Бейорганикалық химия практикумы



бет40/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

"Моль - көміртектің 12С изотопының 0,012 киллограмындағы атомдар санына тең белгілі шартты бөлшектерден (құрылым бірліктерден) тұратын жүйенің зат мөлшері." Олар молекулалар, иондар, электрондар, басқа бөлшектер немесе белгілі бөлшектер топтары бола алады.
Молярлық масса М - зат мөлшеріне қатысты масса ретінде анықталады. СИ жүйесінде массаның негізгі өлшем бірлігі кг/моль, ал практикада г/моль болып табылады. Сәйкес келетін бірліктерде (кг/моль) молярлық массаны дұрыс өрнектеуде сан жағынан сол заттың Ar салыстырмалы атомдық массасына (бұрын атомдық салмақ немесе атомдық масса деп аталатын) немесе Mr салыстырмалы молекулалық массасына (бұрын молекулалық салмақ немесе молекулалық масса деп аталатын) тең болады.
Енді реакцияның негізгі типін (aА + (bВ ( Өнімдер (1) немесе А + (((/(()В ( Өнімдер (2) түріндегі типін қарастырайық. ((/(( қатынасы мына белгімен fэкв(В)(((/(( өрнектеледі және оны В затының эквиваленттік факторы деп атайды.
Бөлшек түріндегі бірге тең немесе одан кіші эквиваленттік фактор берілген реакцияның стехиометриясы белгілі болса ғанаесептеуге болатын өлшеусіз мән болып табылады.
Заттың эквиваленті әрдайым өзгермейтіні және бұл зат қатысатын реакцияға қатысты өзгеретіні белгілі. Сондықтан әрқашан сәйкес реакцияны көрсету керек.


Эксперименттік бөлім
ғ 11 жұмыс. Сутек бойынша металл эквивалентінің молярлық массасын анықтау

Қажетті-құрал жабдықтар мен реактивтер. Сутек бойынша металдың эквивалентін анықтайтын құрылғы, технохимиялық таразы, термометр, барометр, 50–100 мл Вюрц құтысы, қысқышымен сифон, 500 мл жазық түпті кұты және екі айырымымен тығын, жалғайтын резеңке шлангтер, 400 мл химиялық стакан, 10% H2SO4 немесе HCl, 0,2-0,3 г металл ұнтақтары (мырыш, магний, алюминий), құтының түбіне дейін жететін ұзын құйғы, металдық тұрғы, сүзгі қағазы, құбыр суы.

Эквивалентті, дәлірек айтқанда металл эквивалентінің молярлық массасын ығысып шыққан сутек бойынша анықтау үшін металдардың сұйытылған қышқылдар немесе сілтілермен әрекеттесу реакциясын пайдаланады. Алынған металдың массасы мен ығысқан сутек көлемін біле отырып металл эквивалентінің молярлық массасын есептеуге болады.
Тәжірибені 22-суретте көрсетілген аспапта жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет