Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Арнайы киімдер, аяқ киімдер және басқа заттарды



Pdf көрінісі
бет184/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   205
index

Арнайы киімдер, аяқ киімдер және басқа заттарды 
дезинфекциялау 
Инфекцияланған арнайы киімдер мен аяқ киімдер түрлі жануарлар 
ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды, сондықтан дезинфекция 
аяқталғаннан кейін міндетті түрде ӛңдеу жұмыстары жүргізіледі. 
Арнайы киімдерді дезинфекциялау тәртібі. Тасымалдаған кӛлік 
заттарын дезинфекциялағаннан кейін арнайы киімдерді дезинфекциялау 1 
категориялы түрде кептіргіш шкафтарда немесе арнайы бӛлмелерде 
жүргізіледі. Ластанған халаттар мен басқа киімдерді жууға жібереді. 
Кӛлікті 2 және 3 категориялы дезинфекциялағаннан кейін матадан 
жасалған (халаттар, комбинизондар) және брезентті киімдерді 
(алжапқыштар) келесі түрде дезинфекциялайды: 
- спорасыз микрофлорамен және вируспен инфекцияланған киімдерді 
2 сағат бойы 2% формальдегид ерітіндісімен немесе 3% хлорамин 
ерітіндісімен ӛңдейді, немесе 2% кальцинирленген сода ерітінділерде 30 
минут бойы қайнатады. Ерітіндіні 1 кг киімге 5 л есеп бойынша алады. 
Ӛңделетін киімдер ерітіндіге батырылғаннан кейін, ерітінді оның бетінен 
10 см асып тұруы керек; 
- споралы микрофлорамен инфекциялаған арнайы киімдерді 4% 
формальдегид ерітіндісінде батыру арқылы 4 сағат бойы ӛңдейді, немесе 
2% кальцинирленген сода ерітіндісінде 1 сағат бойы қайнатады; 
- мақтадан жасалған халаттар, комбинизондарды және брезенттен 
жасалған арнайы киімдерді, теріден және жүгеннен жасалынған киімдерді 
булы формалинді камераларда дезинфекциялауға болады, киімдер 
ыңғайлы ілінуі керек. 
Камера мен киімдерді калорифер немесе бумен 30-40
0
С дейін 
ысытады. Камерадағы киімдер 10-20 минут кептіріліп, 5-10 минут 


318 
желдетіледі. Кейін камераға буды жіберіп 53-55
0
С температураға дейін 
жеткізеді. Содан кейін түтікше арқылы 40% формалинді жібереді. 
Барлық ӛңдеу уақытында камерадағы температура 58-59
0
С болады. Жүнді 
және теріден жасалынған ӛнімдерді бүлініп кетпеуі үшін кептіреді. Бұл 
заттарды дезинфекциялау ылғалды жағдайда жүргізілмеуі керек. 
Инфекцияланған арнайы киімдерді булы формалинді камераларда 
дезинфекциялау үшін, міндетті түрде келесі ережелерді сақтау керек: 
32-Кесте. Камераларда дезинфекциялау режимі 
Инфекция
түрі 

3
камераларға 
киімдерді енгізу ен 
тығыздығы 
Температура, 
С 

3
камерадағы
формалин
шығыны, мл
Формалинді 
жіберген 
кездегі
ӛңдеу
уақыты, 
минут 
Споралы емес 
микрофлора

58-59 
100 
60 
Туберкулез 
бактериялары 

58-59 
100 
120 
Споралы 
микрофлора 

58-59 
250 
180 
Дерматофиттер 

58-59 
250 
165 
Брезентті, мақталы және киізді киімдер Крипина камераларында 
немесе зертханалық автоклавтарда 110-111
0
С, қысымы 0,5 атм ӛңдеуге 
болады. 30 минут бойы споралы емес 90 минут споралы микрофлораларды 
немесе қайнатылған сумен (кигізден жасалғаннан басқаларын), ал 
споралы 90 минут бойы ӛңдейді. 
Аяқпен киім ластанғандарын табандарын дезбарьерден ӛткізгенде, 
онда қандай болмасын дезинфекциялық ерітінділер болғанымен
дезинфекциялау жеткіліксіз, ӛйткені аяқкиімнің басқа бӛліктерінде 
қоздырғыштар 
қалуы 
мүмкін. 
Аяқ 
киімнің 
барлық 
жері 
дезинфекциялануы керек, ол үшін келесі әдістер қолданылады: 
- резеңкелі, брезентті, киізді аяқ киімдер, резеңкелі қолғаптарды, 
галоштарды және резеңкеден жасалған ӛнімдерді 2-3% формальдегидпен 
2 сағат бойы 20
0
С ӛңдейді. 1кг аяқ киім үшін ерітінділерді 5л, ол ерітінді 
қолданылуы керек. Споралы микрофлорамен ластанған аяқ киімдерді 4% 
формальдегидте 4 сағат бойы ӛңдейді. Ӛңдегеннен кейін аяқ киімдерді 
шайып кептіреді.
- теріден жасалған аяқ киімдерді немесе басқа да ӛнімдерді булы 
формалинді камераларда ӛңдеуге болады. Тері аяқ киімдерін сулемо-
карбол ерітіндісімен сүрту керек, оны дайындау үшін 1л сулема 


319 
ерітіндісін 1:100 қатынаста 30г кристалды карбол қышқылын қосады. 
Осындай ӛңдеуден кейін оны кептіріп, қайың майымен немесе маймен 
майлайды. 
- теріден жасалған аяқ киімдерді хлорлы әкпен ӛңдеуге болмайды, 
ӛйткені ол жарамсыз болып қалады. 
- киізді, брезентті және резеңкелі аяқ киімдерді, лизол, формалин-
керосин эмульсиясында ӛңдеуге болады. 
- етіктерді глакпен аэрозольды станоктарда ӛңдеу ұсынылған. Ол 
үшін препаратты 20-30 минут бойы қашықтықтан етіктердің сыртына 
шашады. Препарат шығыны 1 етікке 23-25г, экспозициясы 15 минут. 
Экспозициядан кейін етіктерді сумен шайып, кептіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет