304
ДЖС жағдайларына байланысты, ұстағыш-штатив құрылысы басқа
болуы мүмкін.
Штативті вагонға немесе платформаға орналастырады. Ұстағыш-
штатив тұтқасы есік саңылауынан сыртқа шығып тұруы қажет. Вагон
ішіне аэрозольдің бірқалыпты шашырауы үшін (вагонның алдыңғы
есігіне қарай), ұстағыштың тұтқасымен 4-6 бұрылым жасайды.
Вагон есіктерін тығыздау материалдарымен герметизирлейді, олар
есіктерінің периметіріне
сәйкес келуі керек, содан кейін есіктерді
тығыздап жабады. 2200х250 мл кӛлемдегі тығыздатқыш әр түрлі
полимерлі қабықтан (полиамидинді ПК-4 ТУ-У ХП-17-58, полиэтиленді
қабығы ГОСТ 10354 -63, поливинхлоридтті кабық В-108, ТУ МПХ М
786-57) сонымен қатар брезентті болуы мүмкін.
Дайындалған тығындарды тығыздайтын материалдармен толтырады
(пролон, ескі зат, шүберек, сабан, мақта және т.б.). Тығындарды
толтырғаннан кейін оларды
тігеді немесе желімдейді, ыдысты
дезинфекциялық ерітінділерімен толтырып 4-5 атм жеткенше дейін
компрессорды және электрозарядты құралды қосады. Қысым (0,4-0,5 мп)
шүмегін ашады (АП-ТАН ауалы немесе сұйықтықты жүйесі).
Техникалық параметрлері мынандай: сұйықтың шығыны 400-500 мл/мин,
қысымы 4-5атм; аэрозольді бӛлшектерді медиальды диаметрі 20-25 мкм
болу керек. Аэрозольді қондырғының ӛндірілімі кезінде 400-500 мл/мин
вагон сыйымдылығы 100м куб болған кезде дезинфекцияны 1-10 мин
бойы шашыратады; жүйе кернеуі 220 В, токқа айналу кернеуі 1000 В, ток
ауыстырғышы 2 х 10
-6
А.
Вагондарды электроаэрозольді дезинфекциялау үшін 4% глутар
альдегид ерітіндісін 150 мл/м
3
шығыны есебінде қолданады,
экспозициясы 1 сағат препараттарды енгізгеннен кейін вагондардан
штативті
алып шығып, есікті тығыздап жабады. Дезинфекция
аяқталғаннан кейін вагонды дезинфектанттардан тазарту үшін сумен
шаяды, керек болған жағдайда желдетеді. Электроаэрозольмен жұмыс
істеген кезде қауіпсіздік шараларын мықтап сақтау керек. Бұл жұмыспен
айналысатын жұмысшылар арнайы киімдермен жабдықталуы қажет
(халаттар, резеңке қолғаптар, етіктер, алжапқыштар).
Дезинфекцияны А
патронды РУ-46 респираторымен немесе қорапшаны «А» марканы
противогазбен жүргізеді.
Рефрижераторлы вагондарды бұл әдіспен дезинфекциялау олардың
толық ӛңделуін қамтамасыз етеді, ылғалды дезинфекцияға қарағанда
ерітінділер аз мӛлшерде кетеді, темірлі құрылыстың коррозияға
ұшырауын тӛмендетеді, соның әсерінен вагондардың жарамдылығы кӛпке
шыдайды.
Дезинфекцияның технологиялық үрдісі операторсыз жүзеге
асырылады және химиялық заттардың
қоршаған ортаға тасталуын
болдырмайды.