Бейнелеу өнерінің түрлері: Кескіндеме өнері



бет2/2
Дата18.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460896
түріСабақ
1   2
Лекция 1 Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы. Б.ө.құралдары

Сәндік қолданбалы өнер.

Дизайн өнері
Жанрлары: Жанр ( француздың Qеnre – түр немесе тек сөзінен шыққан ) – бұл көркем шығарманы бейнелі композициялық ұйымдастыру формасы болып табылады.
Жанр негізінен бейнеленген бейнеге байланысты ажыратылады. Бейнелеу өнері бірнеше жанрларға бөлінеді: пейзаж, натюрморт, портрет, тақырыптық картина, тарихи, батальдық, тұрмыстық, анималистік, интерьер. Пейзаж – табиғатты бейнелеу, ол ауылдық, сәулеттік, қалалық, индустриалды, маринистік болуы мүмкін. Натюрморт – жансыз заттарды бейнелеу, оның суреті тұрмыстық, тақырып бойынша болуы мүмкін. Портрет – адам бейнесі, ол жекеленген немесе топтық болып келеді.
Тақырыптық картина - өмір белестері көрсетілген шығарма. Тарихи, батальдық, тұрмыстық, анималистік, интерьер жанрлары тақырыптық картинаның салалары болып табылады. Батальдық – соғыс көріністерін бейнелейтін шығарма. Француздың ″ батай ″ сөзі шайқас деген мағынаны білдіреді. Анималистік жанр – жануарлардың бейнесі. Бұл латынның ″анима″ - жануарлар деген сөзінен шыққан. Ал пейзажға қатысты маринистік жанрда теңіз көріністері суреттеледі.
Сурет саларда алдымен кескіннің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағында тым көп ашық орын қалмауын ойластырып алған орынды. Бұл үшін суреттің жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағындағы шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ шеттерінен қағаз жиектеріне жеткізбей, белгілі мөлшерде ашық орын қалдырған жөн. Өйткені, қағаз жиегіне тақап салынған сурет онша әдемі болып көрінбейді.
Салынатын суреттің бөліктерінің өзара қатысы дұрыс көрсетілмеген болса, перспектива құрылысы, жарық пен көлеңке, бояудың түсі жақсы берілгенімен сурет жақсы болып шықпайды. Пропорция сөзі латын тілінен аударылғанда "ара қатынас" немесе "шамалас" деген ұғымды білдіреді. Бейнелеу өнерінде "пропорция" деп бейнелеуші нәрсенің бөлшектерінің өлшемдік қатынасы, немесе туындыдағы бейнеленген жеке нәрселердің өлшемдік сәйкестілігін айтады.
Әр нәрсенің өзіндік пропорциясы, яғни нәрсенің жалпы биіктігінің өлшемі сол нәрсенің жекелеген бөлшектерінің өлшемдік қатынастарынан тұрады. Мысалға, әрбір келесі сан алдыңғы сандар бірлігінен тұратындығы секілді: 1,2,3,5,8,13, т.б.
Нәрсе көлемін пропорциялық өлшем бірлікке бөліп қарастыру ежелгі дәуірден "алтын бөліну" (золотое сечение) деген атаумен белгілі. "Егер адамның белінен табанына дейінгі өлшемі мен сол белінен төбесіне дейінгі өлшем адамның жалпы биіктігін құраса; сол сияқты, қолын жанына жіберіп тұрған адамның төбесінен ортаңғы саусағының ұшына дейінгі өлшемі мен сол ортаңғы саусағының ұшынан табанына дейінгі өлшем адамның жалпы биіктігін құрайды. Сол бірінші өлшем бірлігіндегі адамның белінен табанына дейінгі арақашықтық, екінші өлшем бірлігіндегі адамның төбесінен ортаңғы саусағына дейінгі арақашықтыққа тең болады. Осыған орай адам табиғатындағы, немесе жалпы қоршаған ортадағы өлшемдік арақатынасты эллиндіктердің білгенін ұлы математик Эвклид өз еңбектерінде жазды. "Бұл арақатынасты мен "алтын бөліну" деп атаймын" деген болатын Леонардо да Винчи.
Әр нәрсенің пропорциясы оның құрылысының ерекшеліктеріне тығыз байланысты. Сондықтан да жазықтық бетінде құмыраның дұрыс пропорциялық бейнесін тұрғызу үшін, оның көлемі қандай геометриялық фигураларға ұқсайтын бөлшектерден тұратындынғын анықтап, олардың өзара өлшемдік қатынасын салыстыра отырып бейнелеу қажет. Ал туынды бірнеше нәрселерден тұратын болса, онда олардың бейнесін бір-бірінің өлшемдік ерекшеліктеріне байланысты салыстыра отырып бейнелейді.
Сурет салғанда заттың өзіне тән ерекшеліктерін, оның пропорцияларын: биіктігінің көлденеңіне, бір бөлігінің екінші бөлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет.

Заттың пропорцияларын дұрыс беру – оның өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттерінің бірі. Пропорциялық қатынастар дұрыс берілгенде ғана көрушілер салынған суретті нанымды қабылдайды.


Суреттегі өлшемдер қатысы нәрсенің өзіндегі өлшем қатысына тең болуы керек. Қарындашпен шаманы анықтағанда қолды алға барынша созып тұрып өлшеген жөн. Олай етпесе, дұрыс өлшенбейді. "Визирлеу" әдісіне онша көп әуестенбеу керек, өйткені бұл кезбен мөлшерлеуді дамытуға кедергі келтіреді.
Егер ұдайы жаттығудың арқасында көзбен мөлшерлеу күшті дамыған болса, визирлеп өлшеуге қарағанда көзбен мөлшерлеу дәл болып шығады.


Үй тапсырмасы: Бейнелеу өнерінің түрлері бойынша реферат жазу
Әдебиеттер: 1. Мұқашев М.С., Сейтімов А.Ғ., Хамзин Н.А. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі.- Астана: 2008
2. Төлебиев Ә. Сурет сала білесің бе? Алматы «Өнер», 1990.
3. Әлмұхамбетов Б., Балкенов Ж. Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері. Алматы «Мектеп», 1987.
4. Костерин Н.П. Учебное рисование. Москва, «Просвещение», 1980.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет