Психолог: Арынбаева Ж.М.
Сынып жетекшісі: Қасымхан Н.Қ.
Тағлымгер: Бейсенова Б.Ж.
Түркістан қаласындағы Химия – биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
7«L» сыныбының
Үлгерімі орташа оқушыға
Мінездеме
Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептің 7 «L» сыныбының « Б » оқушысы. Денсаулығы өте жақсы, бірқалыпты.
Сабақ үлгерімі орташа, өз ойын ашық жеткізуге ұялады. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сабаққа деген қызығушылығы орташа. Көбіне шығармашылық пәндерге қызығушылығы жақсы. Жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен атқарады. Мектептің ішкі ережелеріне бағынады. Мінезі – ұстамды. Өз-өзіне талап қоюы жоғары. Тәртібі жақсы. Қандай іс-шара немесе жарыс болсын ұйымдастыру қабілеті бар. Мұғалімнің ескертпелерін дұрыс қабылдайды. Сыныптастарымен арада ешқандай ұрыс-керіс жоқ, сыйластығы жоғары. Сынып жеткекшісімен де , пән мұғалімдерімен де қарым-қатынасы жоғары.
Психолог: Арынбаева Ж.М.
Сынып жетекшісі: Қасымхан Н.Қ.
Тағлымгер: Бейсенова Б.Ж.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ түрік университетінің
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
6В01512- Химия білім беру бағдарламасының
2-курс студенті Бейсенова Бекзада Жомартқызының
психологиялық-педагогикалық практиканың оқу – тәрбие
жұмысына байланысты химия пәні мұғалімі
Абжалиева Надыра Киргизбаевна
Мінездеме
6В01512- Химия білім беру бағдарламасы 2-курс студенті Бейсенова Бекзада 30.01.2023 - 15.05.2023ж Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептен психологиялық-педагогикалық практикадан өтті. Практика жұмыстары барысында Бекзадаға химия пәні мұғалімі болып жетекшілік жасадым.
Студент өз мамандығы бойынша теориялық білім деңгейінің өте жақсы екенін көрсете отырып, практикамен ұштастыра білді. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыса алды.
Сабақ жоспарын құруды, оқушылармен қалай жеке, топтық, ұжымдық сабақ өту керектігін үйренді. Сабақтарда тест тапсырмалары, карточкалармен және кестелермен жұмыс, топтық тапсырмалар, оқушылардан тақырып бойынша, бөлім бойынша бақылау алу барысын бақылап үйренді. Аз уақыттың ішінде студенттің кәсіби педагогикалық бағыттылық деңгейі, жаңа инновациялық әрекет жағдайында міндеттерді шешуге бағытталуы, әлеуметтік белсенділігі, педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығы, балаларды жақсы көруі, педагогикаға деген қатынасы арта түсті. Көптеген қызықты әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сабақтарды түсіндіруді, көрнекі құралдарды қалай пайдалану керек екені туралы да толық үйренді.
Практика кезінде өзіне жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен, ұқыптылықпен тиянақты орындай алды. Бақылау сұрақтарын ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударды. Химия апталығында квест ойынын ұйымдастыра отырып, оқушыларды химиялық ғажайыптарға сендірді және лабораториялық жұмыстың заттарын дайындауға көмектесті. Практика барысында Бейсенова Бекзада психологиялық-педагогикалық практиканы өте жақсы атқарды. Болашақта Бекзададан білікті маман иесі болатына сенім білдіремін.
Достарыңызбен бөлісу: |