Бекітемін «Абай облысы бб инновациялық-әдістемелік орталығы» кмм директоры Исабаева А. С 2023ж. Арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Үздік бейне – мастер класс»



бет2/4
Дата02.04.2023
өлшемі82.5 Kb.
#471584
1   2   3   4
Лучший видео мастер класс

3. КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
3.1. Конкурстың Ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі-Ұйымдастыру комитеті) мыналарды қамтиды: Абай облысының білім басқармасы, «Абай облысының ББ облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ.
3.2. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
- конкурс өткізу ережесі мен тәртібін әзірлейді;
- білім беру мекемелеріне конкурс өткізу туралы хабарлайды;
- конкурсты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
- конкурс қорытындысы және қатысушыларды марапаттау туралы ақпарат дайындайды.
3.3. Ұйымдастыру комитеті Конкурс өткізу кезінде туындайтын барлық даулы мәселелерді қарайды және олар бойынша түпкілікті болып табылатын шешімдер қабылдайды.
3.4. Байқау модераторлары:
- «Innovative college» мекемесінің әдіскері Дюсенбекова Айнагуль Қапшукеровна, байланыс телефоны : 8 775 205 67 20;
- «Семей жоғары көп салалы колледжінің» әдіскері Садуакасова Анар Толеукановна, байланыс телефоны: 8 778 424 74 52;
- «Абай облысы ББ облыстық инновациялық – әдістемелік орталығы» КММ өкілдері - ұйымдастыру комитеті мен сараптамалық комиссия жұмысының, жеңімпаздарды марапаттауды ұйымдастырудың, конкурсқа қатысушыларды сертификаттаудың жалпы мәселелері бойынша


4. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
4.1. Байқауға арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысады.
4.2. Конкурсқа қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне осы Ережеде көрсетілген мерзімдерге сәйкес нысан (1-қосымша) бойынша өтінім жіберу қажет.
4.3. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген материалдар қатысуға қабылданбайды.


5. КОНКУРС ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
5.1. Өткізу нысаны: қашықтықтан.
5.2. Конкурстың сараптама комиссиясы мүшелерінің қорытынды отырысын өткізу күні - 2023 жылғы « 14 » сәуір.
5.3. 2023 жылғы «10» сәуірден 2023 жылғы «13» сәуірге дейін қатысушылардың конкурстық материалдарына сараптама жүргізіледі.
5.4. Сараптамалық комиссия мүшелерінің әрқайсысының ұпайлары бағалау парағына қойылады, содан кейін жинақталады. Нәтижесінде конкурстың әрбір қатысушысы үшін соңғы балл саны есептеледі, оған сәйкес жеңімпаздарды анықтайтын хаттама ресімделеді.
5.5. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Абай облысы ББ облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Қалған қатысушылар сертификаттар алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет