«Бекітемін» «№49 М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры: Қ. Монтаев


Педагог- психологтың функционалдық міндеттері



бет2/3
Дата28.01.2022
өлшемі23.16 Kb.
#454904
1   2   3
психолог міндеттері

Педагог- психологтың функционалдық міндеттері

Педагог- психологтың жұмысының негізгі бағыттары:

2.1. Мектептің білім беру тәрбие беру үрдісіне педагогикалық- психологиялық негіздеме жасау.

2.2.            Әлеуметтік бейімделуге тосқауыл болатын жағдайларды болдырмау және алдын-алу.

2.3.            Оқушыларға психологиялық көмек көрсету.
Қызметтік міндеттері


3.1.            Оқыту барысында оқушылардың психологиялық, әлеуметтік және соматикалық қолайлығын сақтауға бағытталған кәсіби қызмет көрсету.

3.2.            Балалардың құқықтары жайлы Конвенция мен Қазақстан балалары құқықтары заңымен өзгеде балаларға байланысты заңдылықтарға сәйкес оқушылар құқықтарының сақталуын қадағалау.

3.3.            Мектептің әлеуметтік саласының үйлесін табуына ықпал жасап, әлеуметтік бейімделуге кедергі болатын жағдайлардың алдын-алуға және болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізу.

3.4.            Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына кедергі болатын факторларды анықтау және түрлі психологиялық /коррекциялық, бейімдеу, кеңес беру/ көмек беру.

3.5.            Оқушылармен ата-аналарға /олардың орынындағы адамдарға/, педагогикалық ұжымға нақты туындаған мәселелер жөнінде көмек көрсету.

3.6.            Әр деңгейлі және көп бағытты диагностикалауды жүргізу.

3.7.            Оқушылардың жеке тұлғалық және әлеуметтік қалыптасу барысында мәселелерді шешу мақсатында педагогикалық ұжым мен ата-аналар /болмаса олардың орындағылар/ жұмысын бағыттауға арналған зерттеу материалдарына негізделген педагогикалық- психологиялық қорытындылар жасау.

3.8.            Кәсіби мамандығына байланысты бекітілген үлгідегі құжаттарды жүргізу және оны тек кәсіби қызметінде қолдану.

3.9.            Дарынды балаларды анықтау, оларға психологиялық қолдау көрсету, дамуына көмек көрсету.

3.10.        Оқушылардың дамуындағы ауытқудың / ойлау қабілеті, дене бітімі, эмоциялық/ деңгейін анықтау және олардың дамуына көмектесу.

3.11.        Оқушылардың ата-аналар мен педагог қызметкерлердің психологиялық мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар жыныстық қатынас мәдениетін тәрбиелеу.

3.12.        Өзі қызмет ететін мектепті дамыту жөнінде қызметкерлерге кеңес беру және психологияны тәжірибе жүзінде пайдалануға үйрету.

3.13.        Еңбек қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау.

3.14.        Білім беру үрдісін жақсарту мен сауықтыру жөнінде ұсыныстар беру.

3.15.        Өзінің кәсіби біліктілігі мен білімін үнемі көтеріп отыру.

3.16.        Мектеп әкімшілігі өткізетін барлық педагогикалық кеңестер мен мәжілістерге қатысу.

3.17.        Педагогтың қоғамдағы дәрежесіне сай келетіндей қоғамдық орындарда, мектеп тұрмыс жағдайында өзін-өзі ұстаудың этикалық нормаларын сақтау.

Құқықтары.

4.1. Мектеп жарғысы бойынша мектеп басқаруға қатысуға.

4.2.            Өзінің кәсіби намысы мен қасиетін қорғауға

4.3.            Жұмысын бағалаған шағымда және өзге де құжаттармен танысуға, оларға түсініктеме беруге .

4.4.            Кәсіби этика нормаларын бұзуына байланысты әкімшілік немесе тәртіптік шара қолдану мақсатында тексеру жүргізілсе, өз мүддесін өзі қорғауға немесе заңды өкіл-қорғаушы арқылы қорғауға.

4.5.            Заңда көрсетілген жағдайлардан басқа, тәртіптік /қызметтік/ тексеру қорытындысын жарияламауға 

4.6.            Психологиялық тәсілдер мен әдістерді қолдануды таңдау еркіндігіне

4.7.            Білімін жетілдіруге 

4.8.            Біліктілік санатын көтеру мақсатында аттестациядан өту еркіндігі мен сәтті өткен жағдайда біліктілік санатын алуға



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет