Бейнеконференция байланысына (бкб) қатысушыларға арналған ұсыныстар



Дата04.07.2016
өлшемі12.47 Kb.
#176349

Бейнеконференция байланысына (БКБ) қатысушыларға арналған ұсыныстар


1. Келген хабарламаларды қадағалаңыз. Сізге хат немесе телефон арқылы БКБ тақырыбы, өткізілу күні мен мерзімі, келешек кездесу регламенті және қатысушылардың сөйлеу тәртібі алдын-ала хабарланады.

2. Көрсетілген тақырыпқа сәйкес айтар сөзіңізді алдын-ала дайындаған жөн.

3. Қажетті құралдардың іске жарамдылығын тексеріңіз (камера, микрофондар мен техникалық құралдар).

4. БКБ өткізілуі кезінде керексіз бағдарламаларды жауып қойыңыз, сонда маңызды техникалық ресурстардың жұмысы сәтті болады.

5. БКБ сеансы алдында сыртқы дыбыстар мен шуды азайтыңыз (ұялы телефон үнін баяу режімге қойып, бөлме ішінде шуды азайту, терезені жабу және т.б.)

6. Тестілік БКБ-ге қатысыңыз. Байланысты бастауға дайындықты тағы бір тексеріңіз.

7. БКБ-ні іс-шараның басталуына 30 минут қалғанда қосып қойыңыз. БКБ сеансін дәл уақытында, алдын-ала келіскен уақытта бастаңыз.

8. Микрофонды, әріптестер сөйлеген кезде кедергі келтірмеуі үшін, қажетіне қарай қосып, ажыратып реттеңіз.

9. БКБ жүргізушісі мен кездесу барысын тиянақты қадағалап тұру керек.

10. Сізге сөз берілген соң микрофонды қосып өзіңізді таныстырыңыз, регламентке сәйкес сөйлеңіз.

11. Нақтылы және түсінікті сөйлеңіз. Веб-камерамен «байланыс» сақтап, қозғалысты азайтыңыз.

12. Өз сөзіңізді мына сөз тіркесімен аяқтаңыз: «Рахмет, біздің хабарымыз аяқталды», бірден микрофонды сөндіріңіз.



13. Соңында жүргізуші қорытынды жасап, байланысты тоқтатуға дыбыстық белгі береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет