-жүкті әйелге физикалық және арнайы акушерлік тексеру жүргізуді, негізгі клиникалық симптомдарды диагностикалауды, зертханалық және аспапты тексеру әдістеріне науқасты дайынауды, әдістерінің нәтижелерін бағалауды;
-аушериядағы шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсетуді;
Дағдыларды игеруі тиіс:- мейіргер ісі саласындағы қызметті зерттеу және талдау жүргізу, оны дамытудың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау мүмкіндігі бар;
-денсаулық сақтау мекемесінде денсаулық сақтаудың сапа менеджменті жүйесін жетілдіруге және енгізуге қатысады;
-жоғары білімі бар мейіргердің мамандықтарын, біліктілік талаптарын және лауазымдық міндеттерін анықтайды; Кез келген жағдайда физикалық тексеру тәсілдерін жоспарлай алады; Аурулар кезінде ықтимал диагнозды болжауды біледі;
-пациенттің жағдайын жақсартуға арналған коммуникациялардың кең ауқымын қолдану (кеңес беру, мінез-құлықтағы өзгерістерді, қолайсыздықтарды, стресстерді, депрессияларды анықтау және басқара білу, эмоционалдық көмек беру, өзінің кемшіліктерін сезіну және мамандардан көмек сұрау);
- пациентке және оның жанұясына өз ойларын, қорқыныштарын, қорғану жолдарын айтуға және соған сәйкес оларға эмоционалдық, әлеуметтік, психологиялық, рухани және физикалық деңгейде көмек бере білу;
- қолайсыз нәтижелерді болдырмас үшін пациентке болашағы туралы айту;
- денсаулығын нығайту және сақтау үшін пациенттерді оқыту мүмкіншіліктерін анықтау;
- жаңа технологияларды қолдана отырып, қарым-қатынаста қиыншылық туғызатын пациенттермен, олардың жанұясымен және әлеуметтік топтармен тиімді коммуникацияны орнату;
- құжаттарды, жұмыс есептерін тиісті технологияларды қолдана отырып, ұқыпты және толық жүргізу қатынастарын (мінез-құлықтар) жасау дағдыларын меңгереді.
2.6 Пререквизиттер:анатомия, физиология, анатомия, физиология, патологиялық анатомия, патологиялык физиология, медбике ісі, медициналық биоэтика, психология негіздері, мейіргерлік күтім.
2.7 Постреквизиттер:акушерия негіздері, педиатрия, терапия, пациенттердің қауіпсіздігі үшін клиникалық мейіргерлік күтім.
Достарыңызбен бөлісу: |