Бекітемін: Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы



бет8/12
Дата23.02.2016
өлшемі0.99 Mb.
#9389
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Білім беру ұйымдарымен көрсетілетін білім беру қызмет сапасы көрсеткіштерінің бірі мектепті үздік аттестат пен «Алтын белгi» куәлігімен бітірген бітірушілер үлесі.



Ерекше үлгідегі «Алтын белгі» аттестатына барлық үміткерлер саны 221. Оның ішінде үшеуі ҰБТ тапсырудан бас тартты (халықаралық сайыстың жүлдегері). Қалған 218 үміткердің 76 өздерінің білімдерін растады, ол барлық үміткерлер санының 34,8% құрайды. Былтырғы 2013 жылы ерекше үлгідегі «Алтын белгі» аттестатын растағаны 64 (24,5%).

Үміткерлер өздерінің білімдерін тек «4» баға алып қана емес, оның 142-ісінің 18-і өз білімдерін ерекше үлгідегі «Алтын белгі» аттестатына растай алмай «3» деген баға алды:



  • 1 пәннен - 8 үміткер;

  • 2 пәннен -8 үміткер;

  • 3 пәннен-2 үміткер.

115 үздік аттестатқа үміткерден 32 мектеп бітіруші (жалпы үміткер санының 27,8%) растады. 2013 жылмен салыстырғанда растағандардың саны 10 бітірушіге артты (16,5%).


Осы статистика бірқатар білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындықтарының төмен болуы, білім беру қызметін көрсету деңгейінің төмендігі, мұғалімдер біліктілігінің жеткіліксіз болуы оқу жетістігін сырттай бағалауды өткізу мен мектептерді аттестаттау барысында алынған білім үзіктері қорытындысынан расталды.


  1. Оқыту мазмұны мен технологиясы, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін жетілдіруге ұсыныстар беру.

2014 жылы Комитетке Департамент тарапынан жүргізілген аттестация, жоспарлы, жоспардан тыс тексерістер, мониторингтер, ұйымдастырылған іс-шаралар, аймақтағы төтенше жағдайлар туралы 183 жедел ақпараттар уақытында ұсынылды.


Департамент тарапынан қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін жетілдіруге және жұмыс бағыты бойынша ұсыныстар беріледі:

  1. МЖМС 2012 - 63 т. Жалпы орта білім беретін, оның ішінде жеке меншік ұйымдарда білім беру процесі ҮОЖ негізінде дайындалатын оқу жұмыс жоспары аясында жүзеге асырылады және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, жалпы орта білім беретін ұйымдардың өзінде бекітіледі. «Білім туралы» Заңның 43 бабы 3 т.2 тармақшасы –жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларын жасау және бекіту. Аталған Заңның «Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті» туралы 6 бабында жазылмаған. Сондықтан Заңға өзгеріс енгізу қажет.

  2. 2010 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен (ары қарай-МЖМС) салыстырғанда 2012 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында типтік оқу жоспарының инвариантты және вариативті компонентін қаржыландыруды реттейтін «типтік оқу жоспарын қаржыландыру» бөлімі жоқ. МЖМС-2010 7.4. тармағы: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінде факультативтерді, таңдау курстарын, қолданбалы курстарды, жеке кеңес беру және типтік оқу жоспарының вариативті компонентіндегі басқа да сабақ түрлерін жүргізу кезінде 1-11 сыныптарда білім алушылардың топтарын құру көзделген. Топтағы оқушылар саны 8-ден кем болмауға тиіс» .2012 жылғы мемлекеттік стандартта бұл тармақ жоқ, бірақ «2013-2014 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта «таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта 10 адамнан асса ғана жүргізіледі» деп көрсетілген. Алайда аталған хат нұсқау ретінде берілген. Сондықтан тексеруші органдар әр мағынада қабылдауы мүмкін. Жеке және топтық кеңес беру, белсенді-қозғалыстар сипатындағы сабақтарды қамтитын оқушы компоненті туралы мүлде ештеңе жазылмаған.

  3. 2012 жылғы МЖМС-та 31тармағында жалпы орта білім екі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары бойынша бейінді оқыту негізінде жүзеге асырылады. Саралап оқыту және білім алушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқытудың осы екі бағыты аясында жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес аралас (ұқсас) пәндер бойынша бейіндендіру енгізіледі деп жазылған. Алайда 2012 жылғы 8 қарашада БҒМ №500 бұйрығымен бекітілген типтік оқу жоспарларында аталған оқу жоспарлары жоқ. БҒМ сайтында берілген 54 типтік оқу жоспарларының нұсқалары «жоба»деп берілген, ресми түрде бекітілмеген.

  4. 2010 жылғы МЖМС-та тереңдетіп оқыту 06.09.2010 ж. №445 бұйрыққа қосымша өзгерістер енгізумен нақтыланған. «Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында, гимназияда, мектеп-гимназиялар мен лицейлерде, мектеп-лицейлерде және үш тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үшін факультативтер және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру үшін әр сыныпқа 4 сағат, әр сыныпқа үйірмелер, студиялар, ғылыми жобалар ұйымдастыру үшін мұғалімдерге 0,25 мөлшерлеме, сонымен қатар шарт негізіндегі жоғары білікті мамандардың жеке курстары мен лекцияларына ақы төлеу үшін мектеп бойынша жылына 1500 сағат есебінен қаражаттар бөлінеді». Осы нұсқау 2012 ж.стандарт бойынша бұйрықтардың барлығы күшін жойса да 2013 жылғы әдістемелік нұсқау хаттада көрсетілген..

  5. 2010 жылғы МЖМС-та 5-11 сыныптарда оқушыларды ұлдар және қыздар тобына бөлу топта 10-12 оқушы болса топқа бөлу жүзеге асырылатын. 2012 жылғы МЖМС-та ондай толықтыру жоқ. Тек қана әдістемелік нұсқау хатта «дене тәрбиесінде оқушыларды топқа бөлу медициналық байқау қорытындысы міндетті түрде анықтама болған жағдайда мүмкін екендігі» жазылған. Яғни, топқа бөлу сыныпта денсаулығы нашар оқушылар ғана болғанда мүмкін бе? Әр сыныпта ондай оқушылар саны санаулы ғана болатындығы белгілі. Сонда бір мұғалім 4-5 оқушымен екінші мұғалім толық сыныппен жұмыс жасай ма? Арнайы медициналық топ қалай құрылады, оған кім және қай уақытта сабақ ұйымдастырады?

  6. 2010 жылғы МЖМС-та 7.2 тармағында «Қажетті қаржы болған жағдайда тілдерді, бағдарлы пәндерді оқытқанда сыныпта аз оқушы болған кезде де топтарға бөлуге болады». 2012 жылғы стандартта жоқ болғандықтан, 10-11 сыныптарда бірнеше тілдерді оқыту қиындық туғызады. Шағын мектептерде 24 оқушы болмағандықтан топтарға бөліне алмайды

  7. «Білім туралы» Заңның 8 тарау 57 б. 4 т. өзгеріс енгізу: Лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін лицензияның қолданысын алты ай мерзімге дейін оқу процесін тоқтатпай Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұруға құқығы бар.

  8. «Білім туралы» Заңның 7 тарауы 51 бабы 1 т. 1.1. т қосу: «Арнайы маман жоқ болған жағдайда, тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі жоқ педагогтарды, педагогтік кеңес немесе аттестаттау комиссиясының шешімімен педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі

  9. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау, қойылатын біліктілік талаптар жойылғандықтан жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер бақылаусыз қалды. Стандарт талаптары орындалмайды, балалар өмірінің қауіпсіздігіне бақылау жасалмайды. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау туралы сұрақты қарастырып ҚР «Білім туралы» Заңына өзгеріс енгізу қажет..

Департаменттің азаматтық қоғамдық институттармен әрекеттестігі.

Мемлекеттік аттестаттау өткізу және білім ұйымдарын лицензиялауды бірігіп жүргізу үшін «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасымен іс-шаралар жоспары жасалып бекітілген. Аталған ұйымдардың мүшелері мемлекеттік аттестаттау және лицензиялауда эксперт ретінде қатыстырылады. Кәсіпкерлер палатасының қызметкері Омарова Эльмира Каленбаевна лицензиялау комиссиясының тұрақты мүшесі.


Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен байланысы.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тапсырмасын және Департаменттің медиа-жоспарын орындау мақсатында төмендегідей шаралар атқарылды:2014 жылы ОЖСБ және ҰБТ форматын түсіндіру, БСБД жұмысының қорытындысы бойынша жергілікті телеканалдарда әр түрлі сұрақтар бойынша сүхбат берілді және семинарлар өткізілді:



  • 10. 01. 2014 ж. Сатпаев қ. «Мысты өңір» газетінде «Дошкольник» ЖММ балабақшаларын аттестаттаудан өткізу туралы бас мамандар Акпарова Ш.К., Кельбетова Р.Ш., Нургалиева С.А. «Сыннан сүрінбей өтті» мақаласы;

  • 13.01.2014 жыл. Облыс әкімінің орынбасары Б.К. Жұмабековтың қатысуымен «Қарағанды облысы білім басқармасы жұмысының қорытындысы бойынша жиналыс. Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Сейтов А.Б. «2013 жылы жүргізілген бақылау шаралары» туралы сөйледі.

  • 14.02.2014 ж. «Бірінші Қарағанды» телеканалындаәкімшілік және қаржы жұмысы бөлімінің басшысы С.Мусиннің бейнеосюжеті «Лицензиялау – жұмыс істеу құқығына апарар жол»-(эфирлік анықтама 28.02.2014);

  • 26.02.2014 жыл. Қарағанды қаласы білім ұйымдарының басшыларының қатысуымен «Қарағанды қаласы білім ұйымдарын аттестаттаудан өткізу», «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында семинар-мәжіліс.

  • 28.02.2014 ж. «Бірінші Қарағанды» телеканалында бейнесюжет «Білім ұйымдарын аттестаттау қорытындысы туралы»Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Б.Сейтов Қарағанды қаласы директорларының мәжілісінде сөйледі -(эфирлік анықтама 28.02.2014);

  • 14.03.2014 ж. бас маман С.А.Нургалиева Қарағанды облысы басқармасымен бірлесіп«Қарағанды облысының оқу-әдістемелік білім орталығы» КМҚК базасында он-лайн режимінде мектеп бітірушілер, ата-аналар және педагогтармен семинар өткізді. Барлығы 130 мектеп қатысты. Психологиялық оқыту тренинг өткізіліп, сұрақтар қойылып жауаптар берілді (ақпарат, сурет);

  • 29.03.2014 жылы БСБД мен Қарағанды облысы оқу-әдістемелік активінің «Проблемы государственной аттестации образовательных услуг» тақырыбында білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысымен бірлескен семинар-мәжілісі.;

  • 04.04.2014ж.- «Северное Прибалхашье» газетіне «Алда жауапты кезең» мақаласыҰБТ-ға дайындық туралы, бас маман С.А.Нургалиева;

  • 18.04.2014г.-Сатпаев қаласы «Шарайна» газетіне «Оқушылар сынақ тапсырды»сұхбат, бас маман С.А.Нургалиева;

  • 15 сәуір 2014 жыл – «Дидар» арнасының эфирлік анықтамасы- бейнесюжет «Жезқазған қаласы жалпы білім беру мектептерінде (№ 11, 22, 24 ОМ) оқу жетістігін өткізу туралы», бас маман С.А.Нургалиева;

  • 2014 жылдың сәуір айындаБСБД басшысы М.Х.Тоқбаев Ұлытау ауданына шығып ҰБТ-ға дайындық жасау мақсатында мектеп бітірушілері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді (жергілікті газетте «Білім додасына дайындық пысықталды» тақырыбында мақаласы жарық көрді);

  • 24 сәуір 2014 жыл «1Қарағанды» каналында білім сапасын сыртай бағалау бөлімі басшысының «ОЖСБ және ҰБТ өткізу туралы сұхбаты;

  • 26.04.2014ж.- «Бұқар жырау жаршысы» газетінеБұқар жырау ауданында ОЖСБ өткізу бойынша бойынша мақала, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Сейтов;

  • 29.04.2014 жылыоблыс әкімінің орынбасары Б.Жұмабековтің басшылығымен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен өткізілген мәжілісте білім сапасын сыртай бағалау бөлімі басшысының «ОЖСБ және ҰБТ ұйымдастыру және өткізу туралы хабарламасы (мәжіліс хаттамасы);

  • 09.05.2014 жылыбөлім басшылары С.Мусин.мен А.Сейтовтың «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасындағы «Дат» телехабарындаШет агротехникалық колледжін лицензиялау мәселесі бойынша сөйледі (эфирліканықтама 13.08.2014 ж.);

  • 26.08.2014жылы Департамент басшысы М.Токбаев«Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы»»тақырыбындағы мұғалімдердің тамыз маслихатына қатысты;

  • 27.08.2014 жыл БСБД бас маманы Нургалиева С.А. «Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы»» тақырыбындағы Қарағанды қаласы мұғалімдерінің тамыз маслихатына қатысты;

  • 29.08.2014 жылы БСБД бас мамандары Нургалиева С.А., Мухтарова Ж.К., Шалхарбекова Г.Ш. Қарағанды облысы білім басқармасының мәжілісіне қатысты. Тақырыбы: «2013 жылы және 2014 жылдың 1 жартыжылдығында мамандандырылған білім ұйымдарында өткізілген тексерістер қорытындысы», «2013 жылы және 2014 жылдың 1 жартыжылдығында арнайы түзету білім ұйымдарында өткізілген тексеріс қорытындысы», «2013 жылы және 2014 жылдың 1 жартыжылдығында техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында өткізілген тексеріс қорытындысы», «Білім ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы»;

  • 26.09.2014 жылы «1 Қарағанды» телеарнасындағы жаңалықтар блогындағы «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметкөрсету тақырыбында» сюжет бөлім басшысы С.Мусиннің берген сұхбаты туралы;

  • 29.09.2014 жылы «1 Қарағанды» телеарнасындағы жаңалықтар блогындағы «техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тексерістің 9 айлық қорытындысы» тақырыбындағы сюжет бас маман Г.Шалхарбекованың сұхбаты туралы;

  • 29.09.2014 жыл БСБД және Білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының бірлескен «Оқу үрдісін нормативтік-құқықтың қамтамасыз ету проблемалары, оны шешу жолдары» тақырыбындағы семинар –мәжілісі бөлім басшысы А.Сейтовтың қатысуымен;

  • 07.11.2014 жыл. ОЖСБ өткізу барысында «1 Қарағанды» телеарнасы шақырылып, онда ЖОО-ында ОЖСБ өткізу туралы түсірілді. Бейнеролик телеарнада 07.11.2014 жылы көрсетілді.

  • 25.11.2014 жылы әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы С.К.Мусин білім бөлімдері басшыларың коллегиясында білім беру қызметін лицензиялау туралы заңнамалардағы өзгерістер, БСБД рұқсаттама статистикасы, лицензиялық бақылау кезінде жиі кездесетін қателіктер жайлы баяндама жасады (баяндама).

  • 11.12.2014 жылы Қарағанды облысының ББДОӘО-ң «Ізденіс» газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде әкімшілік және қаржылық жұмыстар бөлімінің басшысы С.К.Мусин дайындаған «ҚР «Рұқсат беру мен ескерту туралы» Заңының аясында білім беру қызметі», «Образовательная деятельность в рамке Закона РК «О разрешениях и уведомлениях» тақырыбында мақалалары шықты (2 мақала).

  • БСБД веб-сайтінде: ekaraganda.kz «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында қызмет көрсететіндер өз қызметі туралы мемлекеттік органдарды хабардар етуі қажеттігі туралы ақпарат жарияланды»

  • 26.12.2014 жылы Қарағанды облысының «Новый Вестник» газетінде «В Карагандинской области закрыли 4 колледжа» мақала шығып, онда колледждегі проблемалар туралы да айтылып өтті.

  • 26.12.2014 жылы Қарағанды облысының «Новый Вестник» газетінде «Садики на дому должны легализоваться» мақала шығып, онда қызмет көрсететіндер өз қызметі туралы мемлекеттік органдарды хабардар етуі қажет ету керектігі ескертілді.

Жалпы 2014 жылғы медиа-жоспар толық орындалды. Жыл бойына БСБД анықтамалар мәліметі, БСБД сайты жаңарып тұрады, сенім телефоны жұмыс жасайды.ОЖСБ, ҰБТ-2014 дайындық және өткізу сұрақтары жарық көрді. Бақылау шараларының қорытындысы бойынша семинар-отырыстарға, әр түрлі деңгейдегі коллегияларға қатыстылды.

Медиа-жоспарға сәйкес 2014 жылдыңқорытындысы бойынша білім бөлімдері басшыларымен отырыс өткізілген жоқ.Аталмыш шара мереке күндеріне байланысты 2015 жылдың қаңтар айына ауыстырылды және БСБД-імен 2014 жылғы жұмысына толық қорытынды жасалып Қарағанды облысы білім басқармасының коллегиясында басшыларға мәлімдеме ретінде ақпарат беріледі.



10. Апаттық жағдайдағы және үш ауысымдық, салынып жатқан мектептерге мониторинг жүргізу.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 27.10.2014 ж. жол картасын жүзеге асыру бойынша талдау жасау туралы тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдардан сұраныс жасалды.

Қарағанды облысында 12.12.2014 ж. 3 апатты жағдайдағы мектеп болды: Осакаров ауданы әкімдігінің "Осакаровка кентінің № 1 орта мектебі" КММ-і, "Абай ауданының білім, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің "Қарағанды облысы Абай ауданы Қурмин ауылының Қурмин жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-і;Ұлытау ауданының әкімдігі "№14 Алғабас орта мектебі" КММ-сі.

2 үш ауысымды мектеп: "Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№101 мектеп-лицейі" КММ, Сәтбаев қаласының әкімдігі "Сәтбаев қаласының №16 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ.

Үш апатты жағдайдағы мектептің 1-уі (Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің "Осакаровка кентінің № 1 орта мектебі" КММ) 2014 жылдың 26 желтоқсанында іске қосылды. Апатты жағдайдағы қалған 2 мектеп, 2015 жылы жаңа мектептер салу арқылы жойылады (Абай ауданы Қурмин ауылы, Ұлытау ауданы Бетбұлақ кенті).
Қарағанды облысы бойынша 12.12.2014 ж.үшауысымды 2 мектеп анықталды.


  1. "Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№101 мектеп-лицейі" КММ, 1992 жылы салынған. Мекен жайы: 100024, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Гулдер 1 шағын ауданы, 2/1 үй.

Мектептің жобалық сыйымдылығы 1296 орын. 2234 оқушы оқиды. 1 ауысымда -1272, 2 ауысымда-822, 3 ауысымда -140 оқушы.

2014-2015 оқу жылының басында 78 сынып комплектісі болды, үш ауысымдылығы анықталған жоқ. Ауысым арасында оқыған сыныптар болды.



1 ауысым-18(1-4 с.) және 20(6-11с.) сынып, барлығы-1099 оқушы.

1 ауысым арасында- 6(1-2с.) сынып-173 оқушы.

2 ауысым -14 (2-4) сынып және 15 (5-8) сынып - барлығы 822 оқушы.

2 ауысым арасында 5 (2-4) сынып - барлығы 140 оқушы.

«Кең дала» шағын ауданының салынуына байланысты жақын жердегі №101 мектеп-лицейі мен №23 ЖББОМ-те мектепте оқитын 18 жасқа дейінгі балалар контингентінің артуы байқалады. Шағын аудан жыл сайын өсіп келеді. Жыл сайын бала саны артуда: 2012 жылы - 453, 2013 жылы - 465, 2014 жылы - 584 бала . Оқумен қамту жақын маңдағы 2 мектепте жүзеге асырылады.

"Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№23 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ-де 2014-2015 оқу жылы басында 53 сынып комплектісінде 1238 оқушы, 9 мектеп алды даярлық сыныбымен қосқанда 1504 оқушы болды. Жобалық сыйымдылығы 1296. Екі ауысым толық қамтылған.

Сондықтан «Кеңдала» шағын орталығында мектеп салу қажеттілігі туындап отыр.

Аталған шағын ауданда 2015 жылдан жаңа мектеп салу және құрылысы аяқталмаған көзі кеміс балаларға арналған мектеп-интернатын қайта жөндеу жоспарлануда. Жаңа мектеп салу құжаттары Қарағанды облысының Білім басқармасы БҒМ-не тапсырылған.



  1. Сәтбаев қаласының әкімдігі "Сәтбаев қаласының №16 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ, 2006 жылы салынған.

Мекен жайы: Сатпаев қаласы, Сатпаев даңғылы 154.

Мектептің жобалық қуаты 1100 орын, ескі жоба бойынша сыныптар 45 оқушыға арналған. Барлық оқу кабинеттері-42, 4 «авто ісі» кабинеті, 3-уі шағын орталыққа берілген.

Мектепте 933 оқушы оқиды. 1 ауысымда- 438, 2 ауысымда-372, 3 ауысымда-123 оқушы.

1 ауысым- 8.00-11.40 сағат

2 ауысым- 12.00-15.40 сағат

3 ауысым – 16.00-19.55 сағат

2014-2015 оқу жылында 34 сынып комплектісі бар(2012-2013 оқу жылында -37 сынып, 808 оқушы және 4 даярлық тобы 81 бала; 2013-2014 оқу жылында 34 сынып, 810 оқушы. 4 даярлық тобында 74 оқушы).. 2 шағын орталық жұмыс жасайды.

Үшауысымдылық Аймақты дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған жоспарына байланысты пайда болған. Моноқалаларды дамыту жоспары бойынша Сатпаев қаласында 6-шы шағын аудан салынуда. Жезқазған және Весовая кенттерінен көшіру 2015-2016 жылдарға жоспарланған. Алайда тұрғындардың біразы Сатпаев қаласындағы 6-шы шағын ауданға көшіп жатқандықтан, оқушылардың саны артқан.

Дамыту жоспары бойынша 1 мектеп пен 1 балабақша салу жоспарланған(кенттердегі 2 балабақша жабылады).

2015 жылы жаңа мектеп салу құжаттарын Қарағанды облысының Білім басқармасы БҒМ-не тапсырған.



2014 жылы 13 нысан құрылысы жүргізілді.

Ай сайын Департамент тарапынан құрылыстың жүргізілу жағдайынатоқсан сайын мониторинг жүргізіліп отырылды. БСБД мамандар тексеріске шығу арқылы құрылыстың жүргізілуін белгілеп отырды. .

2014 жылдың 17 қазанында РБ –тен 7 нысанның құрылысы жүргізілді.

Құрылыс

мектептер- 3 РБ:


  • Осакаровка ауданы Осакаровка кенті (600 орын)- 26 желтоқсан 2014 жылы пайдалануға тапсырылды;

  • Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті (464 орын);

  • Абай ауданы Курма ауылы (320 орын);

мектептер-2 объекті ЖБ-тен :

  • Жаңаарқа ауданы Жұмажанов ауылы (150 орын);

  • Ұлытау ауданы Бетбұлак ауылы (80 орын).

балабақша- 1 объекті РБ:

  • Балқаш қ. (320 орын);

балабақша-4 нысан ЖБ:

  • Приозерск қ.(200 орын);

  • Жезқазған қ.(320 орын);

  • Осакаров ауданы Осакаровка кенті (320 орын)- 26 желтоқсан 2014 жылы пайдалануға тапсырылды;

  • Шет ауданы Ағадыркенті (160 орын)-пайдалануға тапсырылды.

ТжКБМ- 1 нысан РБ:

  • Нұра ауданы Киевка кенті. Дайындығы- 97%.

Қалпына қайта келтіру /реконструкция/

  • Приозерск қ. «Өнер мектебі»(РБ и ЖБ)-пайдалануға тапсырылды;

Саран қаласы «Сәуле» балабақшасы (РБ и ЖБ)-пайдалануға тапсырылды;

11. «e-learning» электронды оқыту жүйесінің мониторингісі

Қарағанды облысында «e-learning» электронды оқыту жүйесі 87 білім беру ұйымында енгізілген. Оның 13-і –техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында, 74-і мектептерде. Аталған білім беру ұйымдарында интернет жылдамдығына мониторинг жүргізілді. Интернет жылдамдығы талапқа сай.



12. Жергілікті атқарушы органдармен байланыс.
Жергілікті атқарушы органдармен білім саласындағы жағдайлар туралы облыс, аудан(қала) әкімдеріне, жергілікті атқарушы орган басқармаларына хабарлама жіберу арқылы тығыз байланыс жасалады.2014 жылдың басынан хат жіберілді:

Облыс әкіміне-10;

Облыс әкімінің орынбасарына-2;

Аудан әкімдеріне-4;

Білім басқармасына-12;

Аудандық/қалалық білім бөлімдеріне -538;

Облыстық, аудандық прокуратураға-8;

Аудандық соттарға-6;

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына -2;

Облыстық құрылыс басқармасына -11.



Облыс әкімінің орынбасары, білім басқармасы мен білім бөлімдері басшыларына 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында жіберілген хаттар бойынша төмендегі шаралар атқарылды:

  • 67 білім беру ұйымы ЖМББС талаптарына сәйкес жұмыстық оқу жоспарларын қалыпқа келтірді;

  • 61 білім беру ұйымыҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес құрылтайшы құжаттарын, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша ішкі өкімдік құжаттарын қалыпқа келтірді, оның ішінде 41 мектеп, 7 мектепке дейінгі мекеме, 13 ТжКББ мекемесі.

  • Білім беру ұйымдары желісінің нормативі ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1256 қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативіне» сәйкестендірілді.

  • 9 мектеп жабылды. 18 білім ұйымы қайта құрылды: 9 орта мектеп негізгі мектепке, 1 орта мектеп және 8 негізгі мектеп бастауыш мектепке;

  • Мұғалімдердің сапалық құрамы білім саласында қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендірілді;

  • Білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлінді.

13. Департамент жоспарының орындалуы.
Атқарылған жұмыстарға жасаған талдау ҚР БҒМ БҒСБК тапсырмаларының 100% орындалғанын көрсетті. БСБД –нің 2014 жылғы жоспарланып өткізілмей қалған шаралар: түзету орындары жанындағы кешкі мектептерге мониторинг( арнайы рұқсат беру арқылы жүргізіледі); жыл қорытындысы бойынша мәжіліс өткізу(2015 жылдың қаңтар айына ауыстырылған).

Проблемалар:


  1. Мемлекеттік аттестаттау жүргізу барысында аттестаттау комиссиясымен 2009 жылдан 2013 жылдар аралығында оқушылар үлгерімін есепке алатын сынып журналдарын түзету айғақтары анықталды. Мемлекеттік аттестаттаудан өту мақсатында сынып журналдарындағы беттерді жаппай ауыстыру орын алған (80% ға дейін). Өткізілмеген оқу сағаттары өткен сияқты ауыстырылған. Кейбір мектептер қала баспаханаларына журналдарды сол жылғы кодымен тапсырыс бергенге дейін жеткен. Тексеру материалдары Шахтинск, Сатпаев және т.б. қалалардың прокуратурасына жіберілді.

Шешу жолдары: осы айғақтар бойынша нақты шаралар қолдану.

  1. В ходе проведения государственной аттестации аттестационной комиссией обнаружен факт реализации образовательных услуг с выдачей бланков строгой отчетности (свидетельств, аттестатов) неоговоренных в лицензиии на образовательную деятельность и Уставе КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 32» акимата города Темиртау. В Уставе КГУ ОСШ № 32 утвержденного постановлением акимата города Темиртау № 26/21 от 07.07.2011 года не прописан перечень реализуемых образовательных услуг по «Учебно-консультационному пункту» (далее УКП), порядок приема, порядок образовательного процесса УКП, система текущего контроля знаний, основание и порядок отчисления обучающихся и т.д. Нет положения о УПК, приказа об открытия данного УКП. За 2009-2012 учебный год выданы: 83 аттестатата, 2 аттестата дубликаты взамен утеренных, 45 свидетельств. Аналогичные 12 учебно-консультационных пунктов обнаружены в Осакаровском районе, оказывавшие образовательные услуги, не предусмотренные лицензией на образовательную деятельность и Уставом организации образования.

Шешу жолдары: направлять письма Акиму области и руководителю управления образования.

  1. В ходе проведения государственной аттестации аттестационной комиссией обнаружены факты нарушения приема детей дошкольного возраста в КГКП д\с «Ақбота» Бухар-Жырауского района. Согласно п.10 Типовых правил деятельности дошкольных организаций «Типовых правил деятельности организаций образования соответствующих типов, в том числе Типовых правил организаций образования, реализующих дополнительные образовательные программы для детей» №499 от 17.05.2013 года, прием детей осуществляется в соответствии со стандартами государственных услуг: «Постановка на очередь детей дошкольного возраста (до 7 лет) для направления в детские дошкольные организации» и «Прием документов и зачисление детей в дошкольные организации образования». В нарушение действующего законодательства детей принимали без направления органа управления.

Шешу жолдары: направлять письма Акиму области и руководителю управления образования.

  1. В ходе проведения государственной аттестации согласно постановлениюакиматаОсакаровского района от 09.07.2012 года ГУ «Основная школа села Чапаева» Осакаровского района была реорганизована в КГУ «Начальная школа села Чапаева». На момент проведения государственной аттестации в школе числилось 12 учащихся, их них в1-4 классах- 5 обучающихся, в 5-9 классах- 7 обучающихся. Школа оказывала образовательную деятельность по программе основного среднего образования. МИО принято решение реорганизовать ГУ «Основная школа села Чапаева» Осакаровского района в начальную школу.

Пути решения: направление писем Акиму области и руководителю управления образования.

  1. Нехватка специалистов ДКСО. Плотный график проверок и аттестаций. Текущая работа выполняется параллельно с проведением аттестации, чаще в командировке, что сказывается на качестве работы и своевременности выполнения.

Шешу жолдары: В течение трех лет специалисты ознакомились с тем или иным направлением работы. В целях достижения взаимозаменяемости, профессионального роста, проявления креативности, преодоления застойности в работе, возможно имеет смысл пересмотреть функциональные обязанности специалистов.

  1. В последнее время затруднен набор состава комиссий, так как директоры школ не могут отпускать квалифицированных учителей, в связи с учебным процессом.

1.2014-2015 оқу жылы басындағы қАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ Желісі





Білім беру ұйымдарының атауы

01.01.2015ж.

1

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта мектептер

531

Оның ішінде:




бастауыш

57

негізгі

103

орта


371

соның ішінде: «Мектеп- балабақша кешені»


17




Жалпы типтегі мектеп-интернаттар

13

2

Ведомстволық емес мектептер

2

3

Назарбаев зияткерлік мектебі

1

4

Жеке меншік жалпы білім беретін мектептер


8

5

Кешкі мектептер

10

6

Арнайы коррекциялық /түзетілген/ мектептер

11

7

Мектепте тыс білім беру ұйымдары

50 қосымша білім ұйымдары және 42 спорт мектебі

8

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары

195

9

Шағын орталық саны

312

10

Колледждер, оның ішінде жеке меншік

73, оның ішінде 27 жеке меншік




Барлық білім беру ұйымдары

1204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет