заттарға – міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Фосфор мал
мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнідеріненн қосылыстар
ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді.
Магний
Магний — күйзеліске қарсы макроэлемент. Әсіресе, В6
витаминімен бірге ол жүйке ұлпаларының жұмысын
жақсартады. Сондай-ақ сүйек түзуге де қатысады. Жүрек
соғысының ырғағын қалыпқа келтіреді, тамыр кеңейтуге
атсалысып, оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі,
сондықтан да магнийді жүрек ауруына шалдыққан
науқастарға қолданады.Ғалымдар қант диабеті және
бронхит ауруларында да магнийді мырыш, хром, селенмен
бірге қолдану да оң нәтиже беретінін айтып жүр. Сондай-ақ,
жүкті әйелдерге де магнийдің пайдасы зор. Фолий
қышқылымен бірге қолданған жағдайда құрсақтағы
нәрестенің ақаусыз дамуына, күні жетпей болуы мүмкін
түсіктің алдын алуға көмектеседі.Магний жасыл жапырақты
көкөністерде, авокадо, балықта және кептірілген цитрусты
жемістерде көп болады.
Микроэлементтер
Микроэлементтер (микронутриенттер) – денсаулықтың
маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын химиялық
элементтер. Микроэлементтер бірқатар функцияларды
орындайды: ферменттердің құрамына кіреді, күрделі ақуыз
құрылымдарының, нуклеин қышқылдарының және
мембраналардың тұрақтануын қамтамасыз етеді және адам
дамуының кез-келген кезеңінде өте қажет.
.Микроэлементтердің жетіспеушілігі де, артық болуы да
әртүрлі мүшелер жүйесінің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Микроэлементтер
Микроэлементтер – топырақта, тау жыныстарында, қазба
көмірлерде, табиғи және минералды суларда, организмдерде
(аз мөлшерде 0,01 – 0,1% не одан төмен) кездесетін химиялық
элементтер. Микроэлементтерге Al, Fe, Cu, Mn, Zn, Mo, Co, І,
т.б. жатады. Олар бірқатар ферменттердің,
витаминдердің, гормондардың, тыныс алу пигменттерінің
құрамына кіреді. Академик В.Вернадский
Микроэлементтердің биосферадағы таралуының бірнеше
заңдылықтары бар екенін зерттеді. 30-дан астам
Микроэлементтер адам, жануар және өсімдік тіршілігіне
өте қажет. Микроэлементтердің артық не кем болуы
организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Микроэлементтер
өсімдіктің организміне топырақпен, ал жануарлар мен адам
организміне тамақпен ауысады.
Йод
Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша безі
үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод
жинақтаушы мүше). Өкінішке орай, бұл микроэлемент
ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы
алады. Сыртынан қарағанда йод жетіспеушілік
білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға
шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды
тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі.
Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді
қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен
микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза
йодты синтездей алмағандықтан, тіршілік үшін
күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану есебінен
қажет мөлшерін толтыру қажет.
Селен
Селен. Бұл элемент иммундық жүйені қалыптастыруға
ерекше әсер етеді. Ол жетіспегенде бұлшық ет әлсірейді.
Әлсіздік, әсіресе, жүрек бұлшық етінде айқын білінеді.
Селен теңіз өнімдерінде, еттерде мол мөлшерде
кездеседі.
|