Бейінді бағдарлы оқыту жеке тұлға дамытудың негізгі құралы Базарова Құралай Есетовна



бет1/2
Дата29.08.2023
өлшемі17.83 Kb.
#476278
түріБағдарламасы
  1   2
user file 5885e27488554


Бейінді - бағдарлы оқыту - жеке тұлға дамытудың негізгі құралы
Базарова Құралай Есетовна
Айқын Нұрқатов атындағы
Шұқыркөл орта мектебінің мұғалімі
(Солтүстік Қазақстан облысы)
Елбасымыздың "Қазақстан - 2050" - мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол екендігін анықтайтын жолдаудағы Қазақстан тарихына енетін он креативті идеялардың бібі: инновациялар, ғылым. Бұл стратегия - еліміздің жарқын болашағын бағдарлайтын нақты істер бағдарламасы.
Болашаққа барар жолда жас жеткіншіктердің әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасау басты мақсаттардың бірі екендігі жолдауда анық айтылған болатын.Жолдаудағы он жаңашыл идея тұлғаның патриоттық сезімін көтеріп,нық даму жолына бастайтынын білеміз.Оқушыларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау,өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс деп айта кеткендей тұлғаның гуманитарлық, жаратылыстану ғылыми сауаттылығын оны қызықтыру мен сыни көзқарасын қалыптастыру жолымен. бейімдеу арқылы дамыту басты тақырыптың өзектілігін тудырады.
Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер,бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың - бір ел , бір мақсат , бір мүдде үшін жұмыс жасауына себептігін тигізіп отыр. Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана емес, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр.Сол себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз.бейінді - бағдарлы оқыту, ақпараттарды жоғары ғылыми-теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі.Яғни бейінді-бағдарлы оқытудан өздік білімін көтеруіне,ақпарат көздерін алуға,ақыл - ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білемін.
Бүгінгі таңдағы үздіксіз білім беруде мұғалім қызметінің сапасы бүтіндей қоғамға қатысты этикалық міндеттерді таратушы.Жеке тіл табысу, жақсы қарым-қатынас жасау дағдылары, ауызша баяндамалар жасай білуі қажет.
Жалпы бейінді оқыту дегеніміз не? Бейінді оқыту дегеніміз оқушылардың қызығушылық бағытының,қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің жоғары сатысында жүзеге асатыны белгілі. Бұл жерде туындайтын бірінші мәселе "Неге мектептің жоғарғы сатысы бейінді болуы тиісті?" деген сұрақ болып отыр. Адамның барлық кезде жаманнан, нашардан,дұрыс еместен, пайдасыздан жақсыға,нашар емеске, дұрысқа, пайдалыға ұмтылатыны немесе аз пайда беретін нәрседен көп пайда беретін нәрсеге қарай ұмтылатыны табиғи жағдай.
Қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында жиырмаға жуық пән оқытылады.Олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама мәжісі деңгейінде білім беріледі және соның салдарынан оқушудар ешбір саланы терең меңгеруге мүмкіндігі болмайды.Қазіргі кезде әлемде білім беру мәселері дамуының үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынмен көбеюі.
Жеткіншек ұрпаққа аз-аздан барлық сала жайлы білім емес,терең бір ғана сала бойынша білім беретін мезгіл келді. Бізге ұнасын-ұнамасын, жақсы көрейік көрмейік бір кездері өз бабаларымыз бастап берген ғылым-білім деген ұлы мәселеде бұл күнде бізден алда тұрған әлемдегі дамыған елдердің іс-тәжірибесін ескермеуге қақымыз жоқ. Ал оларда (Франция,Голандия,Англия,Шотландия,Швеция,Финляндия,Норвегия,Дания және т.б) бейімді- бағдарлы оқыту негізінен жүйелі түрде 7-сыныптан соң-ақ басталады.
Өнер-білім-ғылымғы ерекше мән берудің арқасында, жоқтан бар жасап отырған бұл елдер егер бейінді оқыту дұрыс болмаған болса оған барар ма еді,барғанның өзінде оған жабысып қалар ма еді.
Оқу жүйесі 2006-2007 оқу жылында бейімді - бағдарлы оқытуға көштік. Оқу жылына арналған оқу жоспарлары да баспадан шыққан немесе шығып жатқан оқулықтары да тек қана бейімді - бағдарлы оқытуға лайықталған.
Сонымен бейінді оқытудың мақсаты: оқушылардың қызығушылық бағытын,қабілетін келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыруға бағытталған оқыту барысы немесе басқа сөзбен айтсақ жеке тұлғаға бағытталған яғни оқытудың құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет