Бейорганикалық химия практикумы



бет28/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2.1. Сүзу
Сұйық заттарды ерімейтін қатты заттардан бөлу және тазалау үшін сүзу қолданылады. Сүзу сұйық заттарды тесік материал-сүзгі арқылы өткізумен жүзеге асырылады.
Сүзетін материал ретінде кварц құмы, асбест, шыны мақта, кәрлен пластинкалар (Гуч отбақыраштары), престелген шыны (Шотта отбақыраштары), тоқыма маталар, мақта, қағаз сүзгілер (әртүрлі тығыздықтағы сүзгі қағаздары) қолданылуы мүмкін. Сүзетін материалды таңдау сүзілетін сұйықтың қасиетіне, қатты заттардың көлеміне байланысты.



Лабораторияда кҰбҢ-несе жай жқне атпарлы аƒаз с‰згҢлерҢн олданады. Жай с‰згҢ аƒазы тҒнба қрҢ арай керек болƒанда олданылады. Жай с‰згҢнҢ Ғйƒы кҰлемҢне сқйкес келетҢн тҰртбҒрышты аƒаз параƒынан дайындайды да кҰрсе-тҢлген пунктир сызы-ƒымен таƒы да екҢге б‰ктейдҢ (14-сурет).



14-сурет. Жай және қатпарлы сүзгі қағазын дайындау реті

Сүзгінің сыртқы бұрыштарын сүзгінің шеті құйғының

шетінен 0,5-1 см төмен болатындай етіп доға бойынша қию керек. Бүктелген сүзгінің төрттен бір бөлігін ашып, құйғыға қояды да, дистилденген сумен сулай отырып, саусақпен сүзгінің қабырғасына жабыстырады. Сүзгі қағаз құйғы қабырғасына тығыз жабысып тұруы қажет.
Қатпарлы сүзгінің-жай сүзгіден айырмашылығы онымен тез сүзіледі, өйткені қатпарлы сүзгінің сүзетін беті жай сүзгіге қарағанда екі есе үлкен болады. Қатпарлы сүзгі дайындау үшін керекті өлшемдегі төртбұрышты қағаз парағын бастапқыда екіге бүктеп, сосын төртке бүктеп, жай сүзгі дайындаған сияқты ұштарын қайшымен қияды (1,2 және 3). Сүзгіні ашып (4), оның оң жағынан бастап ішіне қарай бүгеді (5), сосын жоғарғы сегіз бұрышты (6) майыстырып тағы да ішіне қаратып (7) екіге бүктейді. Ең соңында алынған сүзгінің он алтыншы бөлшегін сыртқа қарай екіге бүктейді. Осыдан алынған бөлшектердің көлеміне байланысты (фильтрдің 1/32-сі) сүзгіні түгелдей жиырып бүктейді де оны ашып, құйғыға салады.
Сүзгінің қатпарларын құйғының ортасына тығыз келтірмеуге тырысу керек. Сүзгінің ұштары жыртылған емес, қиылған болу керек. Жеңіл сүзілетін сұйықтар үшін қалыпты қысымда, ал қиын сүзілетіндерді вакуумда сүзу қолданылады. Тұтқыр сұйықтар мен қаныққан ерітінділер үшін ыстықтай сүзуді қолданған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет