Бейсен Сейітұлы Онтаевтың биографиясы. Бейсен Сейітұлы Онтаев


Тумайды батыр атақ-даңқ үшін



бет2/2
Дата19.01.2023
өлшемі26.03 Kb.
#468542
түріБиография
1   2
Бейсен Сейітұлы Онтаев биографиясы

Тумайды батыр атақ-даңқ үшін,


Туады елінің сынбас сағы үшін...
Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай Отанымызды, келер ұрпақты фашизмнен қорғап, сұрапыл қырғында қыршын кеткен аға-апаларымыздың рухына бас иеміз!
Қан майданда тілерсектен қан кешіп,омырауына ордендерін жарқырата тағып,жеңіспен оралғандары қаншама!
Солардың бірі-ұстаздардың ұстазы батыр атамыз Бейсен Сейітұлы Онтаев
Батыр өзінің бір естелігінде «Тағы бір есте қаларлықтай оқиға Десна өзенінен өтерде болды .Жау Деснаның оң жағалауына бекіп алған.Өзеннің арғы бетіне өтіп, жауға ойран салып,полктың басқа бөлімшелеріне өзеннен өтуіне жол ашу барлаушылар взводына тапсырылды.Жерлесім Жолдас Сүлейменов екеуміз небәрі 70 метр жерді бір жарым сағат бойы еңбектеп барып 15 метр қалғанда екеуміз нысанаға бірден граната лақтырып, автоматтан оқ жаудырып, барлаушылар взводының қимылына жол аштық»-дейді.
Арыс өзенінің бойында өскендігінің Батыр атамызға бірнеше мәрте пайдасы тиді . Бірнеше рет ол Дон, Десна,Днепр жағалауларын барлау кезінде, әсіресе 1943 жылы Днепрден өткендері есінде.Суық күз,қараңғы түн,судың ағысы қатты.Тағыда қиян кескі шайқас.Мұндай тірескен қан кешкен ауыр күндердің талайын бастан кешірді.
Соғыстан аман-есен елге оралып,елдің соғыстан кейінгі ауыр жағыдайын,экономикасын көтеруге атсалысты.
1945-1947жылдары Арыс аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. 1947-1949 жылдары Алматыдағы Жоғары партия мектебін бітірді.
1949-1952 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық партия комитетінде істеді,Шымкент ауыл шаруашылығына қарасты МТС партбюросын басқарды.
1952-1953 жылдары Талдықорғанда Қапал шекара қызметінде рота командирінің орынбасары болды.1953 жылы денсаулығына байланысты аға лейтенант шенінде запасқа кетті.Соғыстан кейін Шымкент педагогикалық институтын бітіріп, 1953 -1987 жылдары мектеп директоры қызметінде болды.
1965-1987жылдарында Арыс ауданына қарасты В.В. Маяковский атындағы,ал қазір Б.Онтаевтың аты берілген мектепте 22 жыл директор болып қызмет атқарды.
Ордабасы ауданына қарасты(Бөген ауданы) Туған ауылына, сонымен қатар орта мектепке Оңтаев есімі берілген.
l-дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін»,Киев қаласын азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Владимир Ильич Лениннің туылғанына 100 жыл толуы құрметіне,Еңбектегі ерлігі үшін» медальдармен және
Қ.Р.ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ белгісімен марапатталған. Ауылдық, аудандық Кеңестердің депутаттығына партия конференцияларының делегаттығына ,Қазақстан мұғалімдерінің VI cъезінің делегаттығына сайланды. Ұлы жеңістің 30,40жылдығында мемлекет басшыларының,ал 45жылдығында Қ.Р.президенті Н.Назарбаевтың қабылдауында болып,Ұлы жеңіс мейрамымен құттықтап, құрмет көрсетілді. Өмірінің соңына дейін халқының ,елінің, өкіметтің қалаулы, құрметті азаматы болып,еткен еңбегінің лайықты бағасын алды. Ал семья жағдайына келсек ,соғыстан кейін елге оралып Онтаева Хафизаға үйленіп,үш ұл үш қызды тәрбиелеп өсірді.Үлкені Әлия педагог,Асқар бухгалтер,Гулия заңгер, Саттар фермер,Болат дәрігер,Мария педагог.Олардың барлығы өз отбасыларын құрған.Батырдың он бес немересі бар.(Б.Онтаев,Х.Онтаева,Ә. Онтаева,А.Онтаев қайтыс болған)
Кейінге шегініс жасап,Батырдың өмірінің осы кезеңіне тоқталғым келді. 1923 жылы үкімет Арыста балалар үйін ашып, қараусыз және жетім балаларды тәрбиелей бастап,кейіннен осында Батыр тәрбиеленді.Алғашқы түлектерінің бірі Төлеген Тәжібаев,академик, сыртқы істер минстрі, кейіннен Индия елшісі болды. Осы уақытта балалар үйі Төлеген Тәжібаев есімімен аталады.Осы шаңырақтан бес бірдей батыр шықты.Бәрі де соғыстан аман оралды.Бейсен Онтаев, Нағи Илясов,Иван Журба,Берген Исаханов,Сыдық Исмайлов.Халық ертеден –ақ озінің батыр перзенттерін ұмытпаған,ұрпақтан-ұрпаққа үлгі қылып,құрметтеп келген.Арыс қаласында
Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында Батырлар аллеясы ашылып,бес батырға ескерткіш қойылды.Киелі шаңырақтың түлектері соғыстан соңғы бейбіт өмір ерлеріне айналды.Академик Ибрагим Шамшатов,жазушы Садықбек Адамбеков т.б.
Өнегелі тәрбие мектебіне айналған,Арыс балалар үйінің жұлдыздары туралы белгілі драматург-жазушы жерлесіміз Садықбек Адамбеков «Біздің үйдің жұлдыздары» атты пьесса жазды.Пьессаның мазмұны мен идеясы ізгілік пен адамгершілік өмір шындығынан өрілді.Кейін Шәкен Айманов «Біздің үйдің жұлдыздары» атты шын кейіпкерлері туралы деректі фильм түсірді.
Сол жұлдыздың бірі-Батыр атамыз Бейсен Онтаев.Ол кісі соғыстан кейін де,көз жұмғанға дейін Арыс балалар үйінен қол үзген жоқ, қамқор болып жүрді. Балалар үйіндегі қиын кездегі достары кейін де мәңгі дос болып қалды. Олар жазушы Садықбек Адамбеков,ақын Намет Сүлейменов,Еңбек Ері Әуесхан Салықбаев аталарымыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет