Қызметтік жауапкершілігі
5.1. Оқушылармен жеке және ұжымдық психологиялық зертеулер жасау, кеңес беру немесе түрлі шаралар өткізу кезінде олардың денсаулығы мен өміріне зиян келтірсе, немесе психологиялық -педагогикалық зерттеулер мен шаралар өткізу кезінде балалардың құқықтары мен бостандықтары бұзылса, психологиялық Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен заңдылықтар шегінде тікелей жауап береді.
5.2. Балабақшаның ішкі тәртіптемесі мен Жарғысын дәлелді себептерсіз орындамаған жағдайда, сондай-ақ мектеп директорының заңды нұсқамалар мен бұйрықтарына, өзіне бекітілген функционалдық міндеттерін орындамаған жағдайда психолог ҚР Үкіметінің Кодексіне сай тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
5.3. Тәрбиелеуде физикалық күш немесе психологиялық қысым көрсеткен немесе моральдік жағынан кінәлі болған жағдайда психолог ҚР Үкіметінің еңбек туралы заң актілеріне, ҚР “Білім”, “Еңбек” Кодекстеріне сай жұмыстан босатылады.
5.4. Мектептің оқу-тәрбие процесіне міндеттерін атқару /атқармау/ кезінде материалдық зиян келтірсе, еңбек және азаматтық заңдылықтар шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.
5.5. Әрекеттері немесе әрекетсіздігі нәтижесінде мектепке материалдық зиян келтірсе, Республикасы Үкіметі бекіткен заңдылықтар шегінде тікелей жауап береді және келтірген зиянын өтейді.
Білуге міндетті
5.1. ҚР Конституциясын, ҚР “Білім туралы” заңынан, “ҚР балалары” заңын, ҚР “Еңбек туралы” заңын, “Білім беру ұйымдары қызметі ережелерін” және “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік педагого-дәрігерлік қолдау көрсету туралы” өзге де білім беру саласына байланысты құқықтық нормативтік актілерді және “Орта білім беру мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын” балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға байланысты нормативтік ережелерді, психология және педагогика теориясын балалар физиологиясы мен гигиенасын, тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесін, еңбекті қорғаудың ережелерімен талаптарын, техникалық қауіпсіздігі ережелері мен өрт қауіпсіздігі ережелерін.
5.2. Жалпы психологияны, педагогикалық психологияны, жалпы педагогиканы, жеке бас психологиясын, балалар мен жас ерекшелігіне байланысты психологияны, әлеуметтік психологияны, медициналық психологияны, балалар нейропсихологиясын, патопсихологияны, психосоматиканы, сексологияны, психогигиенаны, еңбек психологиясын, психологиялық кеңес.
5.3. Еңбекті қорғау нормативтері мен ережелерін, еңбек және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерін
5.4. Төтенше жағдайларда іс-әрекет жасау тәртібін
5.5. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерін
Қызметіне байланысты қатынасы.
6.1. Мектеп директоры бекітілген кестесіне сай аптасына 18 сағат жұмыс істейді
6.2. Әр оқу жылына, әр тоқсанға жұмыс жоспарын жасайды. Жасалған жоспар жоспарланған мерзімнен бес күн бұрын мектеп директорымен бекітіледі.
6.3. Мектеп әкімшілігінен нормативтік актілерді алады және қол қою арқылы танысады.
6.4. Оқушыларды, ата-аналарды, педагогтарды мектеп әкімшілігінен өз міндетіне кіретін ақпараттармен таныстырып отырады.
Таныстым: ____________________
Достарыңызбен бөлісу: |