Кедендік бақылау» пәні бойынша 050301 –«зантану» мамандығына арналған ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



жүктеу 283.68 Kb.
Дата19.07.2016
өлшемі283.68 Kb.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК 042-14-5-07.01.20.28-

03-2009



«Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

________________



«Кедендік бақылау»

пәні бойынша

050301 –«зантану» мамандығына арналған



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

СЕМЕЙ 2009

Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1. Глоссарий

1.1Тауарлар мен көлiк құралдарын жiберу - Қазақстан Республикасы кеден органдарының тұлғаларға белгiлi бiр кедендiк режимнiң шарттарына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалануға және (немесе) оларға билiк етуге рұқсат беру жөнiндегi iс-әрекетi;


      1.2. жүк операциялары - кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, орамның зақымданған жерлерiн жөндеу, орау, қайта орау және тасымалдау үшiн қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу, аталған тауарлар болуы мүмкiн үй-жайлар мен басқа да орындарды ашу;
      1.3 ырық бермес күштiң әсерi - нақты бiр жағдай кезiндегi Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген белгiлi бiр әрекеттердi жасауға кедергi келтiретiн төтенше және ырық бермейтiн оқиға;
      1.4декларант - тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлға не тауарлар мен көлiк құралдарын өз атынан декларациялайтын, бiлдiретiн және ұсынатын кеден брокерi;
      1.5 декларациялау - Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн және (немесе) кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдары туралы мәлiметтердi мәлiмдеу;
      1.6 шетелдiк тұлға - осы баптың 8) тармақшасында аталмаған тұлға;
      1.7 шетелдiк тауар - осы баптың 9) тармақшасында аталмаған тауар;
      1.8 қазақстандық тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жерi бар, азаматтығы жоқ адам, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында тiркелген жеке кәсiпкер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға;
      1.9 қазақстандық тауар - толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген, жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемдерiне сәйкес Қазақстан Республикасында қайта өңделген, Қазақстан Республикасының аумағында еркiн айналыс үшiн шығарылған, осы Кодекске сәйкес мемлекеттiң меншiгiне айналдырылған тауар;
      1.10 коммерциялық құжаттар - шот-фактуралар, арнайы тiзбелер, тиеу және орау парақтары, сондай-ақ тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар;
      1.11 топтасып тасымалдау - бiр көлiк құралымен бiр мезгiлде бiрнеше жөнелтушiнiң немесе алушының жүктерi өткiзiлетiн кездегi тасымал;
      1.12 тұлға - жеке және (немесе) заңды тұлға;
      1.13 тауарларды өткiзушi тұлға - өз атынан не басқа тұлғаның тапсырмасы бойынша сыртқы экономикалық мәмiле жасаушы тұлға; егер тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу қазақстандық тұлғаның сыртқы экономикалық мәмiлелер жасауынсыз жүзеге асырылатын болса, Қазақстан Республикасының аумағында кедендiк бақылаудағы тауарларды пайдалану мен оларға иелiк ету құқығы бар тұлға;
      1.14 тарифтiк емес реттеу шаралары - тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауiпсiздiгi бойынша стандарттар мен талаптарға (оның iшiнде техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестiгiн растау және Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулыларымен белгiленетiн өзге де талаптар;
      1.15 тарифтiк реттеу шаралары - тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде кедендiк тарифтi пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметтi мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шаралар;
      1.16 салықтар - тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге байланысты алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қосылған құн салығы мен акциз;
      1.17 кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленуiн қамтамасыз ету - осы Кодексте көзделген кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындаудың осы Кодексте белгiленген әдiстерi;
      1.18 тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу - тауарлар мен көлiк құралдарын халықаралық почта жөнелтiмдерiмен жiберудi, құбыр тасымалы мен электр беру желiлерiн пайдалануды қоса алғанда, кез келген әдiспен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету жөнiнде iс-әрекеттер жасау;
      1.19 тасымалдаушы - тауарларды iс жүзiнде өткiзушi не көлiк құралын пайдаланғаны үшiн жауапты болып табылатын тұлға;
      1.20 тауарларды алушы - кедендiк бақылаудағы тауарларды жеткiзуге тасымалдаушы мiндеттi болатын тауардың iлеспе құжаттарында аталған тұлға;
      1.21 өткiзу пунктi - адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары белгiлеген автомобиль, темiр жол вокзалының, станциясының, әуежайдың, аэродромның, теңiз, өзен портының не өзге де жабдықталған орынның шегiндегi аумақ (аумақтың бiр бөлiгi);
      1.22 мамандандырылған кеден мекемелерi - кеден iсi саласындағы мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын мемлекеттiк мекемелер;
      1.23 электрондық цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшiн пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;
      1.24 кедендiк әкiмшiлiк жүргiзу - Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық және өзге де iс-әрекеттер мен шаралар жиынтығы;
      1.25 кедендiк декларация - тауарлар мен көлiк құралдары туралы декларант мәлiмдеген мәлiметтердi жазбаша және (немесе) электрондық түрде растайтын құжат;
      1.26 кедендiк инфрақұрылым - Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмыс iстеуiне жағдай жасайтын, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған үйлер мен ғимараттар;
      1.27 кедендiк бақылау - Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы;
      1.28 кедендiк ресiмдеу - тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуге байланысты адамдар және Қазақстан Республикасының кеден органдары жасайтын iс-әрекеттер мен рәсiмдердiң жиынтығы;
      1.29 кедендiк операциялар - кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының кеден органдары да, тұлғалар да Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жасайтын жекелеген iс-әрекеттер;
      1.30 жөнелтушi кеден органы - тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылаумен тасымалдау басталатын Қазақстан Республикасының кеден органы;
      1.31 межелi кеден органы - тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк бақылаумен тасымалдау аяқталатын Қазақстан Республикасының кеден органы;
      1.32 кедендiк баж - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкеткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудiң ажырамас шарты болып табылатын кедендiк төлемнiң түрi;
      1.33 кедендiк рәсiмдер - Қазақстан Республикасының кеден органдары мен кеден iсi саласындағы тұлғалардың кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты жасайтын iс-әрекеттерiнiң жиынтығы;
      1.34 кедендiк режим - Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында не одан тыс жерлерде өткiзу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы өткiзу кезiндегi олардың кеден iсi саласындағы мәртебесiн айқындайтын, осы Кодексте белгiленген нормалардың жиынтығы;
      1.35 кедендiк алымдар - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу, кедендiк алып жүру үшiн, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының кеден органдары бекiтетiн қоймаларда сақтау үшiн алатын кедендiк төлем түрлерi;
      1.36 кедендiк алып жүру - Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарын алып жүруi;
      1.37 кедендiк тариф - Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қолданылатын кедендiк баж ставкаларының Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген тiзбесi;
      1.38 кеден терминалы - Қазақстан Республикасы кеден органының қызмет аймағындағы Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлармен және көлiк құралдарымен кедендiк ресiмдеу және (немесе) кедендiк операциялар жасауға арнап арнайы жайластырылған, техникамен жарақтандырылған және жабдықталған орын;
      1.39 тауар - Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн мүлiк, оның iшiнде ақпарат таратушылар, валюталық құндылықтар, энергияның электр, жылу және өзге де түрлерi, сондай-ақ көлiк құралдары, бұған осы баптың 43) тармақшасында аталған көлiк құралдары кiрмейдi;
      1.40 кедендiк бақылаудағы тауарлар - осы Кодекске сәйкес кедендiк бақылау жүзеге асырылатын тауарлар;
      1.41 көлiк құжаттары - халықаралық автомобиль жүк құжаттамасы, темiр жол көлiктiк жүк құжаттамасы, багаж тiзiмдемесi, багаж түбiртегi, әуе жүк құжаттамасы, коносамент, сондай-ақ құбыр тасымалымен және электр беру желiлерi арқылы тауарларды өткiзу кезiнде пайдаланылатын құжаттар мен Қазақстан Республикасының көлiк туралы заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тасымалдар кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарына iлесе жүретiн өзге де құжаттар;
      1.42 тауарларға iлеспе құжаттар - Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына арналған коммерциялық және көлiк құжаттары;
      1.43 көлiк құралы - халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру үшiн қолданылатын және осы көлiк құралдарымен бiрге тасымалданатын болса, олар үшiн техникалық паспортпен немесе техникалық формулярмен көзделген қосалқы бөлшектердi, керек-жарақтары мен жабдықтарды, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары мен салқындату сұйықтарын қоса алғанда, теңiз, iшкi су, әуе кемесi, механикалық көлiк құралы;
      1.44 кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасында кеден iсiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
     1.45 шартты түрде шығару - тауарлар мен көлiк құралдарын шектеп және оларды пайдалану мен оларға билiк ету жөнiндегi шарттарға орай шығару;
      1.46 сыртқы экономикалық қызметке қатысушы - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асырушы тұлға;
      1.47 электрондық құжат - өзiндегi ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы
Тақырып 1. Сыртқы экономикалық қызметтің түсінігі, пәні және құқығының қайнар көздері-2 сағат

1Сыртқы экономикалық қызметтінің түсінігі

2ҚР-дағы сыртқы экономикалық қызметтің ерекшеліктері

3Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі түрлері

4СЭҚ құқығы. СЭҚ құқығының түсінігі, пәні, субъектілері және объектісі СЭҚ құқығының қолданылу аясы

5СЭҚ құқығы мен халықаралық экономикалық құқықтық ара-қатысы

6СЭҚ құқығы мен ХЖҚ-тың ара-қатысы

7СЭҚ қағидаларының түсінігі және жіктелуі

8а) Мемлекеттің СЭҚ-ін белгілейтін жалпы қағидалар

9б)СЭҚ құқығының арнайы қағидалароы

10СЭҚ құқығы қайнар көздерінің түсмінігі және олардың түрлері

11а)СЭҚ құқығының халықаралық-құқықтық қайнар көздері

12б)мемлекеттілік қайнар көздер

13СЭҚ құқығының жүйесі


Мемлекетік әрекет экономикалық және әкімшілік, тарифтік және тарифтік емес сыртқы сауданы реттеу қатынастары арқылы іске асады. Негізгі сыртқы сауданы реттеу амалдары әр түрлі сатыларда негізделеді. Экономикалық және тарифтік немесе әкімшілік ретінде тарифтік емес басқа да немнсе сол әдістерді сатылауға болады. Экономикалық әдістерді қолдануда заң орвндары белгілейді. Экономикалық амалдарды реттеудің мысалдары ретінде кедендік-тарифтік реттеуді алмастыруға болады. Әкімшілік амалдардың мысалы ретінде квоталық және лицензияланған болып табылады.

Мемлекетік реттеудің сыртқы экономикалық қатынастары мен тарифтік және тарифтік емес қатынастарды бірлесіп сатылау амалдарына жатады.

Тарифтік реттеу-бұл экономикалық амалдарды реттеудің сыртқы экономикалық қатынастарды іске асырудың жолдары кезкңдік тасымалдаумен қатысты

Тарифсіз ретте -бұл кәсәпкерлердің қатынасын сыртқы сауда көлемінде мемлекетің қатысын өзінімен ұсынады, кедендік тарифке байланысты емес экономика ретінде пайдалану әкімшілік тәртібі.

Субьекті қатынасына қатысты бастауым сыртқы эконронмикалық қатынасы тура немнесе жанама болуы мүмкін.

Ұсынылатын әдебиет

1.«ҚР –дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 01.26.1996 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы./ ҚР Парламент Жаршысы.№1.

2.Еркін экономикалық ааймақтар туралы. 30.11.1990ж. КСРО Заңы./ КСРО Жоғары Совет қаулысы, 1990 ж.№49.

3.«ҚР-сындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.06.2005 ж. ҚР Заңы.

4.Правовое регулирование ВЭД./ под.ред. Сарсембаева М.А. Учебное и практическое пособие.- Алматы: Ғылым, 1997г

Тақырып 2. Сыртқы экономикалық қызметтінің реттеу және басқару – 2 сағат

1СЭҚ- ҚР-ның шаруашылық қызметіндегі маңызды салаларының бірі

2ҚР Үкіметінің қызметі СЭҚ-пен жалпы басшылықта

3СЭҚ аясындағы ҚР-ның өнеркәсіп және сауда министрлігінің қызметі

4СЭҚ аясындағы ҚР-ның экономика министрлігінің қызметі

5ҚР-ның ұлттық банкі

6ҚР кеден комитетінің қызметі

7ҚР-ның сауда-өнеркәсіптік Палатасы, оның қызметінің негізгі бағыттары

8ҚР-ның инвестициялары жөніндегі агенттіктің қызметі
Тарифтен реттеу кеден тасымалдау жолымен іске асады Кеден тасымалы салықтық немесе төлемдердің біріне жатады.Кеден тасымалы кеден шекарасынан өткен тауарлардың салық функцияларын орындайды. Олар мемлекетке қаржы құятын қайнар көзі болып табылады. Одан басқа кеден тасымалы қорғану амалдары ретінде пайдаланылады.

Кедендік тариф-бұл кеден тасымалдау тізім тауарлардың кеден шекарасы арқылы алмасуын қамтиды.

Импорттық реттеудің тарифтік режимі кеден тасымалының стафкаларын қарастырады.

Кеден тасымалының тауарларға қатынасы екі есе өседі.

Белгілі бір елде тауар әкегенде құжат ретінде, тауар әкелу туралы сертификат қажет.

ТМД-ның құрамындағы елдерде тауар әкелу кезінде, әдейі тауар әкелу тәртібі белгіленеді

Бұл тәртіп ТМД елдерінің шешімімен 1993жылдың 24 қыркүйегінде белгілнеген.

Қазақстан Республикасы тауар әкелгенде, осы мемлекеттен тауар әкетілгенде кеден тасымалы алынбайды.



Ұсынылатын әдебиет

1.«ҚР –дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 01.26.1996 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы./ ҚР Парламент Жаршысы.№1.

2.Еркін экономикалық ааймақтар туралы. 30.11.1990ж. КСРО Заңы./ КСРО Жоғары Совет қаулысы, 1990 ж.№49.

3.«ҚР-сындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.06.2005 ж. ҚР Заңы.

4.Правовое регулирование ВЭД./ под.ред. Сарсембаева М.А. Учебное и практическое пособие.- Алматы: Ғылым, 1997г


Тақырып 3. Сыртқы экономикалық қызметтегі ұйым және операция техникасы – 2сағат

1Сыртсаудалық операцияның түсінігі және жіктелуі

2Сатып алу-сату шартының түсінігі және оның құрылымы

3Шикізатты, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды, көлік және құрал- жабдықтарды сатып алу-сату жөніндегі сыртсаудалық операциялар

4Ноу-хау және лицензияларды саудалау жөніндегі операциялар

5Сауда-делдалдық операциялар. Консигнациялар және комиссиялардың шарттары бойынша операциялар. Агенттік келісімдер. Бәсеке түрдегі саудалық операциялар

6Сыртсаудалық операцияларда тауарлық биржаларды пайдалану

Ұсынылатын әдебиет

1.«ҚР –дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 01.26.1996 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы./ ҚР Парламент Жаршысы.№1.

2.Еркін экономикалық ааймақтар туралы. 30.11.1990ж. КСРО Заңы./ КСРО Жоғары Совет қаулысы, 1990 ж.№49.

3.«ҚР-сындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.06.2005 ж. ҚР Заңы.

4.Правовое регулирование ВЭД./ под.ред. Сарсембаева М.А. Учебное и практическое пособие.- Алматы: Ғылым, 1997г
Тақырып 4. Инвестицияларыдың құқықтық режимі – 2 сағат
1ҚР-ғы инвестициялары туралы заңнамасы

2Инвестицияның түсінігі. «Инвестиция» мен «Капитал салудың» ара қатысы

3ҚР-мен жасалған халықаралық шарттада инвестицияны анықтау

4ҚР-ның инвестициялық климаты және инвестициялық саясаты түсінігі

5Инвестицияның құқықтық режимі. Екі жақты режим, ұлттық және преференциалдық режим

6Шет ел инвесторларына кепілдер

7Шет ел инвестицияларын халықаралық-құқықтық реттеу Мемлекеттер мен шет ел тұлғаларының арасындағы инвестициялық дауларды шешу тәртібі туралы вашингтон Конвенциясы. 1985 жылға «Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттікті құру туралы» Сеул Конвенциясы (МИГА).

Энергетикалық хартияға шарт және оның Қазақстан Республикасының заңдарына әсер етуі



Ұсынылатын әдебиет

1.«ҚР –дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 01.26.1996 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы./ ҚР Парламент Жаршысы.№1.

2.Еркін экономикалық ааймақтар туралы. 30.11.1990ж. КСРО Заңы./ КСРО Жоғары Совет қаулысы, 1990 ж.№49.

3.«ҚР-сындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.06.2005 ж. ҚР Заңы.

4.Правовое регулирование ВЭД./ под.ред. Сарсембаева М.А. Учебное и практическое пособие.- Алматы: Ғылым, 1997г


Тақырып 5. СЭҚ құқығының субъектілері – 2 сағат
1СЭҚ құқығы субъектілерінің жалпы мінездемесі және түрлері

2Мемлекет СЭҚ құқығының субъектісі ретінде

3Заңды тұлғалар СЭҚ құқығының субъектісі ретінде

4шет елдің қатысы бар кәсіпорынды түсінігі. Шет елдің кәсіпорыны біріккен кәсіпорындар. Шетелдіңқатысы бар кәсіпорын немесе шетел инвестициялары бар кәсіпорын

5Шет елдің қатысы бар кәсіпорынды басқару, оның құқықтық режимі

6Шет елдердің қатысы бар кәсіпорын қызметтерінің ұйымдастыру түрлері. Шет елдің қатысы бар кәсіпорын қызметін лицензиялау. Лицензиялаудың түрлері. Лицензияды алуға қажет құжаттар тізімі. Инвестициялық дауларды шешу тәртібі



Ұсынылатын әдебиет

1.«ҚР –дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 01.26.1996 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы./ ҚР Парламент Жаршысы.№1.

2.Еркін экономикалық ааймақтар туралы. 30.11.1990ж. КСРО Заңы./ КСРО Жоғары Совет қаулысы, 1990 ж.№49.

3.«ҚР-сындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.06.2005 ж. ҚР Заңы.

4.Правовое регулирование ВЭД./ под.ред. Сарсембаева М.А. Учебное и практическое пособие.- Алматы: Ғылым, 1997г


Тақырып 6. Арнайы экономикалық аймақтарды құқықтық реттеу – 2 сағат

1Арнайы экономикалық аймақ институттарының тарихи дамуы

2Шетел мемлекеттерінің тәжірибесіндегі АЭА-ті құрудың тарихы

3ҚР-ғы АЭА институтының дамуының заңнамасы. 26,01,96 ж. ҚР Президентінің «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Жарлығы.

4АЭА түсінігі

5АЭА территориясында шаруашылықпен айналысатын субъектілер құқығының кепілдіктері


Квоталау бұл жоғарыда айтылғандай мемлекеттің сыртқы экономикалық қатынастарды реттеудегі тарифтік емес әдіс болып табылады.

Квоталау бұл-мемлекет органдарының бейнелеуімен белгілі бір мерзімге қандайда болмасын тауарларды шектеу жиынтығы.

Импортты және экспортты реттеу квоталық жолмен Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған.

Қазақстан Республикасының заңдарында квоталау мен лицензиялау бір жүйеге қойылған.

Сонымен бірге жоғарыда айтлған онтоғызыншы статияда импорт немесе экспортты елдің (халықтың) назарынан тыс шектеуді қарастырды. Мұндай шектеу тек қана Республикалық заңдарда қарастырылады және отыз күн өткеннен кейін ғана күшіне енеді.

Лицензиялау бұл-компоненті елдердің органдары тауарды әкелу немесе әкету тасымалына айқын түрде рұқсат береді. Лицензиялау сыртқы экономикалық қатынастардың реттеудің қабылдаумен, қатынастың түрімен емес товар оборотының лицензиялауымен ерекшеленеді.

Лицензиялау екіге бөлінеді.


  • Генерсиды.

  • бір рет қабылданатын.

Генералды лицензиялауға халықаралық міндеттерді бір жыл ішінде орындау жатады бір рет қабылданатын лицензиялауға тауардың тек қана бір түрімен бір істі бір жыл ішінде орындау жатады.

Анықталған тауарлардың қатынасында лицензиялық режим орнатылады. Лицензиялау ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және экспортта халықаралық міндетерді орындау үшін қолданылады.




Ұсынылатын әдебиет

1.«ҚР –дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 01.26.1996 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы./ ҚР Парламент Жаршысы.№1.

2.Еркін экономикалық ааймақтар туралы. 30.11.1990ж. КСРО Заңы./ КСРО Жоғары Совет қаулысы, 1990 ж.№49.

3.«ҚР-сындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.06.2005 ж. ҚР Заңы.

4.Правовое регулирование ВЭД./ под.ред. Сарсембаева М.А. Учебное и практическое пособие.- Алматы: Ғылым, 1997г

Тақырып 7. Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу– 2 сағат

1Валюталық реттеу туралы ҚР-ның заңнама

2Валюта және валюталық құндылықтар түсінігі

3Валюталық реттеу органдарының түсінігі және жүйесі

4Валюталыққатынастардың субъектілері

5Валюталық операциялар түсінігі. Сыртсаудалық келісімшарттардың валюта-қаржылық шарты. Валюталық тәуекелдер

6ҚР-ның сыртқыэкономикалық қызметіндегі валюта-қаржылық қатынастарын жетілдеру жолдары

Ұсынылатын әдебиет

1.«ҚР –дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 01.26.1996 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы./ ҚР Парламент Жаршысы.№1.

2.Еркін экономикалық ааймақтар туралы. 30.11.1990ж. КСРО Заңы./ КСРО Жоғары Совет қаулысы, 1990 ж.№49.

3.«ҚР-сындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.06.2005 ж. ҚР Заңы.

4.Правовое регулирование ВЭД./ под.ред. Сарсембаева М.А. Учебное и практическое пособие.- Алматы: Ғылым, 1997г
Тақырып 8. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық көлік қатынастары – 2 сағат

1СЭҚ-гі көлік түсінігі және пайдалану қажеттігі

2СЭҚ-гі көлік операцияларының мазмұны

3ҚР-ғы көлік зхаңнамасының түсінігі

4Халықаралық көліктік келісімдер
Ұсынылатын әдебиет

1.«ҚР –дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 01.26.1996 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы./ ҚР Парламент Жаршысы.№1.

2.Еркін экономикалық ааймақтар туралы. 30.11.1990ж. КСРО Заңы./ КСРО Жоғары Совет қаулысы, 1990 ж.№49.

3.«ҚР-сындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.06.2005 ж. ҚР Заңы.

4.Правовое регулирование ВЭД./ под.ред. Сарсембаева М.А. Учебное и практическое пособие.- Алматы: Ғылым, 1997г
Тақырып 9. Қазақстан Республикасындағы кедендік және сыртқы экономикалық қызметтің өзара байланысы– 2 сағат

1ҚР-ның кеден ісі және кеден қызметінің түсінігі

2ҚР-ның кеден Кодексі

3ҚР кеден органдары

4ҚР дүниежүзілік Кеден Ұйымына қатысуы (1992ж)

5Кедендік юаж салығы мен тарифтері және олардың түрлері

6Тарифтік женілдіктер түсінігі. Тарифтік женілдектер түсінігі. Тарифтік жеңілдектер түрлері.Тарифтік преференциялар
Сыртқы экономикалық қатынастағы салықтық реттеу акциздік жинаққа қосылған салықтың жолымен іске асады.

Салықтың реттеу, мемлекеттік реттеудің эканомикалық әдістерімен байланысты.

Қосымша құнға салықтың (ҚҚС. НДС) стафкасы заңмен орнластырылады.

Олар тауардың кедендік құнына акциздің көлеміне , кеден тасымалының жоғарлауына байланысты.

Акциз бұл- тауар бағсын қосқанда жанама салыққа жатады.

Акциздік тауарларға байланысты, ТМД-ның құрамына кіретін елдерде акциздік бағаның ставкасын төмендету қарастырылған.

“Қосымша құмға салық” Қазақстан Республикасының заңдарында 1991 жылы 6 желтоқсанда, сонвмен бірге көптеген нормативтік актілер мақсатында қарастырылады.

Қосымша құнға салық ставкасын заңмен орнатылады.

Олар, Кеден тасымалынан, акциздік көлемінен және тауарлардың кеден құнынан тұрады.
Ұсынылатын әдебиет

1.«ҚР –дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 01.26.1996 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы./ ҚР Парламент Жаршысы.№1.

2.Еркін экономикалық ааймақтар туралы. 30.11.1990ж. КСРО Заңы./ КСРО Жоғары Совет қаулысы, 1990 ж.№49.

3.«ҚР-сындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.06.2005 ж. ҚР Заңы.

4.Правовое регулирование ВЭД./ под.ред. Сарсембаева М.А. Учебное и практическое пособие.- Алматы: Ғылым, 1997г
Тақырып 10. Сыртқы экономикалық шаттар (мәмілері)– 2 сағат

1СЭҚ шарттын түсінігі

2Шарттын түрлері

3СЭҚ шарттын нысаны және тәртібі

4СЭҚ шарттын мазмұны және жүйесі

5ИНКОТЕРМС-2000.


Ұсынылатын әдебиет

1.«ҚР –дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 01.26.1996 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы./ ҚР Парламент Жаршысы.№1.

2.Еркін экономикалық ааймақтар туралы. 30.11.1990ж. КСРО Заңы./ КСРО Жоғары Совет қаулысы, 1990 ж.№49.

3.«ҚР-сындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.06.2005 ж. ҚР Заңы.

4.Правовое регулирование ВЭД./ под.ред. Сарсембаева М.А. Учебное и практическое пособие.- Алматы: Ғылым, 1997г

3.Практикалық сабақтың құрылымы
Тақырып 1. Сыртқы экономикалық қызметтің түсінігі, пәні және құқығының қайнар көздері-1 сағат

1Сыртқы экономикалық қызметтінің түсінігі

2ҚР-дағы сыртқы экономикалық қызметтің ерекшеліктері

3Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі түрлері

4СЭҚ құқығы. СЭҚ құқығының түсінігі, пәні, субъектілері және объектісі СЭҚ құқығының қолданылу аясы
Ұсынылатын әдебиет

1.«ҚР –дағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 01.26.1996 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы./ ҚР Парламент Жаршысы.№1.

2.Еркін экономикалық ааймақтар туралы. 30.11.1990ж. КСРО Заңы./ КСРО Жоғары Совет қаулысы, 1990 ж.№49.

3.«ҚР-сындағы валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.06.2005 ж. ҚР Заңы.

4.Правовое регулирование ВЭД./ под.ред. Сарсембаева М.А. Учебное и практическое пособие.- Алматы: Ғылым, 1997г

Тақырып 2. Сыртқы экономикалық қызметтінің реттеу және басқару– 1 сағат

11ҚР Үкіметінің қызметі СЭҚ-пен жалпы басшылықта

2СЭҚ аясындағы ҚР-ның өнеркәсіп және сауда министрлігінің қызметі

3СЭҚ аясындағы ҚР-ның экономика министрлігінің қызметі

4ҚР-ның ұлттық банкі

5ҚР кеден комитетінің қызметі


Ұсынылатын әдебиет

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент. Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2007, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б.Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.


Тақырып 3. Сыртқы экономикалық қызметтегі ұйым және операция техникасы – 1сағат

1Сыртсаудалық операцияның түсінігі және жіктелуі

2Сатып алу-сату шартының түсінігі және оның құрылымы

3Шикізатты, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды, көлік және құрал- жабдықтарды сатып алу-сату жөніндегі сыртсаудалық операциялар

4Ноу-хау және лицензияларды саудалау жөніндегі операциялар
Ұсынылатын әдебиет

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент. Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2007, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б.Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.


Тақырып 4. Инвестицияларыдың құқықтық режимі – 1 сағат

1Инвестицияның құқықтық режимі. Екі жақты режим, ұлттық және преференциалдық режим

2Шет ел инвесторларына кепілдер

3Шет ел инвестицияларын халықаралық-құқықтық реттеу Мемлекеттер мен шет ел тұлғаларының арасындағы инвестициялық дауларды шешу тәртібі туралы вашингтон Конвенциясы. 1985 жылға «Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттікті құру туралы» Сеул Конвенциясы (МИГА).



Ұсынылатын әдебиет

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент. Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2007, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б.Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.



Тақырып 5. СЭҚ құқығының субъектілері – 1 сағат

1СЭҚ құқығы субъектілерінің жалпы мінездемесі және түрлері

2Мемлекет СЭҚ құқығының субъектісі ретінде

3Заңды тұлғалар СЭҚ құқығының субъектісі ретінде

4Шет елдің қатысы бар кәсіпорынды түсінігі.
Ұсынылатын әдебиет

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент. Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2007, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б.Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.


Тақырып 6. Арнайы экономикалық аймақтарды құқықтық реттеу – 1 сағат

1Шетел мемлекеттерінің тәжірибесіндегі АЭА-ті құрудың тарихы

2ҚР-ғы АЭА институтының дамуының заңнамасы. 26,01,96 ж. ҚР Президентінің «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Жарлығы.

3АЭА түсінігі

4АЭА территориясында шаруашылықпен айналысатын субъектілер құқығының кепілдіктері

5АЭА-ті басқару



Ұсынылатын әдебиет

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент. Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2007, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б.Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.


Тақырып 7. Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу -1 сағат

1Валюталық реттеу туралы ҚР-ның заңнама

2Валюта және валюталық құндылықтар түсінігі

3Валюталық реттеу органдарының түсінігі және жүйесі

4Валюталыққатынастардың субъектілері

Ұсынылатын әдебиет

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент. Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2007, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б.Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.



Тақырып 8 Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық көлік қатынастары – 1 сағат
1СЭҚ-гі көлік түсінігі және пайдалану қажеттігі

2СЭҚ-гі көлік операцияларының мазмұны

3ҚР-ғы көлік зхаңнамасының түсінігі

4Халықаралық көліктік келісімдер

5Көліктің негізгі түрлерімен халықаралық тасымалдауларды ұйымдастыру. Көліктік сақтандыру.
Ұсынылатын әдебиет

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент. Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2007, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б.Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.



Тақырып 9. Қазақстан Республикасындағы кедендік және сыртқы экономикалық қызметтің өзара байланысы– 1 сағат

1ҚР-ның кеден ісі және кеден қызметінің түсінігі

2ҚР-ның кеден Кодексі

3ҚР кеден органдары

4ҚР дүниежүзілік Кеден Ұйымына қатысуы (1992ж)

5Кедендік юаж салығы мен тарифтері және олардың түрлері

6Тарифтік женілдіктер түсінігі. Тарифтік женілдектер түсінігі. Тарифтік жеңілдектер түрлері.Тарифтік преференциялар
Ұсынылатын әдебиет

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент. Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2007, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б.Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.


Тақырып 10. Сыртқы экономикалық шаттар (мәмілері)– 1 сағат

1СЭҚ шарттын түсінігі

2Шарттын түрлері

3СЭҚ шарттын нысаны және тәртібі

4СЭҚ шарттын мазмұны және жүйесі

5ИНКОТЕРМС-2000.


Ұсынылатын әдебиет

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент. Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2007, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б.Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.



4. Студенттердің өздік жұмысы
4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.



Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.

4.2.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары


  1. 1СЭҚ қағидаларының түсінігі және жіктелуі

  2. 2Шет ел инвесторларының кеңесі

  3. 3СЭҚ операцияларында тауар биржаларын пайдалау

  4. Шет ел инвестицияларының құқықтық режимі

  5. Шет елдің қатысумен кәсіпорындарды тіркеу

  6. ҚР арнайы экономикалық аймақтарды құру тарифы

  7. ҚР валюталық реттеу жөніндегі заңнамасы

  8. ҚР көлік заңнамасың түсінігі

  9. ҚР бүкіләлемдік кеден ұйымына қатысуы

  10. Тауарларды халықаралық сату сатып алу

  11. Сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі нысандары

  12. СЭҚ-ты басқарудағы ҚР Үкіметінің құзыреті

  13. Сату сатып алу шарты

  14. Инвестиция және капитал салу түсініктерінің сәйкестігі

  15. Шет елдің қатысуымен кәсіпорвының түсінігі

  16. Шет ел мемлекеттерінің тәжірибесіндегі арнайы экономикалық аймақтар

  17. валюталық реттеу органдары

  18. Халықаралық көлік келісімдері

  19. Кедендік баждар және төлемдер

  20. Арбитраждық ережелер және жергілікті заңнама





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет