Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Ет ӛнімдері мен азықтық ет шикізаттарын кедендік одақтың



Pdf көрінісі
бет56/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   205
index

Ет ӛнімдері мен азықтық ет шикізаттарын кедендік одақтың 
аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын 
ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар 
 
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға 
жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын 


91 
дені сау жануарлардан алынған және арнайы ет ӛндейтін 
комбинаттардан, мал сою кәсіпорындарынан алынған ет жатады. 
Кедендік одақтың аумағына экспортқа жіберілетін жануарлар мен 
ет және басқа да азықтық ет шикізаттары, сояр алды ветеринарлық 
қарауға жатады, ал ұшалар (басы және ішкі мүшелері) – сойыстан 
кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптауға жатады. Ет және 
басқада еттен жасалған ӛнімдер адамға тағамдық қолданысқа жарамды 
болуы керек.
Ұшаларда анық кӛрінетін мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың
мӛрі, онда мал сойылған ет комбинатының атауы немесе номері болуы 
керек. Бӛлшектелген ет қорабында немесе кесектерде таңбасы болады 
(ветеринарлық мӛрі). Таңбалау этикеткасы жақсы жабыстырылу керек,
қорапты бұзған немесе ашқан кезде, таңбалық этикеткаға зақым 
келмеуі керек.
Ет және басқада ет шикізаты жануарлардың жұқпалы 
ауруларынан сау, аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес шаруашылықтан 
немесе әкімшілік аумағынан шығарылады, аталған жұқпалы ауруларға 
жататындары: 
А) барлық жануарлар түрлері үшін: 
- сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы; 
- аусыл – аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе 
әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы; 
Б) ірі қара малы:
- лейкоз – шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы; 
- бруцеллез, туберкулез - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай 
бойы; 
- ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы және қойлардың скрепи – ХЭБ 
Кодексінің ұсыныстарына сәйкес ел аумағында; 
- ірі қара малдың обасы, контагиозды плевропневмония - аймаққа 
бӛлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 
ай бойы; 
- В) қойлар мен ешкілер:
- - ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы және қойлардың скрепи – ХЭБ 
Кодексінің ұсыныстарына сәйкес ел аумағында; 
- аденоматоз, меди-висна, артрит-энцефалит – шаруашылық 
аумағында соңғы 36 ай бойы; 
- блутанг- аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе 
әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы; 
- ІҚМ обасы- аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе 
әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы; 


92 
- ҰҚМ обасы- аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе 
әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы; 
- туберкулез, бруцеллез, ешкі мен қойлар шешегі- шаруашылық
аумағында соңғы 6 ай бойы; 
Г) шошқалар: 
- африкалық шошқа обасы - аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес ел 
аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы; 
- трихинеллез- шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы; 
- шошқалардың 
репродуктивті-респираторлы 
синдром- 
шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы; 
- шошқалардың энтеровирусты энцефаломиелиті (Тешен ауруы) - 
шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
- шошқаның везикулярлы ауруы - аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес ел 
аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы; 
- шошқаның классикалық обасы – аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес 
ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы; 
- Ауески ауруы – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес ел 
аумағында; 
Кедендік одақтың аумағына енгізуге немесе Траптар арасында 
тасымалдауға келесілер жіберіледі: 
- трихинеллезге зерттелген, теріс нәтиже берген шошқа ұшалары; 
- жануар текті азықтарды қабылдамаған жануарлардан алынған. 
Кедендік одақтың аумағына енгізуге немесе Тараптар арасында 
тасымалдауға келесілер жіберілмейді: сойғаннан кейінгі ветеринарлық-
санитарлық қарау кезінде, ауысылға, обаға, анаэробты инфекцияға, 
туберкулезге, лейкозға және басқада ауруларға тән ӛзгерістер және 
гельминттермен зақымдалғаны анықталса (цистицеркоз, трихинеллез, 
саркоспоридиоз, онхоцеркоз, эхинококкоз және т.б.), және де әр түрлі 
заттармен уланған кезде; сақтау кезінде дефростацияға үшыраған; 
бұзылу белгілері байқалған; мұздатылған санның бұлшық етінің 
қалыңдығында – 8
0
С жоғары болса, суытылған ет үшін – 4
0
С жоғары 
болса; ішкі мүшелерінде, ұлпаларда қан талаулары, алынбаған 
абцесстер болса, бӛгелектердің жұмыртқаларымен, лимфа түйіндері 
алынып тасталса, механикалық қоспалар, етке сай емес түспен, 
иістенсе, дәмі болса (балықтың, дәрілік заттардың, шӛптердің және 
т.б.); консервілеу заттары болса; сальмонеллалар немесе басқа да 
бактериялық инфекцияның қоздырғыштары болса; бояушы заттармен 
ӛңделсе. 
Еттің 
микробиологиялық, 
физико-химиялық, 
химико-
токсикологиялық және радиологиялық кӛрсеткіштері кедендік одақтың 


93 
аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе 
ережелерге сай болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет