Бейімбет Майлин



жүктеу 32.12 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі32.12 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік –«Түйебай» әңгімесі арқылы сол кездегі молдадағы оқу және оның шынайы көрінісімен танысу, мәтіннің мазмұнын меңгерту.

ә) дамытушылық - жазушы тілін зерттеу, тіл көркемдігін таныту,оқушыларды өз бетінше іздену жұмысын жасауға жетелеу.

б) тәрбиелік – білімге, мейірімділікке, еңбекке, намысқойлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: зерттеу сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау,проблемалық әдіс.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу;

ә) Кезекшімен сұхбат.

б)Сабақтың мақсатымен таныстыру.



ІІ. Қызығушылықты ояту.

Оқушылардың Б.Майлин шығармаларымен қаншалықты таныстығын анықтау.

- Бейімбет Майлин кім ?( Б.Майлин-көркем прозаның зергері,сыршыл да сыншыл лирик,әрі суреткер ақын,драматург,публицист).

-Ол туралы біздер не білеміз? Бұрынғы сыныптарда өткен шығармаларын еске түсіру.

Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыра отырып талдау.

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Мұғалім сөзі:

Бейімбет –қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының шебері. «Жырлағаным- кедейдің жыры» деп өзі айтқандай, Б.Майлин шығармашылығы - өзі өмір сүрген уақытпен, сол уақыттағы қалың көпшілікпен біртұтас. Сонау 30 жылдары жазылған әңгімелері күні бүгінге дейін кез-келген қазақтың аузынан түспейтін көркем шығармасына айналды.

Сөз зергері қай шығармаларын болса да өмірден алып, қоғамдық жағдайды, мезгіл ажарын дәл бейнелеп отырған.

-Үйден сендерге «Түйебай» әңгімесін оқып,әр топқа зерттеу жұмыстарын жүргізіп келу тапсырылған.

ә) «Түйебай» әңгімесінің желісі бойынша жоспар құрғызу.

Жоспар:


  1. Қоржынтомар жайлауының табиғаты.

  2. Қарақоға көлі.

  3. Молда оқуы.

  4. Түйебай молда оқуында.

  5. Түйебайдың таяқ жеуі.

  6. Көш.

  7. Жалшы Түйебай.

  8. Кездесу.

б)Тапсырма бойынша диалог тәсілімен оқушылармен бірлесе отырып жаңа тақырыпты меңгерту.

- Балалар, «Түйебай» әңгімесі де шағын, бірақ әңгіменің тақырыбы ауқымды.

Қазір өздеріңе мәтін мазмұны бойынша сауалнама сұрақтарын берейін, бірер минут ойланып, ауызша жауап бересіңдер:

1.Б.Майлин әңгімесі неге«Түйебай» деп аталған?

2.Жазушының айтайын деген негізгі ойы не?

3. Әңгіменің бас кейіпкері кім? Түйебай бейнесін құрастырыңдар.

4. Шығарма мазмұны қалай, кімнің атынан әңгімеленеді ?

5.Түйебайдың ата-анасының тұрмысы қандай? (Жоқшылық, жетіспеушілік, малайлықта).

6. Түйебайдың молда оқуындағы жағдайы қандай? Әңгіменің соңындағы Түйебайға сипаттама беріңдер.

7. «Шоқынып кетсем де, енді молданың алдын көрмеймін» деген қорытындыға неге келді?

8. Аштан өлсем де, байдың қойын бақпаймын ” деп, сол сағатында Түйебай неге айта алмады? .

9. “Сен бақыттысың ғой” деген сөзді аузымен айтпаса да, көзқарасы еріксіз білдірерлік еді дегенге қандай пікір айтасың?

в)Сөздікпен жұмыс

Екінді-


бесін –

Мұғалім : Бейімбет әңгімелерінің өзіне тән ерекшелігі бар:

а)тілі қарапайым,жатық.

ә)адамның ішкі дүниесінің дамуын,жан сырындағы өзгерістерді шынайы суреттеп бере алуы.

б)диалог,баяндау,суреттеу,портрет,пейзаж- жазушы әңгімелерін көркемдеп тұратын құрал.

Әңгіменің арқауы «молдадағы оқудың» негізінде дамып отырғанын білсек, балалар,алдын ала берілген тапсырма бойынша жасап келген зерттеу жұмыстарыңмен бөлісіңдер.

Зерттеу жұмыстарын ортаға салу.

Ітоп. «Түйебай» әңгімесін құрылысына қарай талдау:

Әңгіменің басталуы:Қоржынтомар жайлауы

Байланыс: Молдадағы оқу

Шиеленіс: Түйебайдың жиі жазалануы.

Шарықтау шегі: Түйебайдың таяқ жеуі.

Шешімі: Түйебайдың оқуды тастауы


ІІтоп .Мәтінен көркемдегіш құралдарды табу (портрет,пейзаж мысал келтіру).

ІҮ. Бекіту

Молдадағы оқу мен қазіргі оқуды салыстыру (оқушылар пікірін тыңдау).



Ү. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың зерттеу жұмыстарына талдау жасай отырып, оқушы білімдерін бағалау.

ҮІ. Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау. келесі сабаққа тапсырма беру.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Б. Майлин туралы естелік деректер жинастырып келу,әңгімеден күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді теріп жазып келу.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет