Бекітемін факультетінің деканы Мухамбетова А. 2020 ж


лекция. ЕАЭО кедендік аумағы арқылы жекелеген тауарлар мен көлік құралдарының өту тәртібінің ерекшеліктері



бет16/19
Дата15.11.2022
өлшемі133.51 Kb.
#464888
түріЛекции
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
кеден құқығы

13 лекция. ЕАЭО кедендік аумағы арқылы жекелеген тауарлар мен көлік құралдарының өту тәртібінің ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты: осы тақырыпты игеру мен зерделеу.


Жоспар:

  1. ЕАЭО кедендік аумақтарда тауарлар мен көлік құралдарының өту тәртібі.

  2. ЕАЭО кедендік аумақтарда тауарлар мен көлік құралдарының өту ерекшеліктері.

Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтің біріккен тауарлық номенклатурасын жүргізу. Тауарларды жіктеу. Алдын-ала шешім қабылдау. Тауарларды жіктеу туралы алдын-ала шешім. Тауарлардың шыққан елі туралы алдын-ала шешім. Сыртқы экономикалық қызметтің біріккен тауарлық номенклатурасы бойынша уәкілетті органның құзіреті.
Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде тарифтiк емес реттеу шараларын сақтау
1. Тарифтiк емес реттеуге жататын тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, декларант Қазақстан Республикасының кеден органдарына тарифтiк емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды табыс етуге мiндеттi.
2. Әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдары, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осындай тауарлар мен көлiк құралдарын тәркiлеу көзделмесе, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерге дереу әкетiлуге не тиiсiнше аталған аумаққа қайтарылуға жатады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын әкетудi немесе қайтаруды тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi адам не тасымалдаушы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелуге немесе аталған аумақ шегiнен тыс жерлерге әкетуге шектеу қойылған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе халықаралық шарттарында белгiленген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары жiбередi.
Тауарлар мен көлiк құралдары жiберiлгенге дейiн оларды пайдалану мен оларға билiк ету осы Кодексте көзделген тәртiпте және жағдайларда жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлiк құралдары жiберiлгеннен кейiн оларды пайдалану және оларға билiк ету мәлiмделген кедендiк режимнiң шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылауға жатады.
Кедендiк бақылауды осы Кодексте белгiленген тәртiп пен нысандарда Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет