Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Қҧстарды темір жол кӛлігімен тасымалдау ережелері



Pdf көрінісі
бет96/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   205
index

 
Қҧстарды темір жол кӛлігімен тасымалдау ережелері 
Құстарды темір жол кӛлігімен сирек тасымалдайды (асыл тұқымды 
ӛсіру үшін, сойылатындыларды ет комбинатына). Құстардың дені сау
жарақат, ісік, іріңдеулерсіз болуы керек. Тірі салмағы: қаздар 3-3,5 кг; 
ұйректер 1-1,4 кг; тауықтар 0,8-1 кг; балапандар 0,6-0,7кг. 
Артар алдында ветеринарлық қарау ӛткізіледі. Сұрыпталған құсты 
тасымалдауға жібермей, осы жайлы акт толтырылады. Құстарды жақын 
қашықтықтарға торда тасымалдаған жӛн (300км), алыс болса бос ұстап 
апарған дұрыс. Құстарды алыс жолдарға жәшік пен торларда 
тасымалдау құс күйі мен күту сапасына кері әсер тигізеді, тәбетінен 
айырылады, тірі салмағы едәуір түседі, ӛлім-жітім 4-5% құрайды.
Құстарды тасымалдау үшін стандартты ағаш торларды қолданады, 
оларды қабырға бойына орнатады. Түптері бүтін болуы керек, жем су 
сауыттары берік бекітілген болғаны дұрыс. Әрбір торға құстарды келесі 
мӛлшерде артады: 18-24 тауық, 10-12 үйрек, 6-7 қаз.


172 
5-Кесте. Тӛртдіңгекті вагонға құстарды торда арту нормасы 
Құстар түрі 
Бір вагонға тиілген құс 
саны, бас 
Ересек тауықтар 
850-1050 
Балапандар 
2500 
Үйректер 
400 
Қаздар 
200 
Сурет-4. Құстарды тасымалдауға арналған торлар 
Құстарды тәулігіне 3 рет азықтандырады, бір басқа тәулігіне 1-
1,5л су қажет. Тӛсеніш ретінде сабан не ағаш үгінділері қолданылады, 
тӛсенішті күнде жаңартып отыру керек. Жүру кезінде құс ауырып 
қалған жағдайда, оны сау құстардан оқшаулап, кезекші мал дәрігерін 
шақырады, ал ӛлексесін арнайы жәшікке салып, келіп жету 


173 
стансасында тапсырады. Құсты, жабдықтарды, азық қалдықтарын 
тапсырып-қабылдау қабылдап-тапсыру актісімен орындалады. Құс 
вагоны келіп жеткенде 12 сағат ішінде тапсырылуы керек.
6-Кесте. Құстарды темір жол кӛлігімен тасымалдағанда азық және 
тӛсенішпен қамтамасыз етудің тәуліктік нормасы 
Құс түрлері 
Жем, 
концентраттар 
Шырынды азықтар 
Тауықтар 
0,08-0,1 
0,1 
Үйректер 
0,2-0,25 
0,1 
Қаздар 
0,3-0,35 
0,1 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет