2.8Пәннің/модульдің қысқаша мазмұны. Пәнді окыту барысында болашақ мамандардың жиі кездесетін акушериялық жағдайларда көмек көрсетуді, медициналык үрдісті ұйымдастыра білуді, әйелдерге медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда, алдын алу жұмыстарын жүргізуде, алғашқы медициналық және шұғыл көмек көрсетуде кәсіптік біліктілігін қалыптастыра алады. Үлгілік оқу бағдарламасында әйелдерге медициналық қызмет көрсетуде инфекцияның алдын алу мәселелеріне, медицина дамуының болашағына көп көңіл бөлінеді. Мейіргер ісі біліктілігін ескере отырып «Халықтың денсаулығы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, ана мен бала денсаулығын қорғау туралы заңнамалық және нормативті-құқылық құжаттамаларды, этикалық және құқықтық нормаларды, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу және жүкті әйелдерге, толғатқан және босанған әйелдерге күтім жасау мәселелерін білуге аса назар аударылады.
Пәнді окыту барысында келесі пәндермен интеграция жүргізу ұсынылады: микробиология, патологиялық анатомия, патологиялык физиология, медбике ісі, педиатриядағы медбике ісі, хирургия мен реанимациядағы медбике ісі, терапиядағы медбике ісі, жалпы кәсіптік пәндер.
МЖМБС сәйкес оқу үрдісінің білім алушыларда базалық, кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыруға модульдык оқыту кұрылымы енгізілген.
Пәндердің сағатын бөлу
Жалпы сағат саны
|
Аудиторлық сағат
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
дәріс
|
Симуляциялық тәжірибе
|
Клиникалық тәжірибе
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |