Ұйымдастырылған іс-әрекет
Сауат ашу негіздері
|
Негізгі бөлім.
Артикулациялық жаттығулар жасату. Тыныс алу жаттығуын орындату.
Сабағымызды бастамас бұрын ерінге арналған жаттығулар жасайық: «пілдің тұмсығы», бақа».
Тілге арналған жаттығулар: «кесе», «күрекше», «тәтті тосап», «алтыбақан».
Тыныс алу дем шығаруды реттейтін жаттығулар. «футбол», «гүл иіскеу».
Балалар суретке қараңдаршы қай дыбыстан басталып тұр?
Демек бүгінгі сабақта «В» дыбысы,әрпін өтеді екенбіз. Жеке дыбысты машықтандыруды бастау қажет.
Енді осы дыбыстың артикуляциясымен танысайық:
Артикуляция ерекшеліктері. Төменгі ерні біршама ішке тартылған,және жоғарғы тістерге қабысқан.Үстіңгі ерні сәл көтерілген.Жоғарғы тістері көрініп тұрады.Тілдің ұшы төменгі тістерден аздап ажыраған, тілі жалпақ.Іштен шығатын ауа жоғарғы тістер мен төменгі еріннің арасынан өтеді.Дыбыс жолдары қалыпты жұмыс атқарады, тамақ дірілі байқалады.(дауысы шығады).
Вв
«В»дыбысын буында дұрыс, анық айт, қайтала.
В А ВА-ВА-ВА АВА ВОВ ПВА
В О ВО-ВО-ВО ОВО ВОВ ПВО
В У ВУ-ВУ-ВУ УВУ ВУВ ПВУ
Суреттегі заттарды ата. Бір сөзбен қалай атайды? Сөзде «В» дыбысын анық айт,қайтала.
аВ-то-бус Воль-Во трам-Вай поезд Ұ-шақ
(жеңіл маш)
Тік ұ-шақ по-ро-ход Ве-ло-си-пед трак-тор ка-маз
|