Логопедтің мақсаты: ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына және балабақша кеңесінің шешіміне сәйкес білім алуда ерекше кажеттілігі бар тәрбиеленушілерге арнайы логопедтік қолдау көрсету.
Логопедтің міндеттері:
1. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар тәрбиеленушіге басқа мамандармен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірлесіп терендетілген арнайы логопедтік тексеруден өткізу;
2. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар тәрбиеленушіге жеке,топтық ұйымдастырылған іс-әрекеттерде арнайы логопедтік колдау көрсету.
3. Тәрбиешілерге, ата-аналарға, басқа мамандарға білім алуда ерекше қажеттілігі бар тәрбиеленушілерді ұйымдастырылған іс-әрекеттерде және үйде тәрбиелеу кезінде логопедтік қолдау бойынша кеңес беру.
Логопед жұмысының негізгі бағыттары:
1. Ұйымдастырушылық жұмыс;
2. Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және тәрбиеленушілерді логопедтік қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау;
3. Тәрбиеленушілерге арнайы логопедтік қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау;
4. Кеңестік-әдістемелік қызмет;
5. Өзін-өзі дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |