Бейорганикалық химия практикумы


Күкіртсутек алу және оның қасиеттері (тартқыш шкафта топ болып жасалатын жұмыс)



бет105/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

1. Күкіртсутек алу және оның қасиеттері (тартқыш шкафта топ болып жасалатын жұмыс)

1. 1-2 г темір (ІІ) сульфидін өлшеп, сынауыққа салып, оған 5-8 мл 20% тұз қышқылын құйыңдар. Сынауықты ұшы ұзын газ шығатын түтігі бар тығынмен жабыңдар. Не байқалады?


Реакция басталғаннан кейін шырпымен газ шығатын түтіктің ұшындағы күкіртсутекті жағып көріп, жанып жатқан күкіртсутек жалынында лакмус қағазын ұстап тұрып, оның түсінің өзгеруін байқаңдар.
2.Жалынға суық шыны пластинкасын ұстап көріңдер. Нені байқауға болады?
3.Жалынды өшіріп, газ шығатын түтіктің ұшына сумен ылғалдандырылған “қорғасын” және лакмус қағаздарын ұстап көріңдер. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
4.Бірнеше сынауыққа бром, хлор суларын, қышқылданған калий перманганаты, дихроматы ерітінділерін, дистилденген су құйыңдар. Барлық ерітінділер арқылы күкіртсутек ағынын жіберіңдер. Әр ерітіндіге батырылған сайын газ шығатын түтіктің ұшын дистилденген сумен шайып отыруды ұмытпаңдар.
Күкіртсутектің сулы ерітіндісінің лакмусқа әсерін анықтаңдар. Нені байқауға болады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Неліктен күкіртсутек атмосферада жиналып қалмайды? Күкіртсутек тотықтырғыштық қасиет көрсете ме?


2. Алюминий сульфидін алу (тартқыш шкафта жасалатын жұмыс).
Технохимиялық таразыда қоспаларының массасы шамамен 4 г болатын күкірт және ағаш ұнтақтарының эквивалентті мөлшерін өлшеп алыңдар. Қоспаны жақсылап араластырып, кәрлен отбақырашқа салып, магний жолағының көмегімен жағыңдар. Реакция басталысымен қыздыруды тоқтатыңдар. Алынған алюминий сульфидін суытыңдар.
Бір сынауыққа ыстық дистилденген су құйып, екіншісіне сұйытылған тұз қышқылын құйып, екі сынауыққа да алюминий сульфидін салыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Алюминий сульфидін ерітіндіде алуға бола ма?
3. Алмасу реакциясы арқылы сульфидтер алу. Аммоний сульфидімен тұндыру (тартқыш шкафта жасалатын жұмыс).
Сынауықтарға 1-2 мл темір (ІІ), мырыш, кадмий, қорғасын (ІІ), сүрме (ІІ), мыс (ІІ) тұздарының ерітінділерін құйыңдар. Әрбір сынауыққа 1-2 мл аммоний сульфидін қосып, алынған тұнбалардың түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
Алынған тұнбаларға сұйытылған тұз қышқылын қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Әртүрлі сульфидтердің минералды қышқылдардың сұйытылған ерітінділеріне қатынасы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет