Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Жануарлар ӛнімдерін тасымалдайтын ыдыс-қораптарды



Pdf көрінісі
бет181/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   205
index

Жануарлар ӛнімдерін тасымалдайтын ыдыс-қораптарды 
ветеринарлық-санитарлық ӛңдеу 
 
Тұтынушыға ет ӛнімдерін жеткізетін (үй жануарларының етінен 
дайындалған ӛнімдер, шикізат, ет жартылай ӛнімдері, әр түрлі үй 
құстары, жұмыртқа және т.б.) ыдыс-қораптар: темірден, ағаштан, 
капроннан, қатты қағаздан, матадан, импортты болуы мүмкін. Отандық 
немесе импорттық, жергілікті жұмыртқа салынатын қатты қағазды 
қорапты сауда орталықтарында жұмыртқамен бірге сатып алады. 
Шетелден әкелінген жұмыртқаларды тасымалдағаннан кейін, біздің 
қорап жасайтын, жӛндейтін зауыттарға жібереді, онда барлық жақтардан 
ыдыс-қораптар жӛндеуге келеді, бірақ әр бір жерден жиналған ыдыс-
қораптар құстың инфекциялық ауруларын таралуына мүмкіншілік береді. 
Сондықтан оларды жасайтын, жӛндейтін зауыттарда мұқият түрде 
дезинфекциялау керек, тек содан кейін тарату қажет. 
Қайтарылған ет қорап-тыстары, сауда орталығынан ет, құс 
комбинатына, құс фабрикаларына түскеннен кейін дезинфекциялануы 
қажет. Ӛндірістерді, ӛнеркәсіптерді ветеринарлық қадағалау кезінде 
ветинспекторлар осы аталған жұмыстарға назар аудару керек. 
Ет қорап-тыстарын дезинфекциялау. Темір, ағаш, пластмасс 
материалдарынан жасалған қорап-тыстарды ӛнімнің қалдықтарынан 
тазартады, 
ыстық 
сумен 
жуып, 
үлкен 
ыдысқа 
қүйылған 
дезинфекциялаушы ерітінділерде ӛңдейді. Ол үшін құрамында 0,5% 
белсенді хлоры бар хлорлы әк ерітіндісін немесе 0,25% гипохлорит 
натрий ерітіндісін және т.б. қолданылады (Поляков, 1964). 
Сонымен қатар құс ұшаларын тасымалданған қорап-тыстар ыстық 
кальцинирленген (0,5%) ерітіндімен немесе қаустикалық содамен (0,15%), 
0,8-1% хлорамин ерітіндісімен немесе ыстық бумен ӛңделіп, екі рет 
қайтара сумен жуылып, кептіру арқылы ӛңделеді. Ыстық бумен
дезинфекциялағаннан кейін сумен шаймайды. 
Құс ӛңдеу шаруашылығындағы ет қорап-тыстарын 1 сағат бойы 5% 
Демп ерітіндісінде ӛңдейді. Оларды осы және басқа да препараттармен
шлангымен шашырату арқылы, механикалық түрде дезинфекциялауға 
болады (Закомырдин, 1976ж).
Бүкіл Ресейлік ветеринарлық-санитарлық, гигиеналық және 
экологиялық 
ғылыми-зерттеу 
институтында 
ет 
қорап-тыстарын 
формальдегидті аэрозолмен немесе хлор-формалинді аэрозолдермен 
арнайы кӛлемі 100 ден 500м
3
герметикалық камераларда санына қарай 
ӛңдеу әдісі енгізілген (Закомырдин, Березнев, Репин, 1976ж). 
Темір және ағаш жәшіктерді дезинфекциялау алдында қағаз 
қалдықтарынан тазартып ыстық сумен жуып, араларына, біріншіден, орын 
қалдырып сәкі үстіне тігінен қояды. Камераны толтырғаннан кейін 
форсунка (ТАН), автомакс немесе А2-УД-2 38-40% формальдегид 


315 
ерітіндісімен 30 минут бойы 30 мл/м3 мӛлшерде шашырату арқылы 
дезинфекциялайды. 
Аппаратсыз жағдайда дезинфекциялаған кезде 38-40% формальдегид 
ерітіндісін және 30г хлорлы әкті қосу арқылы ӛткізеді. Экспозицисы 30 
минут. Хлор-формалинді аэрозольді аппаратсыз түрде алу үшін, 
құрамында 20% белсенді хлоры бар хлормен формалинді әр қатынаста 
қосу арқылы, 10-15 литр темір ыдыстарда дайындайды. Экзотермиялық
реакциялар әсерінен камерадағы ауа хлор және формалин булары, 
конденсірленіп аэрозольді белсенді әсер етуші зат түзеледі.
Дезинфекция аяқталғаннан кейін камераларды желдетеді немесе 25% 
аммиак ерітіндісімен, 1-2 тәулік бойы 30 минут бойы бейтараптайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет