекциялау үшін (2-10) 
қолданады. Және кӛптеген аурулардың алдын алу шараларын 
ӛткізгенде (мысалы, аусыл, шошқа обасы, энцефаломиелит, 
инфекциялық анемиясы) күйдіргіш натрді ыстық (70
0
С дейін) күйде 
қолдану тиімді. Спороцидттік қасиеті де белгілі: 30% ерітінді сібір 
жарасының спораларын 10 минуттан кейін, 10% ерітінді 1 сағаттан 
кейін, 5% ерітіндісі 3 сағаттан кейін жояды. Кӛлікте санитарлық ӛңдеу 
жүргізгенде, күйдіргіш натрда иістің қалуы жіберілмейтін жерде 
қолданады: жануарларды тасымалдағаннан кейін теміржол вагондарын 
(рефрижератордан басқасы), жануарларды тасымалдағаннан кейінгі 
автокӛлікті жануарларды арту платформаларын дезинфекциялау үшін 
қолданады. 
Каустикалық сода – құрғақ, ақ зат (кӛгілдір түстен қоңыр, сұр 
түске дейін), ылғалтартқыш және ауада тез ыдырайды, балқу 
температурасы 321
0
С, қайнау температурасы 1378
0
С. Суда тез ериді 
18
0
С температурада 51,7%, ал 80
0
С температурада -75,8%, метил және 
этил спирттердің ішінде жақсы ериді. Еру үрдісі кезінде кӛп мӛлшерде 
жылу шығады. 
Дезинфекцияға жататын нысаны неғұрлым ластанған болса, 
соғұрлым ерітінді концентрациясы жоғары болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет