Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет117/189
Дата05.11.2022
өлшемі5.26 Mb.
#464071
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   189
химия дәрістер (1) (1)

Мысал 2. Магнийдің көміртек (IV) оксидімен әрекеттесу реакциясының ∆Н0298 – есептеңіз.
2Mg(қ) + СО2(г) = 2MgО(қ) + С(графит)
Қосымшадағы кестеден MgО(қ) мен СО2(г) заттарының стандарттық түзілу энтальпияларының мәнін қараймыз, олар – 601,8 кДж/моль және – 395,5кДж/моль сәйкес.
∆Н0298р= 2 моль (-601,8 кДж/моль) – (-393,5 кДж/моль)∙1моль = -810,1 кДж.
Реакция экзотермиялық.
Мысал 3. Массасы 3,2 г күкірт жанғанда 27,9 кДж жылу бөлінеді. 1 моль SO2 түзілу жылуын есептеңіз.
Шығарылуы.
S(қ) + О2 = SО2(г) теңдеуі бойынша 1 моль күкірттен 1моль SО2 түзіледі. М(S)=32 г/моль.
3,2 г күкірт жанғанда 27,9 кДж жылу бөлінді
32 г күкірт жанғанда Х кДж жылу бөлінді
х=279 кДж/моль
Мысал 4. Массасы 80 г Ғе2О3(қ) көміртегі (ІІ) оксидімен толық тотықсыздандырғанда 13,4 кДж жылу бөлінген. ∆Н0f298 Fe2O3 тотықсыздану реакциясының ∆Н0298р пропорциясы арқылы табамыз.
х=26,8 кДж ∆Н0298р=26,8 кДж.
∆Н0f298 Fe2O3 табу үшін реакция теңдеуін жазамыз:
Fe2O3(қ) + 3СО(г) = 2Fe(қ) + 3СО2(г); ∆Н0298р= -26,8 кДж
Кестеден ∆Н0f298 (СО(г)) = -393,5 кДж/моль
Fe2O3 түзілу жылуын ∆Н0f298 = х деп белгілейміз
3∙(-393,5) – [3∙(-110,5)+x]=-26,8,
осыдан х=-822,2. Демек, ∆Н0f298 (Ғе2О3) = -822,2 кДж/моль.

  1. Реакцияның стандартты жағдайдағы жылулық пәрменін есептеңіз:

а) СОCl2(г) = CO(г) + Cl2(г)
ә) 2NO2(г) = 2NO(г) + О2(г)
б) 2С2Н4(г) + Н2(г) = С2Н6

  1. Берілген термохимиялық теңдеулердің көмегімен СаО түзілуінің стандарттық энтальпиясын анықтаңыз:

  1. СаО(қ) + Н2О(с) = Ca(OH)2(қ), ∆Н1 = -64,74 кДж

  2. Н2(г) + О2(г) = H2О(ж), ∆Н2 = -286,00 кДж

  3. Са(қ) + О2(г) + Н2(г) = Ca(OH)2(қ), ∆Н3 = -986,2 кДж

  1. Зат мөлшері 1 моль Cr2O3 алюминиймен тотықсыздандырғанда 534 кДж жылу бөлінді. Массасы 7,6 г Cr2O3 тотықсызданғанда қанша жылу бөлінеді?

  2. Пиритті күйдіру реакциясының:

4FeS2(қ) + 11O2 = 2Fe2O3(қ) + 8SO2(г)
энтальпиясының өзгеруіне есептеңіз. (Реакцияға қатысушы заттардың стандартты түзілу энтальпиясын кестеден қараңыз).

  1. Төмендегі термохимиялық теңдеулердің көмегімен S(қ) + O2(г) = SO2(г) реакциясының ∆Н0298р табыңыз.

1) 2SО2(г) + O2 = 2SO3(г), ∆Н1 = -191 кДж
2) 2S(қ) + 3O2 = 2SO3(г), ∆Н2 = -790 кДж
Есептің шартын энтальпиялық диаграмманың көмегімен жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет