II топ: Бекмұрат, маған барлық топтық жасаған постерлері ұнады, Зайнабтың айтқан мәліметтері тансық болды. Жаңа ақпарттармен таныс болдым.
III топ: Лана, маған барлық топтық көрнекіліктері ұнады, 1 – ші топтың қыздары ақпарттарды суретке сала отырып Қазақтан – алма мен қызғалдақтың отаны екендігін күшті салған.
Жүргізуші: Пікір білдіргендеріңізге рақмет. Сабағымызды қорынтыдыласақ. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін ұрпағымыз өссе, халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.
Сіздерді рефлексия беруге шақырамыз. «Бір шаңырақ астында»
130-дан астам ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеміз. Сондықтан сіздерді рефлексия беруге шақырамыз.
(киіз үй суреттері таратылып, киіз үй қабырғасына жабыстырылады )
Тәрбие сағаттың талдамасы:
Мерзімі: 27.04.2023ж
Сынып жетекшісі: Қасымхан Н.Қ
Сынып: 7«L»
Қатысқандар саны: 21
Тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры – ұрпаққа аманат»
Тәрбие сағаттың мақсаты: Оқушыларға елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру, талдау. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, әзірленген слайдтар, тақырып бойынша дайындалған видео ролик, лента, кері байланыс парағы.
Педагогикалық тәрбиелік маңыздылығы: «Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көп қырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.» Елбасының нақыл сөзін оқушыларға түсіндіре отырып, болашаққа нық қадаммен мақсат қоя білімді түсінді. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе тарихи сананы жаңғырту керектігін ұғынды. Сынып топтық жұмысты ұйымшылдықпен белсене қатысып отырды. Тәрбие сағаты жоспарға сәйкес жоғары деңгейде өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |