Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Жылқы етін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар



Pdf көрінісі
бет58/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   205
index

 
Жылқы етін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар 
арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын
ветеринарлық талаптар 
Кедендік одақтың аумағында және Тараптар арасында
тасымалдауға дені сау жылқылардан алынған және арнайы ет ӛндейтін 
комбинаттардан, мал сою кәсіпорындарынан алынған ет жатады.
Жануарлар сояр алды ветеринарлық қарауға (бірреттік кӛз 
маллеинизация арқылы маңқаға тексеріледі, теріс нәтиже болу керек), 
ал ұшалар (басы және ішкі мүшелері) – сойыстан кейінгі 
ветеринариялық-санитариялық сараптауға жатады. Ет адамға тағамдық 
қолданысқа жарамды болуы керек.
Жылқы ұшаларында анық кӛрінетін мемлекеттік ветеринарлық 
қадағалаудың мӛрі, онда мал сойылған ет комбинатының атауы немесе 
номері болуы керек. Бӛлшектелген ет қорабында немесе кесектерде 
таңбасы болады (ветеринарлық мӛрі). Таңбалау этикеткасы жақсы 
жабыстырылу керек, қорапты бұзған немесе ашқан кезде, таңбалық 
этикеткаға зақым келмеуі керек.
Ет және басқада ет шикізаты дені сау сойыс жылқылардан алыну 
керек, аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес шаруашылықтан немесе 
әкімшілік аумағынан шығарылады, аталған жұқпалы ауруларға 
жататындары: 
- жылқылардың африкандық обасы -
аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес 
ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
- инфекциондық анемия- шаруашылық аумағында соңғы 3 ай 
бойы; 
- маңқа- аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе 
әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;


95 
- эпизоотиялық лимфангоит-
шаруашылық аумағында соңғы 2 ай 
бойы; 
- сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.
Кедендік одақтың аумағына енгізуге немесе Тараптар арасында 
тасымалдауға келесілер жіберілмейді: сойғаннан кейінгі ветеринарлық-
санитарлық қарау кезінде, індеттік ауруларға тән ӛзгерістер және 
гельминттермен зақымдалғаны анықталса, әр түрлі заттармен уланған 
жағдайлар байқалса, ішкі мүшелерінде, ұлпаларда қан талаулары 
болса, алынбаған абцесстер болса, бӛгелектердің жұмыртқаларымен 
зақымдалса, лимфа түйіндері алынып тасталса, механикалық 
қоспалармен, етке сай емес түспен боялса, бӛгде иіс пен дәмі болса 
(балықтың, дәрілік заттардың, шӛптердің және т.б.); мұздатылған сан 
етінің қалыңдығында температурасы – 8
0
С жоғары болса, суытылған ет 
үшін – 4
0
С жоғары болса;
сальмонеллалар немесе басқа бактериялық 
инфекцияның қоздырғыштары болса; бояғыш заттармен және ион мен 
ультра күлгін сәулелерімен ӛнделген. Жылқы еттерінде табиғи немесе 
синтетикалық, эстрогендік гормоналдық заттар, тиреостатикалық 
препараттар, антибиотиктер, пестицидттер және де басқа дәрі-дәрмекті 
заттар болмауы керек. Еттің микробиологиялық, физико- химиялық, 
химико-токсикологиялық және радиологиялық кӛрсеткіштері кедендік 
одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға
немесе ережелерге сай болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет