Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы


-тақырып. Егеменді Қазақстандағы мектеп және педагогика (1992 жылдан осы уақытқа дейін)



бет45/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
399017333 (1)

15-тақырып. Егеменді Қазақстандағы мектеп және педагогика (1992 жылдан осы уақытқа дейін).

1. Республиканың қайта жаңгыру жолында жүргізілген білім беру жүйесінің қызметіне сипаттама. Білім саласының заман талабына сай қайта құрылуы.


2. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі. Білім берудің мемлекеттік стандарттары.

1990 жылдарда бастау алған Қазақстанның қайта жаңғыру жолындағы әлеуметтік-экономикалық өмірінің өзгерісі білім саласын да қайта құруға қажеттілік туғызды. Қайта құру үрдісі алдымен білім беру ісінің заңдық базасын жасауға негіз болды. 1992, 1999 жылы білім, жоғары білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы, орта білімнің даму тұжырымдамасы, білім берудің мемлекетік стандарттары бекітілді.


Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі заңының ережелеріне сүйеніп жасалынды. Қазақстан Республикасының Конституциясының (Ата заңы) 30 бабында азаматтарға мемілекеттік оқу орындарында ақысыз білім алуға кепілдік беріліп, орта білім міндетті деп көрсетілді.
1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын орнатты. Оның ішінде мамандыққа кәсіби бағдар беріп даярлау ісінің қажеттігі «оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу» қағидасында белгіленді.
Білім бағдарламаларында үздіксіз және сабақтастық қағидалары негізінде білім берудің денгейлері белгіленді: 1-6 (7) жас аралығында мектепке дейінгі оқыту орындарында немесе отбасында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Орта білім - жалпы орта ( бастауыш, негізгі, орта ) немесе кәсіптік (бастауыш, орта) білім деп жіктелді. Оқыту бағдармаларын жүзеге асыратын оқу орындары жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіби білім беру болып бөлінді. Білім беру жүйесі жеке түлғаның шығармашылығы мен рухани, физиологиялық мүмкіндіктерін дамыта, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыра, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл–ойын байыта отырып, еңбек рыногында бәсекелесе алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлау және қайта даярлау міндеттерін айқындады.
2. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.
Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының (меншігіне, типіне, түріне қарамастан), оқыту бағдарламалары мен әр денгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады.
Білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндеттері айқындалды.
- оқыту бағдарламаларының жүзеге асырылуына жағдай жасау;
- жеке түлғаның шығармашылығы, рухани және физиологиялқ мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыруы, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл – ойын байыту;
- Отан сүйгіштік пен азаматтылыққа, өз Отаны, Қазақстан республикасына деген сүйішпеншілікке мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу; республиканың қоғамдық–саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, және адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру;
- әлемдік және отандық мәдени жетістіктерге қатыстыру; Республика тарихын,
- қазақ және басқада халықтардың салтдәстүрлерін біліу; мемілекеттік, орыс және шетел тілдерін үйрену;
- білім беру ұйымдарының дәрбестігін, өзін – өз билеу құқығын және білім беруді басқару міндеті мен демократияландыру ісін кеңейту;
- оқытудың жаңа технологясын енгізу, білімді информатизациялау, халықаралық коммуникация жүйесіне шығу;
- еңбек рыногында бәсекелесе алатын жоғары дәрежелі жұмысшылар мен мамандарды даярлау және қайта даярлау;
- білім беру ұйымдарының түрлі қызметкерлерінің қарқынды дамуына көмектесу;
Заң бойынша білім беру ұйымдары заңды мекеме болып табылады, оқушылармен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше оқыту бағдармаларын жүзеге асыра алады. Білім беру ұйымдарының дәрежесі (типіне, түріне орай) «Білім туралы» заңының талаптарына сәйкес олардың ережелерінде белгіленеді. Білім беру ұйымдары мемлекеттік басқару орындарынын оқыту қызметін жүргізуге қажетті рұқсат алуы керек. Білім беру мекемелеріне оқыту және басқада табыс түсетін қызметтермен айналасуға құқық берілген. Ақылы білім беру қызметтері мемлекеттік тапсырма шеңберінде қаржыланған негізгі қызметінің орнын алмастыра алады.
Білім беру мекемелері шетелдік ұйымдар мен қорлармен тікелей байланыс жасауға білім беру саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға кіруге құқы бар. Білім беру мекемелері мемлекеттік, мемлекеттік емес (Қазақстан Республикасында тіркелген қоғамдық және діни бірлестіктер мен және білім беру ұйымдар), сондай-ақ халықаралық болуы мүмкін.
Білім беру мекемелері төмендегідей бөлінеді:
- мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнайы және атаанасының қамқорлығысыз қалған балалар мен жетім балалар мекемелері:
- оқыту бағдармаларын жүзеге асыратын оқу орындары жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіби білім беру.
Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы заң» оқу орындарының негізгі түрлерін белгіледі. Орта білім беретін оқу орындарына жататындар:
- жалпы білім беретін мектеп. Ол негізгі және қосымша жалпы білім беретін ұш сатылы (бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге асырады; жалпы білім беретін мектеп шағын-мектеп болуы мүмкін, яғни оқушылар санының аздығына орай қосылған сыныптар жұмыс істейді;
- гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік оқытуды көздейді;
- лицей кәсіптік бағытталған оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша бағдаламаларды жүзеге асырады.
- бастауыш және орта кәсіптік оқыту: жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын әр түрлі бағыттағы кәсіби жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектеп;
- кәсіптік лицей, жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдармаларын жүргізетін және жоғары денгейдегі маман жұмышларды дайындайды;
Оқу орындарында жүргізілген оқыту бағдарламары жалпы (негізгі және қосымша) және кәсіптік (негізгі және қосымша) болып қарастырылады.
Заң білім беру жүйесіндегі орталық және жергілікті атқару орындарының қызметін реттейді. Көрсетілген басқару орындары білімді беруді дамыту бағдарламаларын құрастырып, оны жүзеге асыру шараларын жүргізеді: мамандарды дайындау тапсырысын бекітеді; меншік түріне және бағыныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына лицензиялар береді; оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, шығаруға арналған дайындық жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру саласындағы заңның жүзеге асуын және білім берудің мемлекетті стандарттарының жүргізілуін бақылайды. Білім беру мекемелерінде бес жылда бір рет аттестация жүргізіледі; мемлекеттік білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді.
3. Білім берудің мемлекеттік стандарттары.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативтік құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады. Стандарттар негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарт білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.
Стандарттың негізгі қызметі – азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарылатуы, білімнің ізгілікті қызметтерін белгілеу және оны басқару болып табылады. Білім стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет