Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Автокӛліктің лажсыз дезинфекциясы



Pdf көрінісі
бет199/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   205
index

Автокӛліктің лажсыз дезинфекциясы 
Жануарлардың инфекциялық аурулары болғанда автокӛлікті 
дезинфекциялау режимдері. 
Тасымалдаған кезде инфекциялық ауру табылса, автокӛлікті тазалау 
және дезинфекциялау белгілі бір инфекциялық аурулар кезіндегі 
нұсқаулық бойынша жүргізіледі. Мысалы, туберкулез табылса, жануарлар 
туберкулезін жою үшін қолданылатын шарттар инструкциясы бойынша 
ағартылған хлорлы әк ерітіндісі, 1% глутар альдегид ерітіндісі, 2% 
метафорерітіндісі, 3% формальдегид ерітіндісі т.б. қолданылады.
Бӛлмелерді аэрозольді дезинфекциядан ӛткізгенде 38-40% 
формальдегид ерітіндісі қолданылады – (40 мл/ м
3
, экспозияциясы 48 
сағат). 
Жануарларды туберкулезден сау емес бекеттерден тасымалдау 
барысында, автокӛліктерді дезинфекциялау үшін ағартылған хлорлы әк 
ерітіндісін немесе формальдегид ерітіндісін қолданады. 
Автокӛліктің аэрозольді дезинфекциясы. Ауру жануарларды 
тасымалдайтын 
автокӛліктерде 
вегетативті 
және 
споралы 
микроорганизмдер кездесуі мүмкін. Егер автокӛлік толығымен
инфицирлеген болса, онда аэрозольді дезинфекция 100% кепілдік береді. 
Аэрозольді дезинфекцияның алдында автокӛлікті механикалық 
ӛңдеуден ӛткізіп, оны арнайы бӛлмеге орналастырады немесе каркасты 
пленкамен жабады.Дезинфекцияны 38-40% формальдегид ерітіндісін 
пайдаланып жасалған аэрозольмен ӛткізеді – 60мл/ м
3
, экспозициясы – 20 
минут. Ғимарат ішіндегі температура 10
0
С тӛмен болмауы тиіс және 
ылғалдылығы 50-95%. Егер ылғалдылық 50% тӛмен болса, онда алдын-
ала 10-20 мл/ м

есебінде суды себеді, экспозиция біткеннен кейін 12,5% 


337 
мүсәтір спирттің ерітіндісімен бейтараптауды 10-15 мин ӛткізеді. 
Бейтараптаудан кейін 10-30 минут автокӛлікті желдетеді.
Марек ауруы болғанда арнайы құс тасымалдайтын және құс 
ӛнімдерін тасымалдайтын автокӛліктерді аэрозольді дезинфекциялау 
үшін ацетилсалицил қышқылы негізіндегі препаратты қолданады.
Препаратты құстарды орналастырған бӛлмелерде қолдануға болады. 
Ол дезинфекциялық қасиеттерге ие, инфекцияның таралуына жол 
бермейді. Препараттың қолдану уақыты – 12 ай, сақтау температурасы 
+5-20
0
С дейін. Дезинфекция алдында бӛлмелерді механикалық тазалаудан 
ӛткізіп, 60-70
0
С ыстық сумен жуады. 
Ӛңдеуді ӛткізу үшін баллоннан тығынды ашып, факельді бӛлме 
ауасына қаратып, аэрозольді шашады. Құс және құс ӛнімдерін 
тасымалдайтын кӛлікті 40 мл/ м

есебінде дезинфекциялайды, 
экспозициясы 1 сағат, бір рет қолданады. Қысқы уақытта дезинфекциялау 
температурасы 10-15
0
С тӛмен емес бӛлмеде ӛткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет