169
Жҥру кезінде жануарларды ветеринарлық-санитарлық
бақылау
Жӛнелту стансасы жолсеріктерге жүру құқы жол бағыттық журнал
береді, онда
жануарлар қайдан, қайда бара жатқаны, азықтар мӛлшері,
ӛзге мәліметтер жазылады. Уақыт бойынша арту нормасы 1-1,5 сағат,
ішінде ӛткізілуі тиіс, артқаннан кейін Акт ресімделеді, актіге
жолсеріктер тізімі және оларға бекітілген вагондар нӛмері тіркеледі. Бір
данасы кӛліктегі ветбекеттінде сақталады,
екіншісі жолсерікке табыс
етіледі, ол оны келіп жететін стансаға береді. Мемлекеттік кӛліктегі
ветеринарлық бекет қызметінің ветеринарлық инспекторы диспетчерлік
қызмет арқылы жануарлар бар вагондардың жылдам қозғалуын талап
етеді. Жануарлар тиелген вагондарды итергенде, паравоздарды бір-
бірімен жалғастырғанда, жұмыстар аса сақтықпен жүргiзiлуi
керек
және ескертілуі керек.
Жемшӛп пен тӛсенiш мал және құстармен бiрге вагондарда
тасымалданады және олар жемшӛп сӛрелерiне немесе вагонның есiк
аралық кеңiстiгiне салынады. Жемдер (сұлы, ұн, ұн қалдығы, жарылған
жем) қапта, ал шӛп пен сабан буылған түрiнде салынады.
Жаз уақытында жануарларды жолда тәулiгiнде 2-3 мезгiл нақты
белгіленген уақытта азықтандырады, 2 рет суарады, ал қыс уақытында
1
реттен кем емес суарады, егер малдың саны аз мӛлшерде жиі суарып
отырған жӛн.
Темiр жол мекемелерi белгiленген стансаларда мал суаруға су беруi
керек. Су беретiн және осы жӛнiнде қызмет кӛрсететiн стансалардың
тiзiмiн қызмет жүк иесi және жүк тасымалдаушының (темiр жол
мекемесi) арасында келiсiледi. Стансадан су қабылдамай аттанған
жағдайлар жайлы бастығына хабар етеді. Суару нормасы 4-кестеде
келтірілген.
4-Кесте. Жануарларды суару нормасы
Жануар түрі
Суару нормасы, литр
Бір рет қабылдау кезіндегі 1 басқа шаққандағы суару нормасы(л)
Жылқы
8-12
Ірі қара мал
12-15
Қой, ешкі
1-1,5
Шошқа
1,5-2
Бұзаулар
8-12
Тауықтар
50-60мл
Тәуліктік су нормасы (л)
Жылқы
20-30
Ірі қара мал
30-50
170
Шошқа
5-8
Қой, ешкі
3-4
Шошқалар су тапшылығына аса сезімді,
сондықтан вагонда су
қоры болуы керек. Су температурасы 9-15
0
С шамасында болуы тиіс.
Тӛлдерді суық сумен суаруға тыйым салынады.
Жолсерiктерiмен жол бойы вагондарды тазалау, темiр жол мекемесi
бастығының бекiткен стансаларында жүргiзiледi. Вагондарды тазалау
жӛнiнде қызмет кӛрсететiн стансалардың тiзiмiн жүк артушы мен жүк
тасымалдаушының (темiр жол мекемесi) арасындағы келiсiм бойынша
жасалынады. Поезд жүріп келе жатқанда қиды сыртқа лақтыруға
тыйым салынады. Тӛсеніш
ретінде сабан, торф, ағаш үгінділері
қолданыла алады, құм қолдануға болмайды.
Ауру жануарлар байқалған сәтте және жануарларды ерекше
жағдайда тасымалдаған уақытта, жол бойында вагондарды нәжiстен
тазалауға тыйым салынады. Ауру
мал анықталғаны туралы Акт
ресімделеді. Жол бойында егер ӛлген ауру, нашар мал және құстар
болса, мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық
инспекторы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар
қолданады. Жолда ӛлексе табылғаны туралы Акт ресімделеді.
Жолда
жануарды союға тыйым салынады. Жануарлардың ӛлекселерін
түсiретiн стансалар тiзiмiн мемлекеттiк ветеринарлық қадағалаудың
келiсiмiмен, магистральдiк темiр жол жүйелерiнiң операторы
анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: