268
сілтілердің
дезинфекциялық
әсерінің
механизмі
түсіндіріледі.
Сілтілердің
концентрленген
ерітінділері
тірі
жасушаның
протоплазмасының терең ауысуына әкеледі белок гидролизі, коллоидті
заттардың
пайда болуы, майлардың сабындануы, кӛмірсулардың
кӛректенуі бұзылып, ол ӛледі. Сілтілер ұлпаға терең сіңуі мүмкін, бірақ
аз концентрацияда олар тек эпидермисті жұмсартады.
Және сілтілердің дезинфекциялаушы механизмі нысанда,
нысан
орналасқан ортаға тікелей байланысты. Мәселен, қышқыл ортада
сілтілер бейтараптау реакциясына түседі. Сілтілер микроб жасушасына
енгеннен кейін ол рН-ты жоғарылатып,
ақзатпен байланыс кезінде
денатурацияға әкеліп соғады да сілтілі альбуминаттар пайда болады.
Майлар сілтілермен сабындану реакциясына түседі. Кӛмірсулар
сілтілер әсерінен бұзылады. Сілтілердің әлсіз ерітінділерінде кӛптеген
микроорганизмдердің
ӛміршеңдігі
артады.
Жоғары
концентрацияланған сілтілер ғана микробтар дамуына кедергі жасап,
оларды жояды (негізінен вегетативті түрлерін).
Күйдіргіш сілтілердің ыстық ерітінділерімен дезинфекцияланған
соң
ғимараттарды желдету қажет, ӛйткені аммониймен қосылыстар
әсерінен кӛп мӛлшерде аммиак бӛлініп, жануарлардың улануы мүмкін.
Ветеринарлық тәжірибеде дезинфектанттар ретінде қолданылатын
сілтілер: күйдіргіш натр, калий, сӛндірілмеген ақ, поташ содасы.
Достарыңызбен бөлісу: