332
шығарады, бӛшке және басқа ыдыстардағы
герметикалық жабылмаған
суды тӛгеді. Дезинфекциялау үшін газды бром метилін ұшақтың ішкі
кӛлеміне 300 г/м
3
есебімен 48 сағат залалсыздандырады. Ұшаққа газдың
берілуінің аяқталуы экспозицияның басы болып саналады.
Ұшақтың
ішіндегі температура 15
0
С тӛмен болмауы керек. Бром метиліның
мӛлшері әртүрлі типті ұшақтарды дезинфекциялау үшін қажет.
33-Кесте. Әртүрлі типті ұшақтарды дезинфекциялау үшін бром
метилінің мӛлшері
Ұшақ типі
Ұшақ кӛлемі, м
3
Қажетті бром метил, кг
ТУ-104
205
61,5
ТУ-1045
212
63,5
ТУ-124
12
36,6
ИЛ-18
240
72,0
АН-12
240
72,0
АН-24
97,43
30,0
Бром метилін ұшаққа баллонның мӛлшері
бойынша енгізеді, оны
ұшақтың жанында жерде орналастырады. Сұйық газ алдын-ала
буландырғышқа (испаритель) түседі, содан кейін газ тәрізді күйге
айналады да, шланг арқылы ұшақ салонына ӛтеді.
Ұшақты газдау шарасын ӛткізу үшін әуежай территориясында басқа
ұшақтардан, кәсіптік, жалпы және тұрғын үй ғимараттарынан 100м-ден
кем емес қашықтықта арнайы алаң дайындалады. Газдау шарасын ӛткізу
барысында қорғаныс зонасының шекарасында «Кіруге тыйым салынады»,
«Қауіпті», «Қауіпті-улы газ» деген және т.б. жазуы бар сақтандырғыш
белгілер қойылады. Ашық алаңды тәулік бойы күзетеді және күзетші
нысаннан 50м қашықтықта орналасу тиіс. Ұшақтағы газ концентрациясын
тексеру үшін, оның берілуі тоқталғаннан соң, газды берген шланг
арқылы
газды-ауа қоспаның сынамасын алады. Дезинфекциялау кезінде газдың
концентрациясы 20г/м
3
-тан кем болмауы керек. Дезинфекция немесе
дезинфекция экспозициясы аяқталғаннан соң,
моторлық қыздырғыштан
45
0
С дейін қыздырылған ауаны ұшақ кабинасы, салоны және жүк
бӛлімдеріне үрлеу арқылы жасанды дегазация жүргізеді. Ұшақтың толық
дегазациясын жоғарыда кӛрсетілген әдіс бойынша бром метилінің 300г/м
3
есебінде енгізілуінен кейін 8-30 сағат орындалады. Дегазацияның уақыты
мотор қыздырғыштарының кӛбеюі және ауаны беру интенсивтілігін
жоғарылатуы есебінен азайтылуы мүмкін. Күзгі-қысқы мезгілде дегазация
уақыты 1,5-2 есе ұзартылады. Дегазациядан
кейін ұшақтың буферлік
бӛлімін, ас және шай ыдыстарын сабындап ыстық сумен жуады, барлық
қалдықтарын жағады. Бром метилімен жұмыс істеуде «Теңіз судаларын
бром метилімен, синил қышқылы және күкірт ангидридымен газды ӛңдеу
тәртібінде» кӛрсетілген қорғаныс шараларын ұстану қажет. Ұшақтың
333
газдауы бойынша барлық шараларды бром метилінің ауадағы
концентрациясы 33 г/м
3
жағдайында 20 минут. Жұмыс істеуге арналған
«А» маркалы фильтрлі қорабы бар (қоңыр түсті), противогаздар киіп
жүргізу керек. Противогазды әр
жұмысшыға жеке бекітіп береді,
противогаздың бас киімін бастың кӛлемі бойынша береді. Бет
противогазынан басқа, газдаушыларды комбинизон, резеңке аяқ киім,
хирургиялық қолғап және қолғаппен қамтамасыз етеді.
Ұшақтың бром метилімен ветеринарлық дезинфекциясының барлық
жұмыстары мал дәрігерінің (фельдшер) бақылауымен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: