Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы


-тақырып.ХХ-ғасырдың 40-60 жылдарында Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері



бет44/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
399017333 (1)

14-тақырып.ХХ-ғасырдың 40-60 жылдарында Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері.

1. 1940-60 жылдардағы қазақ мектебі мен педагогика саласындағы ғылымы-әдістемелік жұмыстар.


2.
1938-1964 жылдары аралығында Қазақстанда халық ағарту ісі кеңінен дами бастады. Соғыстан кейінгі жылдарда педагогика саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарында дүние жүзілік және отандық педагогика саңлақтарының мұралары зерттеле басталады. Қазақ педагогика ғылымы саласының қалыптасуына еңбек сіңірген белгілі педагог Төлеген Тәжібаев (1910-1964) психология мен педагогиканың тоериясы мен тарихы, ұлттық мінез бен этнопсихология, халықтық педагогика, мораль, этика мәселелері қарастырылған еңбектер авторы.
Әбдіхамит Сембаев (190ғ-1989) – ХІХ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейінгі Қазақстандағы халық ағарту ісі мен оқыту тәсілдерін жетілдіру мәселелерін қарастырған белгілі педагог. Мектеп туралы заңдар мен оқу жоспарына енген жаңа пәндер мен оқулықтарының жасалу жолы, орта мектептердегі оқу жүйесінің ІІ жылдық болып өзгеру себебі, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, белгілі бір мамандықты игергені туралы куәлікті орта білім аттестатымен қатар алу т.б. мәселелерді сөз етеді.
19ғ6 жылы ағартушы-педагог Спандияр Көбеев (1878-19ғ6) «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабында оқу-тәрбие ісіндегі ұлттық білім туралы сөз қозғап, оқыту мен тәрбиелеу ісінің әдістемесін іс-әрекетпен байланыстур тәсілдерін көрсетеді.
19ғ, 1964 жылдары «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты зертеу еңбегінде Мәлік Ғабдуллин (191ғ-1973) қазақ ауыз әдебиетінің тәлім-тәрбиелік мәнін ашып, ғылыми талдау жасайды. 1966 жылы жазылған «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты еңбегінде жастарды тәрбиелеуде мектеп, ата-аналар және қоғамдық ұйымдардың бірлесе атқаратын жұмысын әдістемелік тұрғыдан ашып, ұстазды-ұлағаттық тұжырымдар ұсынады.
Қартбай Бержанов (1924-1976) Р.Г.Лембергтің жетекшілігімен жүргізген ғылыми зерттеу жұмысында Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстан мұғалімдерінің әлеуметтік ағартушылық рөлі, олардың қызметінің ерекшелігі, мұғалім кадрларын даярлау жолы мәселелерін қарастырады.1966 жылы жазылған еңбегінде «Халық ағарту саласындағы орыс-қазақ ынтымағы», ана тіліндегі тұңғыш оқулық «Педагогика тарихы» (1971-1984), «Тәрбие мен білім берудің бірлігі» (1973), «Қазіргі педагогиканың актуальды мәселелері» (1974) сынды ғылыми еңбектерін жас ғалымдар мен мұғалімдер кадрларын даярлауда кеңінен қолдануға ұсынды.
Жастарға адамгершілік, имандылық тәрбие беруде халық педагогикасының мән-мағынасын ашуда түйінді ой-пікірлер білдірді. Дидактика, эстетика, этика саласында жазған еңбектерін де бүгінгі күнгі жас зерттеушілер соны еңбек ретінде қарастырады.
1950-1970 жылдарда жүргізілген педагогикалық зерттеулерде бір немесе екі комплексті мектептердің оқу-тәрбие жұмыстары, интернат-пансионаттардағы, жалпы білім беретін ауылдық мектептердегі педагогикалық процестерді ұйымдастырудың әдістері мен қағидалары (Т.Сабиров), қазақ бастауыш мектебіндегі сыныптан және мектептен тыс жүргізілген ұлттық тәлімге қатысты мәселелер (Қ.Мұқамбетжанова), қазақ мектебіндегі дидактика мәселесі (С.Қожахметов) қарастырылады.
1980-90 жылдары педагогиканың дидактикалық-әдістемелік мәселелері ғылыми-әдістемелік негізде қарастырылды. Қазақстандағы мектеп оқу-ағарту ісінің даму тарихы, педагогикалық ой-пікірлер тарихы, ұлт кадрларын даярлау мәселелрі, комсомол, пионер ұйымдары тарихы, кәсіптік мамандық беру, еңбек тәрбиесі, ұлттық музыка құралдары арқылы жастарға тәлім-тәрбие беру, музыка мұғалімі, бастауыш мектеп мұғалімі даярлығы мәселелері, пәндерді оқыту әдістемесі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақстанда педагогика ғылымы саласында жазылған еңбектердің мән-мағынасы туралы И.Б.Мәдиннің «Қазақстанда советтік дәуірдегі педагогикалық ой-пікірлердің дамуы» (1979) еңбегінде және «Қазақстандағы мектептер тарихы мен педагогикалық ойлардың» екі бөлімдік көрсеткішінде (1987,1990 Ы.Алтынсарина ат. ПҒЗИ даярлаған) тұжырымдалады.
Кеңестік білім беру жүйесі 70 жыл аралығында халықты жаппай сауаттандыру мәселесін шетті. Алдымен жаппай сегізжылдық білім беру заңы іске асты. 1980-90 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында жұмыс жүргізілді. 6 жастан балаларды оқуға қабылдау мәселесі қарастырылды. Бүгінде дүниежүзі стандартына сай 12 жылдық білім беру мәселесі өз шешімін табуда. Мұнда да оқушылар 6 жастан оқуға қабылданады.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша КСРО дүние жүзінде екінші орынды иеленді. ЮНЕСКО бақылаушылары ақысыз орта және жоғары білім беруді жоғары бағалады. Олардың көзқарастары бойынша Кеңес Одағын тәжірбиесін сақтап қалу тиімді,ол ұлтық негіздегі білім беру жүйесі, осы тәжірибеге сүйенуі керек. Бірақ, айта кететін бір жәйт, кеңестік білім беру саласында оның дамуына кедергі келтірген кемшіліктері де болды. әсіресе, Білім беру жүйесінің шектен тыс идеологияландырылуы, өмірден және әлемдік тәжірибеден алшақ болуы, тарихи-мәдени, этнопедогогикалық құндылықтарды ескерілмеуі, оқу орындары мен білім мазмұнының қатаң, әрі біркелкі болуы т.б.
2. 1990 жылдарда бастау алған Қазақстанның қайта жаңғыру жолындағы әлеуметтік-экономикалық өмірінің өзгерісі білім саласын да қайта құруға қажеттілік туғызды. Қайта құру үрдісі алдымен білім беру ісінің заңдық базасын жасауға негіз болды. 1992, 1999 жылы білім, жоғары білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы, орта білімнің даму тұжырымдамасы, білім берудің мемлекетік стандарттары бекітілді.
Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі заңының ережелеріне сүйеніп жасалынды. Қазақстан Республикасының Конституциясының (Ата заңы) 30 бабында азаматтарға мемілекеттік оқу орындарында ақысыз білім алуға кепілдік беріліп, орта білім міндетті деп көрсетілді.
1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын орнатты. Оның ішінде мамандыққа кәсіби бағдар беріп даярлау ісінің қажеттігі «оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу» қағидасында белгіленді.
Білім бағдарламаларында үздіксіз және сабақтастық қағидалары негізінде білім берудің денгейлері белгіленді: 1-6 (7) жас аралығында мектепке дейінгі оқыту орындарында немесе отбасында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Орта білім - жалпы орта ( бастауыш, негізгі, орта ) немесе кәсіптік (бастауыш, орта) білім деп жіктелді. Оқыту бағдармаларын жүзеге асыратын оқу орындары жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіби білім беру болып бөлінді.
Білім беру жүйесі жеке түлғаның шығармашылығы мен рухани, физиологиялық мүмкіндіктерін дамыта, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыра, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл–ойын байыта отырып, еңбек рыногында бәсекелесе алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлау және қайта даярлау міндеттерін айқындады.
2. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.
Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының (меншігіне, типіне, түріне қарамастан), оқыту бағдарламалары мен әр денгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады.
Білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндеттері айқындалды.
- оқыту бағдарламаларының жүзеге асырылуына жағдай жасау;
- жеке түлғаның шығармашылығы, рухани және физиологиялқ мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыруы, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл – ойын байыту;
- Отан сүйгіштік пен азаматтылыққа, өз Отаны, Қазақстан республикасына деген сүйішпеншілікке мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу; республиканың қоғамдық–саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, және адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру;
- әлемдік және отандық мәдени жетістіктерге қатыстыру; Республика тарихын,
- қазақ және басқада халықтардың салтдәстүрлерін біліу; мемілекеттік, орыс және шетел тілдерін үйрену;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет