«Бекітемін» Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Қ. Орынбаев 2023 ж


Вагондарды жөндеу түрлеріне сипаттама



бет3/3
Дата24.01.2024
өлшемі499.78 Kb.
#489667
түріСабақ
1   2   3
Ашық сабақ

Вагондарды жөндеу түрлеріне сипаттама
1) АЖ - вагонды ажырата отырып ағымдағы жөндеу– вагонның жұмыс қабілетін қамтамасыз ету және қалпына келтіру үшін құрамнан немесе вагондар тобынан ажырата отырып, жұмыс істемейтін паркке ауыстырып және арнайы жолдарға қойып, жекелеген құрамдық бөліктерді ауыстырып немесе қалпына келтіріп орындалатын жөндеу;
2) КЖ - вагонды күрделі жөндеу– вагон ресурсының ақауларын толық немесе толыққа жақын қалпына келтіру үшін кез келген бөліктерін, базалық тетіктерді қоса алғанда, ауыстыру немесе қалпына келтіріп жөндеу;
3) КЖ-1 күрделі жөндеу– вагондардың ақаулықтары мен ресурстарын қалпына келтіру үшін тозған және зақымданған тораптары мен бөлшектерін ауыстыру немесе жөндеу жолымен, жаңғырта отырып вагондарды жоспарлы жөндеу;
4) КЖ-2 күрделі жөндеу– вагонның ақаулықтары мен ресурстарын қалпына келтіру үшін кузовын металға дейін ішінара аша отырып, жылуды оқшаулау мен электр желілерін ауыстырып жоспарлы жөндеу. Қажет болған жағдайда базалық жүйені, конструкция элементтері мен негізгі тораптарды ауыстыру;
5) ДЖ деполық жөндеу– вагонның жұмыс қабілетін қалпына келтіруге арналған, жекелеген құрамдық бөліктерін ауыстырып немесе жөндеп, сондай-ақ жекелеген тораптарын жаңғыртып орындайтын жоспарлы жөндеу;
6) КМҰ қызмет мерзімін ұзарта отырып күрделі жөндеу– вагон конструкциясының барлық тіреу элементтерінің техникалық жағдайын көрсетілген ресурсқа қалпына келтіре отырып, оның кез келген құрамды бөлігін, базалық тетіктерін қоса алғанда, ауыстырып немесе қалпына келтіріп, жаңа қызмет мерзімін белгілей отырып бақылау;
Жаңа тақырыпты пысықтау.

  1. Жүк вагондары үшін жөндеудің қандай түрлері қарастырылған?

  2. Күрделі жөндеу қайда жүргізіледі?

  3. Жүк вагондарының негізгі түрлері неше жылда бір рет күрделі жөндеуден өтеді?

  4. Жартылай вагондар неше жылда бір рет күрделі жөндеуден өтеді?

  5. Жүк вагондарын деполық жөндеу қанша км жүргеннен кейін және қайда жүргізіледі?

  6. Жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету түрлері?

  7. Жолаушылар вагондары үшін жөндеудің қандай түрлері қарастырылған?

  8. Жолаушылар вагондарын ДР-деполық жөндеу вагон қанша км жүргеннен кейін орындалады?

  9. Жолаушылар вагондары үшін техникалық қызмет көрсетудің қандай түрлері қарастырылған?



Қорытындылау: Сұрақ – жауап арқылы өтілген тақырыпты пысықтау,
студенттердің бағаларын қою, сабақты бекіту.


Үйге тапсырма беру. Вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу түрлері.
а) Бүгінгі лекциядан түсінік дайындау.
в) Қосымша әдебиеттерден осы тақырып бойынша мәліметтер жинау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет