119
Комитетінің, қала, облыстағы бӛлімшелерінің рұқсатымен ғана
беріледі.
Қазақстан Республикасы аумағына енгізуге келесі ет, ет қнімдері
жіберілмейді: сойғаннан кейінгі ветеринарлық-санитарлық қарау
кезінде, ауысылға, обаға, анаэробты инфекцияға, туберкулезге,
лейкозға және басқада ауруларға тән ӛзгерістер және гельминттермен
зақымдалғаны анықталса (цистицеркоз, трихинеллез, саркоспоридиоз,
онхоцеркоз, эхинококкоз және т.б.), және де әр түрлі
заттармен
уланған кезде; сақтау кезінде дефростацияға үшыраған; бұзылу
белгілері байқалған; мұздатылған санның бұлшық етінің қалыңдығында
– 8
0
С жоғары болса, суытылған ет үшін – 4
0
С жоғары болса; ішкі
мүшелерінде, ұлпаларда қан талаулары, алынбаған абцесстер болса,
бӛгелектердің жұмыртқаларымен, лимфа түйіндері алынып тасталса,
механикалық
қоспалар, етке сай емес түспен, иістенсе, дәмі болса
(балықтың, дәрілік заттардың, шӛптердің және т.б.); консервілеу
заттары болса; сальмонеллалар немесе басқа да бактериялық
инфекцияның қоздырғыштары болса; бояушы заттармен ӛңделсе.
Еттің
микробиологиялық,
физико-химиялық,
химико-
токсикологиялық және радиологиялық кӛрсеткіштері кедендік одақтың
аумағында белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе
ережелерге сай болуы керек.
Сүт ӛнімдерін ӛндіруге арналған сүт, адам денсаулығына кауіп
тӛндіретін патогендік микроорганизмдерді
жою мақсатында, міндетті
түрде термикалық ӛндеуден ӛтуі тиіс. Сүт ӛнімдері адамға тағамдық
қолданысқа жарамды болуы керек. Сүт және сүт ӛнімдердің
микробиологиялық, физико- химиялық, химико-токсикологиялық және
радиологиялық кӛрсеткіштері кедендік одақтың аумағында белгіленген
ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы
керек.
Кедендік одақтың аумағында тасымалдауға органолептикалық
кӛрсеткіштерінде ӛзгерістері бар және ораманың бұтіндігі бұзылмаған
сүт ӛнімдері жіберіледі.
Ара балы немесе одан жасалған ӛнімдер жіберілмейді: ораманың
бұтіндігі бұзылған, органолептикалық, физико-химиялық ӛзгерістері
бар; құрамында табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік гормоналдық
заттар, тиреостатикалық препараттар бар.
Табиғи бал мен ара
ӛнімдерінде келесі дәрілік заттардың қалдықтары болмауы керек:
хлорамфеникол, хлорфармазин, колхицин, дапсон, диметридазол,
нитрофурандар, ронидазол және кумафос -100мкг/кг және амитраз
200мкг/кг аспауы керек. Және де бал ӛнімдерінде ара шаруашылығында
емдеуге арналған басқада препараттардың қалдықтары болмауы тиіс,
ӛндіруші міндетті түрде ара шаруашылығын ұңдемелеуге арналған
пестицидттердің барлық түрлерін кӛрсетуі тиіс.
120
Бал ӛнімдерінің химико-токсикологиялық (ауыр
металдар мен
пестицидттер) және радиологиялық кӛрсеткіштері кедендік аумағында
белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарға немесе ережелерге
сай болуы керек.
Экспортқа су қоймаларынан алынған тағамға жарамды балық,
шаян және бақалар жіберіледі. Импорттаушы елде тіркелмеген
жұқпалы балық ауруларынан, жылықанды шаян, соның ішінде
торсылдақтың қабынуы, тұқы геморрагиялық септицемиясы (краснуха
– қызылша), дискокотилез, фурункулез,
вирустық инфекциялық
септицемия, форельдің (нұрлы балық) инфекциялық анемиясы, қызыл
балықтың қарын асты безінің инфекциялық некрозынан, ихтиофтириоз,
бронхиомикоз т.б. жұқпалы аурулардан соңғы 12 айда таза болған су
қоймаларынан алады.
Балық, балық ӛнімдері, шаян және басқалары патогенді
микробтардан, токсиндерден, пестицидтерден, ауыр металдардан,
антибиотиктерден, ақуызды ыдырататын ӛнімдерден май және т.б.
зиянды қоспалардан таза болу керек.
Тірі және мұздатылған шаяндардың
терең қабатындағы
температурасын – 18 +– 1°С жағдайында тексеріп, корзина немесе
жәшікте тасымалдайды. Тағамдық мақсатта кӛлдің бақалары да
алынады. Бақаларды арту тек кӛктемде шӛп кӛктеп шыққаннан 10
күннен кейін ғана рұқсат етіледі. Бақаларды 4-7°С температурада қорап
немесе корзиналарда тасымалдайды. Аулап алудан тасымалдауға
дейінгі уақыт 7 тәуліктен аспауы керек. Бақаның мұздатылған
бӛліктерін тасымалдауда терең қабаты температурасы –15°С аспау тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: