Бейорганикалық химия практикумы


ғ 25 жұмыс. Сұйықтың сұйықтағы ерігіштігі



бет67/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

ғ 25 жұмыс. Сұйықтың сұйықтағы ерігіштігі



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, глицерин, шыны таяқша, абсолютті спирт, өлшеуіш цилиндр немесе нақты белгілері бар сынауық.

1. Сынауыққа 2 мл глицерин құйып, оның үстіне мұқият 2 мл су қосыңдар. Сонда екі қабаттың пайда болғанын байқайсыңдар. Одан кейін жақсылап араластырып қойып қойыңдар. Не байқалады?
2. Сынауыққа 4 мл су құйып, оған шыны таяқша салыңдар да, сұйықтықтың деңгейін белгілеңдер, одан кейін абайлап 4 мл абсолютті спирт қосыңдар, қоспаның көлемін өлшеп жақсылап араластырыңдар. Көлемін қайтадан өлшеңдер. Не байқалады?
Глицерин және су, сол сияқты спирт және су кез-келген қатынастарда араласады және араласу энтальпиясының (Н белгісі теріс болады.
Араластырғанда бөлшектердің таралу ретсіздігі арта ма, әлде азая ма, түсіндіріңдер?
Мұнда өздігінен бөліну ме немесе ерітіндінің түзілуі ме, қандай процесс жүретінін анықтаңдар.


ғ 26 жұмыс. Ауаның суда ерігіштігі



Қажетті құрал жабдықтар мен реактивтер: қысқышты тұрғы, 200 мл-ге сай жалпақ түпті құты, газ шығаратын түтігі бар тығын, өлшеуір, термометр, электр плитасы, барометр, кристаллизатор.





35-сурет. Ауаның ерігіштігін анықтауға арналған қондырғы

35-суретте көрсетілген құралды жинаңдар да, оның герметикалылығын тексеріңдер. Ол үшін құтыны (250-300 мл) және газ шығаратын түтікті сумен толтырыңдар. Егер түтіктен 2-3 мл су шығып тоқтап қалса, онда құрал герметикалық дейміз. Осы тәжірибиені жүргізу үшін ауамен қаныққан су дайындаңдар. Бұл үшін 0,5-1 литрлік құтының жартысына дейін дистилденген су құйыңдар және суды 5-10 минут бойы шайқау арқылы ауамен қанықтырыңдар. Дайындалған сумен құтыны және газ шығаратын түтікті толтырыңдар. Құтыда да, түтікте де бір де бір ауа

көпіршігі қалмайтындай етіп құтыны жабыңдар. Сулы астаушаға батырылған газ шығаратын түтіктің ұшына резиналы сақинасы бар өлшеуірді кигізіңдер. Өлшеуірді суға толтырып тұрғыға бекітіңдер. Ауамен қаныққан судың температурасын және атмосфералық қысымды өлшеп, жазып алыңдар. Құтыдағы суды қайнағанға дейін қыздырыңдар және газ толық шыққанға дейін қайнатыңдар (8-10 минут). Газ бөлінуі аяқталған кезде түтікті судан алып, өлшеуірді жиналған газымен бірге суды ауамен қаныққандағы температураға дейін суытыңдар.
Сынауықтағы газдың қысымын атмосфералық қысымға келтіріңдер (ол үшін газы бар өлшеуірді толығымен суығанға дейін судан шығармау керек), резиналы сақинамен судың деңгейін белгілеп, бөлінген газдың көлемін өлшеңдер. Барлық қажетті мәліметтерді кестеге жазып, құты көлеміндегі ауаның ерігіштігін және қалыпты жағдайда 1 литр судағы ауаның ерігіштігін мына формуламен есептеңдер:

- қалыпты жағдайдағы ауаның судағы ерігіштігі, мл;
- тәжірибе жағдайында бөлінген газдың көлемі, мл;
- атмосфералық қысым, мм сын. бағ.
- берілген температурадағы су буының қысымы, мм. сын. бағ. (анықтамалық кестеден алынады);
-2730С, - 101,325 кПа, - Цельсий шкаласы бойынша температура.
Термодинамиканың негізгі теңдеуінен температураның өсуімен оттек пен азоттың ерігіштігі қалай төмендегендігін түсіндіріңдер: . ( - ерігіштігі тең ( 3 ккаль/моль).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет