Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Реакция жылдамдығына катализатордың тигізетін әсері



бет86/189
Дата05.11.2022
өлшемі5.26 Mb.
#464071
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   189
химия дәрістер (1) (1)

3. Реакция жылдамдығына катализатордың тигізетін әсері

Пробиркаға 2–3 мл 3%-дық сутек пероксиді Н2О2 ерітіндісін құйыңыз. Газ көпіршіктерінің бөлінуі байқала ма? Енді пробиркаға 0,1г шамасында марганец диоксидін салып, қандай құбылыс байқалатынына назар аударыңыз. Бөлініп жатқан газды жанған шырамен сынаңыз. Сутек пероксидінің катализатор қатысында ыдырауының реакция теңдеуін жазыңыз.





  1. Реакция жылдамдығына қышқылдық ортаның

тигізетін әсері

Бюреткадан екі пробиркаға 1 миллилитрден калий бромиді ерітіндісін, сонан соң оның біреуіне 4 мл сірке қышқылы ерітіндісін, екіншісіне 1 мл сірке қышқылы ерітіндісін және 3 мл су құйып, шайқап араластырыңыз. Енді әр пробиркаға 2 тамшыдан калий перманганаты ерітіндісін тамызыңыз. Осы екі пробирканың қайсында калий перманганатына тән қызғылт түстің өзгеруі байқалады? Сұйықтың түсі өзгеруіне кеткен уақытты да белгілеңіз.


Калий перманганатының түссізденуі мына реакция нәтижесінде болады: 2KMnO4 + 16CH3COOH + 10KBr = 2Mn(CH3COO)2 + 5Br2 + 12CH3COOK + 8H2O. Қышқылдың концентрациясын 4 есе кемітіп алғанда реакция жылдамдығының қалай өзгергендігіне көңіл аударып, қорытынды жасап жазыңыз.



  1. Реакция жылдамдығының еріткіштің табиғатына тәуелділігі

(Тәжірибе тартпалы шкафта орындалады)

Құрғақ пробирканың біреуіне (CCl4) төрт хлорлы көміртектегі бром ерітіндісін (5 мл), екіншісіне осындай көлемдегі бензолдағы бром ерітіндісін құйыңыз. Енді екі пробиркаға да 4 мл ацетон құйып, уақытты белгілеп, сұйықтықты араластырыңыз. Пробиркадағы сұйықтың түссізденуі қанша уақыттан кейін байқалады? Қайсы еріткіш реакция жылдамдығын баяулатады?


Реакция теңдеуі: CH3COCH3 + Br2 = CH3COCH2Br +HBr.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет