Міндеттері: - пәнді қандай-да деңгейде тереңдетіп оқыту.
- оқушылардың жеке қабілеттерін оқыту барысында жан-жақты ескеру.
- орта және жоғарғы білім салаларының сабақтастығын жетілдіру.
Мектептің жоғарғы сатысының әсіресе оның 10сыныбыныңбейімді анықталуға тиіс.Қазірше яғни 12жылдық білім беру жүйесіне көшкенде дейін бейімді-бағдарлы оқытудың екі бағыты айқындалып отыр.Олар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану математикалық пәндерді бейімдеп оқыту.Ескерте кететін бір жай,бір ғана сыныпта екі бейімді де оқыту мүмкуін емес.10сыныптың бейімі анықталған соң осы сынып үшін жұмыстың оқу жоспары дайындау мәселесі қолға алынады.
10сыныптың жұмыстық оқу жоспары дегеніміз-типтік оқу жоспарлары негізінде,оқыту бейімі ескеріліп,жалпы білім беретін оқу орындарында жасалатын норматив құжат.
а) Таңдау курстары дегеніміз - оқушылардың талап-тілегін,қызығушылығын қанағаттандыруға арналған курстар.Олар сыныптық бейімі мен бағдарына байланыситы болуы мүмкін немесе байланысты болмауы да мүмкін.Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарларының базалық компоненттерінің саны бойынша айырмашылықтары жоқ.Екі бағыттың типтік оқу жоспарлары зердеоенген соң,сыныптың нақты бағдарын анықтау керек. Сондықтан дамен былтырға оқу жылында 11сыныбына "Тарихи тұлғалар"атты таңдау курсын жүргіздім. Таңдау курсының бағдарламасын құрған кезде көптеген қиындықтарға кездестім.себебі,бұл бағдарламаны құрмас бұрын әр сөзінді ой елегінен өткізі керек деп ойлаймын.
ә) Қолданбалы курстар дегеніміз - бағдарлы пәндер бойынша оқушылардың білімін тереңдетуге,кеңітуге және олардың қандай-да қолданылуы жайлы оқушыларда білім қалыптастыруға арналған курстар.
Жалпы бағдарлы пән дегеніміз - жалпы жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы саралап оқыту сипатын анықтайтын оқу пәні. Егер оқытудың бейімі жаратылыстану математикалық болса,онда бағдарлы пәндер математика,физика,химия,география,информатика пәндерінің ішінен таңдалады. Егер оқытудың бейімі қоғамдық-гуманитарлық болса,онда бағдарлы пәндер қазақ тілі,қазақ әдебиеті,орыс тілі,шет тілі,жалпы тарих,Қазақастан тарихы,қоғамтану негіздері,құқық пәндерінің ішінен таңдалады.
Биылғы оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10,11 сыныптарға "Адам және табиғат" тақырыбында географиядан қолданбалы курстарын жүргіземін.Таңдалған курстың өзектілігінде тұлғаға адам мен табиғат арасындағы байланысын,әрекетін,ортақ туындаған мәселелерді шешуге бағыт-бағдар беру мен қатар әлеуметтік,экономикалық,экологиялық,антропогендік,биологиялық,химиялық фактолардың ортаға ықплын терең жан-жақты зерделеу әрекетін ұйымдастыру негізге алынды. Оқушылар осы курс арқылы өздігінен ақпарат іздеуге,таным белсенділігін арттыруға, ойын жетілдіруге,өз ой рефлекциясы мен сыни көзқарасын қалыптастыруға бейімделеді.Жоғары сыныпта ҰБТ - ге дайындық мақсатында өзінің теориялық білімін жетілдіреді.Білімінің нақты іргетасы қаланады.Өзімнің іс-тәжірибеммен бөлісе келе,ортақ игі істе тұлғаға дұрыс бағдар беру шешуші орын алады. Ол-тұлғаның әлеуметтік ортада дұрыс орнын таба білуіне бағыт береді.
Жалпы бүгінгі күні тәжірибеде бейінді оқыту оқушының әртүрлі әдіс тәсілдерді қалдана отырып,белгілі бір пән бойынша толық білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нәтижелі жұмыс қана емес,оқушының дамып жеке тұлға ретінде қалыптасуынакөптеген мүмкіндік береді,мысалы:пән олимпиадалары,ғылыми конференция,шығармашылық сайыстарға қатысып,жетіліп,нәтижеге қол жеткізуде.
Өз ойымды ұлы Абай атамыздың "Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға"деген қанатты сөзімен қорытындылай отырып сіздерге тек сәттілік тілеймін
Достарыңызбен бөлісу: |