ғ 36 жұмыс. Комплексті қосылыстардың алынуы
және қасиеттері
Жай және комплексті иондардың айырмашылығы
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Сынауықтар, тамшуыр (5 мл), 0,01 н темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісі, 0,01н калий тиоцианаты ерітіндісі, 0,01 н жаңа дайындалған темір (ІІ) сульфатының ерітіндісі, 0,01 н K3(Fe(CN)6( ерітіндісі.
|
а) 1-2 мл FeCl3 ерітіндісіне KCNS ерітіндісінің бірнеше тамшысын құйыңдар. Ерітіндінің қан-қызыл түске боялғанын бақылап, реакция теңдеуін жазыңдар.
б) FeCl3-тің орнына K3(Fe(CN)6( ерітіндісін алып, осы тәжрибені қайталаңдар. Бұл ерітіндіде Fe3+ионы болмайтынына көз жеткізіңдер.
в) Бір сынауыққа 1-2 мл FeCІ3 ерітіндісін, ал екіншісіне K3(Fe(CN)6( ерітіндісін құйыңдар. Екі сынауыққа да бірдей мөлшерде FeSO4 құясыңдар. Қайсысының түсінің өзгергенін бақылап, реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған комплексті ионның зарядын анықтаңдар.
2. Комплексті қосылыстардың алынуы
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Сынауықтар, 0,1 н күміс нитратының ерітіндісі, 2 н тұз қышқылы, 2 н аммиак ерітіндісі, 2 н азот қышқылы, 0,5 н сынап (ІІ) нитраты, 0,5 н калий йодиді.
|
а) Күміс аммиактының түзілуі. Сынауыққа 1-2 мл AgNO3 ерітіндісін және 1-2 мл НСІ құйыңдар. Күміс хлоридінің ақ тұнбасының түзілуін байқаңдар. Тұнбаға аммиак ерітіндісін құйыңдар да, алынған мөлдір ерітіндіге қышқылдық орта болғанша азот қышқылын қосыңдар. Не байқалады? Тұнбаның түзілу реакция теңдеуін, оның аммиакта еруін және аммиакты комплекстің азот қышқылымен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |